0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

НӘЖІСТІҢ ИІСІНЕ УЛАНЫП ОТЫРМЫЗ!

«Нәжістің үстінде отырмыз.» Шымкентте жалдамалы пәтерлі болған тұрғындардан бес жылдан бері маза қашқан. Жылдап күтіп қолдары әрең жеткен баспаналарының сыйқына көңілдері мүлдем толмайды. Қыс бойына үйлерінің төбесінен су өтсе, енді міне күн жылығанда нәжістің сасық исіне көнуге тура келіп тұр. Ал, ашынған жұрт жауаптылардың есігін қаққанымен, ешқандай көмек жоқ дейді. Тек, құрғақ уәдеге тойып шығамыз дегенді жасырмайды.

Подробнее...

ӨЗЕН ЖЕКЕНІҢ ҚОЛЫНА ӨТІП, БАЛЫҚТАР ҚЫРЫЛДЫ

Өзен жекенің қолына өткелі, өңірде өлген балықтар көбейді. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар қаласының тұрғындары дабыл қағып жатыр. Жағалаудан 800 метрдей жерде жалпы салмағы 450 келіге тартатын өлі балықтар табылыпты. Жергілікті жұрттың айтуынша, өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп, орталық бөліктерінде су тереңдігі 80 сантиметрге әрең жетеді. Болжам бойынша, балықтың қырылуына су қоймасындағы таяз жерлердің қатуы себеп болуы мүмкін.

Подробнее...

ЕКПЕ САЛҒАНДАР 700 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

Елімізде вакцина салдырғандар саны 700 мыңға таяды. Оның 120 мыңға жуығы екпенің екінші дозасын қабылдағандар. Мамандар вирусқа қарсы иммунитет екі жылға дейін жетеді деп болжауда. Осы күндері Алматы мен Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарында арнайы орындар ашылып, екпе салдырғандар қатары күрт көбейді. Мамандар тұрғындарды таңғы сағат 10-нан кешкі 22:00 аралығында қабылдайды.

Подробнее...

БАЗАР САУДАГЕРЛЕРІ: ЖАБАЙЫ САУДА НАНЫМЫЗДАН АЙЫРДЫ

Ақтөбедегі базар саудагерлері шу шығарды. Олар көшеде жеміс-жидек сатып отырғандарға шенеуніктер неге шара қолданбайтынына наразы. Солардың кесірінен сауда орнының ішінде отырған біздің саудамыз жүрмей қалды деп отыр. Саудагерлер айтқандай, шынымен көшеде тұрғандардың «көкесі» бар ма? Тараптардың тартысы немен тынды?

Подробнее...

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУҒА 17 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНБЕК

Күнделікті өмірде балаңызға азық-түліктің қалай дайындалатынын, оның қалдығын қайда тастау қажеттігін түсіндіріп отырасыз ба? Елордалық балабақшаның меңгерушісі осындай танымдық ойыншық ойлап шығарды. 2-ден 8 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді дамытуға арналған отандық тауар денсаулығында кінәраты бар ерекше балаларға да пайдалы.

Подробнее...

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНШЫҚ ОЙЛАП ШЫҒАРДЫ

Күнделікті өмірде балаңызға азық-түліктің қалай дайындалатынын, оның қалдығын қайда тастау қажеттігін түсіндіріп отырасыз ба? Елордалық балабақшаның меңгерушісі осындай танымдық ойыншық ойлап шығарды. 2-ден 8 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді дамытуға арналған отандық тауар денсаулығында кінәраты бар ерекше балаларға да пайдалы.

Подробнее...

СОТ ШЕШІМІ 6 ЖЫЛ БҰРЫН ШЫҚҚАН: ЖЕРІМІЗ ҚАЙДА?

Алматы облысының тұрғындары өздеріне тиесілі жер телімін алты жылдан бері даулап келеді. Шағын аумақ мал өсіру зауытының қызметкерлеріне үлеске беріліпті. Алайда аудан басшылығы соттың шешімі шықса да оны бермей келеді деп ашынуда.

Подробнее...

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ІТ МАМАНДАРЫНА СҰРАНЫС АРТАДЫ

Алдағы 10-15 жылда цифрландыру, ақпараттық технологиялар саласы жоғары сұраныста болмақ. Алайда біздің жастар оған дайын емес. Себебі жеткіншектер керісінше «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүретін блогер, вайнер, ютубер болуды армандайды. Неге? Қай мамандықтың жалақысы жоғары болмақ. Оқушылар нені білген дұрыс?

Подробнее...

ЕЛІМІЗДЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар үшін арнайы демалыс берілмейді. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, егер адам екпе алған жағдайда өзін жайсыз сезінсе учаскелік дәрігеріне қаралып, еңбекке жарамсыздық қағазын алуға болады. Одан бөлек, бүгінгі брифингте еліміздегі жұмыссыздық жайы да сөз болды.

Подробнее...

ТАСҚЫН БАСТАЛҒАНЫ 46 ҮЙ СУ АСТЫНДА ҚАЛҒАН

Елімізде тасқын қаупі төнген сәттен бері барлығы 46 үйді су басқан. Әсіресе, қызыл су Қостанай мен Ақмола облысы тұрғындарын әбігерге салған. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин аталмыш аймақтағы баспаналарға кірген судың деңгейі 10-15 сантиметрге дейін жеткенін айтады. Бас құтқарушы бірнеше аймақта әлі осындай қауіп бар екенін жасырмайды.

Подробнее...
X