0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

АҚТӨБЕ ІРГЕСІНДЕГІ 6 АЙ БҰРЫН ТӨСЕЛГЕН АСФАЛЬТ ОПЫРЫЛЫП ЖАТЫР

«Анда барам жоқ, жоқ, мында барам жоқ, жоқ!» Бұл біздің жолдарымызға айтылған өлең жолдары сияқты. Әрі ол барлық аймаққа тән проблема. Көктем шықса болды, шағым айтатындар көбейеді. Жыл сайын жөндеуге бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалатынын мемлекет басшысы да айтты. Сыннан нәтиже шықты ма? Алты ай бұрын салынған асфальт опырылса, оны кім жөндейді?

Подробнее...

ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП, КІТАП ҰТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

Кітапсүйер қауым үшін жағымды жаңалық. Бүгін Талдықорғанда «Жетісу – оқырмандар мекені» вендинг аппараттары іске қосылды. Онда кез келген викториналық сұрақтарға жауап беріп, қалаған кітабыңды тегін ұтып алуға болады. Осылайша, Алматы облысы әкімдігі оқырмандар мәртебесін қалыптастыруды көздеп отыр. Мұндай игі бастаманың әзірге ТМД елдерінде баламасы жоқ екен. Сондықтан, облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жобаны одан әрі дамытпақ …

Подробнее...

20 ЖЫЛ ТҰРҒАН БАСПАНАМЫЗДАН ҚУЫП ЖАТЫР

Семейліктер Президенттен көмек сұрайды. Қаланың сол жағалауындағы жатақхана тұрғындары жақында далада қалуымыз мүмкін дейді. Өйткені 4 жылдан бері белгісіз жан олардың заңды үйлерінен қуып әлек. Ол сондай-ақ соңғы уақытта тұрғындарды ай сайын жалға алу ақшасын төлеңдер деп қыспаққа алыпты.

Подробнее...

ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ СЕНАТҚА ЖІБЕРІЛДІ

Жер шетелдіктерге сатылмайды! Мәжіліс бүгін соңғы уақытта қоғамның қызу талқысына түскен тақырыпқа қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді. Құжатты дайындау барысында Мемлекет басшысының заңнамалық бастамалары негізге алыныпты. Бұл заң жобасының негізгі мақсаты, шетелдік жер пайдаланушыларына және ауыл шаруашылық жерлерін жеке мақсатта пайдаланып жүрген қандастарымызға құқық беруге тыйым салу. Заң жобасы бұған дейін палатаның бірінші оқылымында 7 сәуірде …

Подробнее...

КОВИДТЕН ЕМДЕУ ХАТТАМАСЫ ЖАҢАРДЫ

Тәуелсіз сарапшылар қазіргі Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын 3-ке бағалап отыр. Жаздағы жағдайдан сабақ алды ма, әлде тәжірибе жинақтады ма, кім білсін, жауаптылар үшінші толқынға құрал-саймандарын сақадай сайлап, әбден әзірленді. 1 сәуірден бастап емдеу протоколы да жаңарды. Осыған дейін қырық құбылған құжатқа бұл жолы қандай өзгеріс енді? Індетке екінші рет шалдыққан адамдарға жаңа хаттама жарай ма? Әйтпесе, шетелдік дәрігерлердің біздегі емдеу …

Подробнее...

БАЙЛАР БАЙЫҒАН ҮСТІНЕ БАЙЫП, КЕДЕЙЛЕР КЕДЕЙЛЕНЕ ТҮСТІ

Пандемия кезінде елімізде байлардың саны көбейген. Жылжымайтын мүлік саудасын қадағалайтын сараптама орталығы осындай қорытынды шығарды. Ақпаратқа сәйкес, дәулетті адамдардың саны былтыр бізде 33 пайызға артыпты. Тіпті бұл рейтингте АҚШ пен Ресейдің алдын орап кетіппіз. Айтпақшы, кедейлері көбейген елдер арасында да алдыңғы орынды бермей тұр екенбіз.

Подробнее...

ЕЛОРДА: ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕГІЛЕР ЖҰМЫС СҰРАП ОТЫР

Елордадағы түзету мекемелерінде жазасын өтеушілер мерзімінен бұрын босау немесе жазасын жеңілдету сияқты мүмкіндіктерден айырылуы ықтимал. Өйткені қылмыскерлер жеке тұлғалар мен мемлекетке 2,5 миллиард теңге көлемде қаржы берешек. Ал, сотталғандар осы қарыздарын өтеу үшін жұмыс істеуі тиіс. Алайда, дәл осы нәпақа мәселесі бас қаладағы түрмелерде бір жолға қойылмаған.

Подробнее...

БҰЛ ОРАЗА БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕРЕК

Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін 12 айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Екінші жыл қатарынан тарауық намазы жамағатпен оқылмай, ауызашарға да ағайын-туыстың басын қосуға рұқсат жоқ. Алайда биыл былтырғыдай қатал тәртіп әр аймақта сақталмаған екен. Кей өңірлер үшін шектеулер жұмсарыпты. Ораза айының өзге ерекшелері қандай?

Подробнее...

ЗЕЙНЕТҚОРДАН 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БЕРІЛДІ

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін қажеттілігіне жұмсап үлгерді. Нақтырақ айтсақ, қарттыққа деп сақталатын ақшаның белгілі пайызын алуға құқылы отандастарымызға заң күшіне енгелі 1 трлн теңгеден астам қаржы берілген. Бұл соманы салымшылар баспана мәселесін шешуге, ипотеканы жабуға жұмсаған. Жыл соңына дейін, әлі жинақтаушы қордан 550 мыңға жуық адам өз қаржысының бір бөлігін жаратуға мүмкіндік алмақ.

Подробнее...

«ҰМАЙ» ИПОТЕКАСЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒА МА?

Ұмай ипотекасы бұрымдыларға ұнай ма? Елімізде 12 сәуірден бастап іскер әйелдерге арналған жаңа бағдарлама басталды. Оған нақты кімдер қатыса алады? Жалғызбасты, декретте отырған аналарға бағдарламадан баспана бұйыра ма?

Подробнее...
X