2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

ЖАС СПОРТШЫНЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

Тәуелсіздіктің отандық спортқа берген мүмкіндігі көп. 30 жылдың ішінде талай саңлақ биік белестерді бағындырып, өзінің қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді. Солардың бірі — Нариман Құрбанов. 20-дан асқан жас чемпион гимнастика өнеріне өзінің жаңа тәсілдерін қосып, таңқалдыруда.

Подробнее...

ТАНЫСЫ АЛМАТЫЛЫҚ ӘЙЕЛДІ 200 МЛН ТЕҢГЕСІНЕН АЙЫРҒАН

Бір күнде бар жиған-тергенін айрылды. Алматылық Алтынай Үсенованы жақын танысы алдап, екі жүз миллион теңгеден астам қаржысынан айырған. Енді далада қалған ол мемлекет басшысынан араша сұрап отыр. Өйткені тергеу амалдары сыйырқұйымшақтанып кете ма деп алаңдайды. Оған себеп те жоқ емес. Күдіктінің әкесі лауазымды тұлға екен.

Подробнее...

ӨҢІРЛЕРДЕ ЕКПЕ САЛАТЫН ОРЫНДАР АШЫЛДЫ

«Өлімнен ұят күшті». Елде ковидке қарсы екпенің кері әсерінен емес, препаратты қабылдаған соң, ел-жұрттың айтатын теріс пікірінен қорқатындар көп екен. Ақ халаттылар вирусқа қарсы вакцина салдыруға келетіндердің көбін осындай ой мазалайтынын байқапты. Дегенмен, екпе салдыруға ниетті халықтың қарасы қалың. Өңір-өңірдегі егу кабинеттерінің алды толған кезек. Сонымен еліміздегі вакцинация науқаны қалай жүріп жатыр? Жалпы елдегі эпидахуал қандай?

Подробнее...

100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫС ОРНЫНА ЖЕТЕ АЛМАЙ ҚАЛДЫ

Шымкентте бір кәсіпкердің кесірінен 100-ге жуық қызметкер жұмыс орындарына жете алмай әлек. Нысан иесі кәсіпорынның қақ ортасынан өтетін жолды кіреберіс тұсынан бетондап жауып тастап, ешкімді өткізбей қойған. Салдарынан дайын өнімдерін сыртқа шығара алмай жүрген кәсіпкерлер бұлай жалғаса беретін болса белшеден қарызға батамыз деп отыр. Ал, шенеуніктерден көмек сұрағанымен, олардан да қайыр болмапты.

Подробнее...

ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА ҮЙ МЕН ЖЕРДІ ТЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРДІ

Әрекетке – берекет! Осыдан екі ай бұрын аядай ғана саяжайды паналап, оны жылыжайға айналдырған жалғызбасты ана жайлы репортаж дайындаған едік. Іскер әйелдің еңбекқорлығына тәнті болған елордалық кәсіпкер оған өз қожалығынан жер мен үй беретінін хабарлады. Бастысы бизнесін дөңгелетсе болды.

Подробнее...

ЖЫЛ САЙЫН ОСЫ: ЕРІГЕН ҚАР СУЫ ЖҰРТТЫ ӘУРЕГЕ САЛДЫ

Өткен демалыста еріген қар суы еліміздің біраз өңірін әуреге салды. Шығыс Қазақстанда тұрғындардың үй-жайы қызыл судың астында қалып, өздері жан-жаққа тентіреп кеткен. Ал Қостанай облысында еріген қар суы негізгі күре жолдардың бірін жырып кетті. Салдарынан оңтүстік аудандармен байланыс бірнеше тәулікке тоқтаған. Төтеншеліктер негізгі қауіп сейілді дегенмен, бір ғана өңір қауіп құрсауында қалып отыр екен.

Подробнее...

БЕТОН ПЛИТА ҚҰЛАП, 16 ЖАСТАҒЫ СТУДЕНТ МЕРТ БОЛДЫ

Ақмола облысында 16 жастағы студент мерт болды. Оның үстіне, көкөніс қоймасының бетон плитасы құлап кетіп, ол ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Қайғылы оқиға Есіл қаласының №7 Агротехникалық колледж аумағынан тыс жерде орналасқан қоймада болған. Марқұм сол колледждің 1-курсында оқыған екен. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Подробнее...

ҚҰБЫР ЖАРЫЛЫП, КӨЛІК ТҰРАҒЫН НӘЖІС ПЕН ЛАЙ БАСҚАН

Елордада 400 пәтерлі «Ишим» тұрғын-үй кешенінің автотұрағын кәріз суы басты. Орталықтандырылған құбыр түннің бір уағында жарылып, бірнеше сағат бойы нәжіс пен лай көлік тұратын орынға төгілген. Тұрғындар арнайы қызметті шақырғанымен, олар кешеуілдеген соң, 2,5 сағатта өз күштерімен апатты тоқтатқан. Сондай-ақ олар бұл мәселені шенділер шешудің орнына жылдар бойы түрлі сылтаумен жылы жауып келеді, дейді.

Подробнее...

ЕЛОРДА ІРГЕСІНДЕГІ ЖҰРТ ҮШ КҮННЕН БЕРІ АУЫЗСУСЫЗ ОТЫР

Жауаптылар осылай қол қусырып отырса, тұрғындармен жиналып жол жабамыз! Айналасын қар суы басқан бас қала жұрты ауыз суына жарымай отыр. 3 күннен бері тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар қарапайым қажеттіліктің өзін өтеуден қалдық дейді. Ауызға тамызар су таппай, сандалып қалған халықтың базынасын әріптесім тыңдап қайтты.

Подробнее...

АДАМЗАТТЫҢ ҒАРЫШТЫ БАҒЫНДЫРҒАНЫНА – 60 ЖЫЛ

Биыл адамзаттың ғарышты бағындырғанына – 60 жыл! Осы айтулы датаға орай, «Байқоңыр» ғарыш айлағында Юрий Гагариннің есімі берілген «Союз МС-18» кемесі ұшырылды. Экипаж мүшелері пандемияға қарамастан, жатпай-тұрмай еңбектеніп, дайындықтарын пысықтаған. Ал, маңызды шараға ел премьері мен бірқатар лауазымды тұлғалар арнайы барды.

Подробнее...
X