Ақтөбенің табиғат жанашырлары дабыл қақты. Олар су қоймасының маңын қазып жатқандардың жұмысына қарсы. Егер уақытында тоқтатпаса, өзен-көлдің орнын сипап, қара шаңға көміліп қаламыз дейді. Белсенділердің жанайқайын аңшылар мен балықшылар қауымдастығы өкілдері де қостады.
Подробнее...Новости
ЕЛІМІЗДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНА МА?
Елімізде жасанды интеллекттің кейбір түріне тыйым салынуы мүмкін. Бүгін мәжілісмендер жаңа технологияның қоғамға берер пайдасы мен одан келер қауіп түрлерін қаузады. Тіпті отырыс барысында депуттар чатджп-ден көмек сұрап, өлең оқыпты.
Подробнее...АЛМАТЫЛЫҚТАР БАТЫРЛАРҒА ТАҒЗЫМ ЖАСАДЫ
Жеңістің 80 жылдығын алматылықтар да дүркіретіп тойлады. Соғыс ардагерлері мен олардың ұрпағы мәңгілік алауға гүл қойып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Подробнее...ЖҮРЕКТІ «ЖЫЛАТҚАН» МЮЗИКЛ!
Әлия мен Ажал «кездесті». Аты аңызға айналған Әлия Молдағұлова туралы мюзикл бұған дейін сахналаған дүниелерден өзгеше. Қойылым батыр қыздың 100 жылдық мерейтойына орайластырылыпты.
Подробнее...ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ
Қан майданда ерлікпен көз жұмған ерлер аз болған жоқ. Бұл ретте қаһарман-ұшқыш Нұркен Әбдіровтың батылдығы көпке үлгі. Қасық қанын сарп етіп, әуеде жаумен арпалысқан азаматты отандастарымызбен қатар көршілес елдер де мақтан тұтады.
Подробнее...ӘЛИЯНЫҢ АНИМЕ БЕЙНЕСІ
Әлия туралы ән бар. Батыр қыздың ерлігі кинокартинаға да арқау болды. Шығармалар да жазылды, Солардың қатары енді ақтөбелік студенттің комиксімен толықты. Әлияның аниме бейнесі қандай? Жасанды интеллект ол туралы біле ме?
Подробнее...КӨКСАРАЙ ХАЛҚЫ ҚУАНЫП ҚАЛДЫ
Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына арналған саябақ ашылды. Аумағы 20 сотық демалыс орнына түрлі ағаш егілген. Сонымен қатар ескерткіш-мемориалды тақталарға әр жылдары Көксарай ауылынан шыққан, елге еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі өмір жолы жазылған.
Подробнее...ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІМІЗДІҢ ӘЛЕУЕТІ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған салтанатты іс шарада Қазақстан армиясының бүгінгі күш айбыны таныстырылды. Президент теле-радио-кешені ұшақтардың ішіне дейін камера орнатып, көк жәшікке керемет картиналар беріп отырды
Подробнее...ШЫМКЕНТТІҢ ШЕТІНДЕГІ ШУ
Не ексең соны орасың дейді халқымыз. Бірақ Шымкенттегі шаруалар бидай ексек те қоқыс оратын болдық деп шыр-пыр болып жүр. Шаһар іргесінде мал бағып, дән сіңірген шаруалар бас көтерді. Талай жылдан бері егін жинап пайда көріп отырған жерлері полигонға айналып кетіпті. Шымқала жақтан шыққан шудың шеті бізге де жетті.
Подробнее...ОНЛАЙН НЕСИЕНІҢ ТОРЫНА ТҮСКЕНДЕР
Кредиті жоқ қазақтар қол көтерсінші. Бірен-саран шығар? Бүгінде несие алмай өмір сүру қиын. Бірақ банктер осы бейшараға жақсылық жасайыншы деп жарылқап берді дейсіз бе? Жарылқаса да, ертең желкеңізден шығарып алу үшін берді. Қарызды қайтару парыз ғой, бірақ пайыздың жанында парызың ойнамай қалады. Ойланбастан оңай көріп ала салған ақша біраз адамның тағдырын талқандап тастады.
Подробнее...






