3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЕГІЗ АУЫЛ СУСЫЗ ҚАЛҒАЛЫ ОТЫР

Түркістан облысында бүтін сегіз ауыл сусыз қалуы мүмкін. Оған басты себеп, карьердің тоқтаусыз жұмыс істеуі дейді сол маңдалғылар. Осылай деп шу шығарған жергілікті тұрғындар онсызда суарламалы суды ұмытқанымыз қай заман деп отыр. Тіпті, дәл осылай жалғаса беретін болса, алдағы 5-6 жылдың көлемінде ауыз судың өзіне зар болып қаламыз ба қорқады.

Подробнее...

САЙЛАУ ӨТТІ, УӘДЕ БЕРГІШ ПАРТИЯЛАР ҚАЙДА?

Саяси науқан алдында сеңдей соғысып жүрген партиялар көрінбей кетті. Халықтың дауысы қажет кезде құрдай жорғалап, сайлаудан соң қарасы бататын кандидаттар қазір қайда жүр? Әлде олар саяси доданың сәнін келтіру үшін сәндидат ретінде қатысты ма? Тілшілеріміз партияларға хабарласып, немен айналысып жүргендерін білді. «Ауыл» партиясынан өзгесі кері байланысқа шыққан екен.

Подробнее...

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚОС АУЫЛДЫ ҚҰМ БАСЫП ЖАТЫР

Маңғыстау облысында екі бірдей ауылға құм көшкінінің астында қалу қаупі төніп тұр. Жұрт жандарын шүберекке түйіп, күні-түні үрейленіп отыр. Тіпті, қоныстарын тастап, басқа елді мекенге көшіп кеткендері де бар. Ал, аудан орталығындағы атқамінерлер бұл мәселемен таныс. Алайда, шенеуніктер құм көшкінін тоқтатуға әзірге асықпайтын сыңайлы.

Подробнее...

ҮЙДІҢ ІШІН БІР САҒАТТА СУ БАСЫП КЕТТІ

Арқаның аязы азуын енді босатып еді, ауылдар бірінен соң бірі су астында қалып жатыр. Ақмола облысындағы Қоянды ауылын қызыл су басты. Көшедегі жайды айтпағанда, тұрғындардың үйдегі жиһаздары көгеріп, техниканың бәрі күйіп кеткен екен. Енді жылдағы қатесінен сабақ алмайтын шенділерге ашуланған Қоянды халқы тіпті қайда барып тұрарын да білмейді.

Подробнее...

ОПЫРЫЛЫП ЖАТЫР: ТАУ БӨКТЕРІН МЕКЕНДЕГЕН ХАЛЫҚТАН МАЗА КЕТТІ

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Медеу ауданының тау бөктеріндегі сырғыма жыл өткен сайын жер үйлердің қоршауына жақындап келеді екен. Ал бір шеті кәдімгідей құзға айналған. Бұған тұрғындар қатты алаңдаулы. Бұл жолмен көліктерден бөлек, мектепке баратын балалар да жүреді екен. Ал бұған дейін бірнеше адам құлап, темір тұлпар түсіп кетті дегендер әкімдіктің ешқандай шара қолданбай жатқанына ашулы. Күнін қауіппен өткізіп …

Подробнее...

90 ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ИЕЛІГІНДЕ

Қазақстандағы 92 мың гектардан астам жер шетелдіктердің иелігінде. Олар оны 2025 жылға дейні жалға алыпты. Бұл жайлы Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында белгілі болды. Бұл мәліметтерді Төменгі палата депутаттарына жерге қатысты заңға енгізілген өзгерістерді таныстырған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров келтірді. Бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қоғаған бұл жерлер қайта мемлектеке қайтарыла ма? Ал Қазақстан азаматтары жекеменшікке алып, пайдаланып отырған ауылшаруашылығы …

Подробнее...

2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САПАСЫЗ ЖОЛ БОЛМАЙДЫ

Алдағы төрт жылда Алматы облысында сапалы жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді. Өткен жылы 500 шақырымнан астам жол жөнделсе, биыл 300 шақырым жолды асфальттау жоспарланған. Осылайша 2025 жылға қарай өңірде сапасыз жолдар мүлдем болмайды.

Подробнее...

ЕЛОРДА ІРГЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚ ТІЗЕДЕН СУ КЕШІП ЖҮР

Бас қала іргесіндегі Қаражар ауылы еріген қар суының астында қалды. Жыл сайын қайталанатын проблема биыл да шешімін таппаған. Тұрғындардың жүріс-тұрысы қиындап, балаларын мектепке тіпті арқалап апарып жүрміз дейді. Тілшілеріміз ауыл азаматтарының шағымын тыңдап қайтты.

Подробнее...

ҚОЙ, СИЫРДЫҢ ТЕЗЕГІ, БҰҚТЫРЫЛҒАН ЕТ: ПАРАНЫҢ ТҮР-ТҮРІН АЛУДА

Ақжағалылар ауызбастырыққа ақшадан басқа не алып жүр? Соңғы факті Шымкентте тіркелді. Сәулет және құрылыс басқармасының бөлім басшысы құжатқа қол қою үшін пара ретінде 30 ұсақ бас мал алған. Жемқорлардың жемсауы бұған дейін көлік, балық, мүлік, тіпті сиырдың тезегімен де толыққан болатын.

Подробнее...

КӨЛІК ТІРКЕУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ДАУ

Алматыда автокөлік алған тұрғындарға «сақтандыру бойынша көмектесеміз» деп, халыққа қызмет көрсету орталығын жағалап жүргендер мен күзетшілердің арасында жанжал туындады. Ұзақ уақыттан бері жалға алатын орын болмағасын осылай жан бағып жүрміз дегендер амалдарының жоқтығын алға тартты. Ал, қызмет көрсету орталығының мамандары олар ісімізге кедергі келтірді, дейді. Тіпті, Алатау ауданының әкімдігі де бұл мәселені жөнге сала алмаған сыңайлы. Кім кінәлі?

Подробнее...
X