2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «СПУТНИК-V» ЕКПЕСІН САЛДЫРДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев «Спутник-V» екпесін салдырды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының жағдайы қалыпты, ешқандай әсер болмағанын атап өтті. Ал, елордада коронавирусқа қарсы екпе алуға ниеттілерді тіркеу басталды. Қала әкімдігі апта соңына қарай жаппай вакцинациялау науқаны басталады, дейді. Алтай Көлгіновтың сөзінше, 600 мың адам вакцина алуы тиіс. Сондай-ақ, екпе ем-дом орындарынан бөлек, қонақ үйлер мен ойын-сауық орталықтарында да салынбақ.

Подробнее...

ТАСЫП ІШІП ОТЫРҒАН СУЫМЫЗ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН

Бұлақ басында отырып, бір тамшы суға зәруміз. Тараздағы «Лето» тұтынушылар кооперативінің мүшелері осындай шағыммен арнамызға хабарласты. Бұрын ауласындағы құдықтан су ішіп келген ел қазір тіршілік нәрінен тіптен тарылған. Оған себеп жер асты сулары мөлшерінің төмендеп кетуі. Ал дәл сол аймақта облыс орталығын ауыз сумен қамтып отырған су жинағыш стансасы орналасқан. Алайда, ондағы суды пайдалану денсаулыққа қауіпті дейді мамандар. Тіршілік нәріне …

Подробнее...

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БЕКЕТІНДЕГІ ЖҮРГІЗІШІЛЕР НАРАЗЫЛЫҒЫ

Наразы жүргізушілер «Нұр жолы» өткізу бекетіне апаратын жолды жауып тастады. Егер мәселе шешім таппайтын болса, жолды мұлдем ашпаймыз деп отыр. Ал еліміздің қаржы министрлігі өкілдері шектеу енгізген Қытай тарапы, күніне санаулы көліктердің ғана кіріп-шығуына рұқсат етті дейді. Қайтпек керек?

Подробнее...

ИНТЕРНЕТ ІЗДЕГЕН ОҚУШЫЛАР КӨПІР ЖАҒАЛАП ЖҮР

Жамбыл облысының Қостөбе ауылындағы оқушылар онлайн оқимыз деп көпір жағалап кетті. Себебі, интернет сол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасында ғана жақсы ұстайтын көрінеді. Көлігі бар тұрғындар балаларды ауылдан 3 шақырым жерге тасып, жыл бойы амалдап келіпті. Төзімі таусылған азаматтар жергілікті биліктен көмек сұрай шаршадық дейді. Себебі, қанша шағымданса да шенділердің қимылдайтын түрі жоқ.

Подробнее...

ЖОЛ АПАТЫНАН ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, ТОҒЫЗ АДАМ ЖАРАЛАНДЫ

Жантүршігерлік жол апаты. Алматы облысында қатты жылдамдықпен келе жатқан Лексус автокөлігі төрт бірдей көлікті соғып үш адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуы бойынша, қатты соққыдан кейін жапон көлігі үш-төрт метрге дейін биікке көтерілген. Жол көлік оқиғасы бойынша тоғыз адам зардап шеккен екен. Олардың жағдайлары қалай?

Подробнее...

«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТАҒЫ» АЛМАТЫДА ТЫҒЫЛЫП ТОЙ ӨТКІЗІП ЖАТЫР

Алматы елдегі вирустың таралуы бойынша антикөшті бастап тұрғанына бір аптаның жүзі болды. Бірақ, соған қарамастан шаһарда тығылып той өткізу деректері тыйылмай тұр. Тәртіп бұзғандардың арасында, елдің аузында, көптің назарында жүргендер де бар. Әрине, бұл хабарды жар салып, сүйінші сұрағандай болмайық, дегенмен жағдай былай жалғаса берсе, қатаң карантиннің ауылы да алыс болмасы анық.

Подробнее...

ЕЛОРДА ІРГЕСІНДЕГІ АУЫЛДА ЖАРЫҚ ПЕН СУ ЖОҚ

Өркениеттен жұрдай ауыл. Елордаға таяқ тастам жердегі Жібек Жолы елді мекенінің халқы өздерін ұмыт қалдырған жергілікті билікке өкпелі. Себебі, 21 ғасырда аулаларында ішейін десе су жоқ, жүрейін десе жол жоқ. Тіпті, одан қалды бірқатар үйлерге әлі күнге дейін электр желілері тартылмаған. Оған көктем келсе еріп, әбден әбігерге салатын қарды қосыңыз. Шенділердің әрекетін күте-күте шаршаған тұрғындардың шағымын әріптесім тыңдап келді.

Подробнее...

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕР ЖЕРЛЕСТЕРІН ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУДАН АМАН АЛЫП ҚАЛЫП ЖҮР

Шымкенттік дәрігер онкологиялық аурудың алдын алып, жерлестерін қатерлі дерттен аман алып қалуда. Осы күнге дейін 20 мыңнан аса операция жасаған ақ халатты жан науқастарды ауруханаға жатқызбай-ақ, амбулаториялық жағдайда емдей береді. 30 жылдыққа арналған «Тәуелсіздік» айдарының кезекті материалын отандық медицина мамандарының ерекше еңбегіне арнағанды жөн көрдік.

Подробнее...

ПРЕЗИДЕНТ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Пандемия басталғалы 16 мыңнан астам бизнестің жұмысы тұралап тұр. Елдегі вирустық ахуал өрши түссе шағын және орта кәсіптің жайы бұрынғыдан да ақсай түсе ме деген қауіп бар. Осы орайда Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдау үшін Үкіметке тапсырманы үйіп төкті. Бизнес тағы қандай жеңілдіктерге ие болмақ? Салық пен несиеден босатыла ма?

Подробнее...

ЖОЛ БЕЛГІСІ ДҰРЫС ҚОЙЫЛМАЙ, БҮТІН БІР ОТБАСЫ АПАТҚА ҰШЫРАҒАН

«Тергеу сағызша созылып кетті». Елорда тұрғыны арнамызға осындай шағымын айтты. Ол жолға жауапты мамандардың салғырттығынан жол апатына ұшырап, бір өлімнен аман қалыпты. Бірақ, отбасы мүшелерінің барлығы жарақат алып, әйелі төсек тартып жатыр екен. Енді, тәртіп сақшылары кінәлілерді іздеп жатқанда, жарақат алған отағасы дәрі алу үшін жұмыс істеуге мәжбүр.

Подробнее...
X