Бүгін Алексей Цойдың туған күні! Денсаулық сақтау министрі 44-ке келіп жатыр. Әдетте әр адам жеке мерекесін іштей болса да атап өтеді, жылы лебіздер мен құттықтаулар күтеді. Бірақ, еліміздің бас дәрігеріне төл мерекесін тойлауға мұршасы жоқ. Өйткені елде індет өршіді, осы үшін кеше Президенттен сын да естіді. Қасым-Жомарт Тоқаев «жағдайымыз мәз емес» деп, оны үкіметтегілер реттемесе, отставкаға жіберемін деген еді.
Подробнее...Новости
ҮЙІМІЗ ТҮБІНЕН ҚАЗЫЛҒАН ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАП КЕТУІ МҮМКІН
Кез келген уақытта үйіміз шұңқырға құлауы мүмкін. Алматыдағы көппәтерлі үй тұрғындары дабыл қағуда. Себебі үйдің төменгі жағындағы жер теліміне белгісіз біреулер құрылыс бастаған. Ал мамандары қиғаш жерге ұй салуға болмайтынын айтады.
Подробнее...35 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НӘПАҚА ІЗДЕП, КОРЕЯ ТҮБЕГІНЕ АТТАНҒАН
Оңтүстік Кореяға кеткен қазақстандықтардың саны 35 мыңнан асты. Оның 12 мыңға жуығы Корей түбегінде заңсыз жалданып, нәпақасын тауып жүр. Еңбек мигранттарының басым бөлігін еліміздің оңтүстігінен барғандар құрайды екен. Тұрғындардың шет ел асып жатқанына депутаттар да алаңдаушылық білдірді. Халық қалаулылары, екі ел Үкіметі еңбек визасының мәселесін бірлесіп шешу қажет деп санайды.
Подробнее...ТӨБЕНІҢ СЫЛАҚТАРЫ ҮСТІМІЗГЕ ҚҰЛАЙДЫ, ҚОРҚЫП ЖҮРЕМІЗ
Төбемізге сылақ түсіп, күндіз мазамызды, түнде ұйқымызды қашырды. Арнамыздың тілшілеріне осылай деп мұңын шаққан Текелі қаласының тұрғындары былтыр алған жаңа үйлерінің сапасына сын айтуда. Оның үстіне, балаларының қауіпсіздігіне де алаңдап отыр. Өйткені, 40 пәтерлі баспана көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандарға берілген. Сондықтан, қайта жөндеу жүргізуге көбісінің шамасы жетпейді.
Подробнее...ДИПЛОМ АЛУЫНА ЕКІ АЙ ҚАЛҒАН СТУДЕНТТЕР ОҚУ ОРНЫН ЖАППАУДЫ СҰРАЙДЫ
Біз неге басқа мамандықты таңдауымыз керек? Алматыда бас лицензиясынан айырылған академия студенттері шу шығарды. Олар оқу орнының жабылуына түбегейлі қарсы болып, Президенттің атына үндеу жолдаған. Араларында диплом алуына екі ай қалған қыз-жігіттер де бар. Амалы таусылған жандар енді төрт жылдық білімдерін растайтын құжатты қайдан аларын білмей дал? Ал өзгелері бұл мамандықтан кеткісі жоқ.
Подробнее...ЖҮРГІЗУШІ: КӨЛІК ТҰРАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПЫШАҚ ШЫҒАРДЫ, МЕН БАСПЕН ҰРДЫМ
Алматы облысында базарға барған ерлі-зайыпты «Автотұрақ бақылаушылары ұрып-соғып, темір тұлпарға зиян келтірді» деп, әлеуметтік желіге салған болатын. Кейіннен көліктегі бейнежазба шығып, көпшілік ең бірінші жүргізушінің өзі боқтық сөз айтты деп кінәлаған болатын.
Подробнее...БИЛІКТЕГІ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІҢ ОРНЫН БАСАТЫН ЖАСТАР ҚАЙДА?
Ахметжан Есімов биліктен кетті. Ендігі кезек кімдікі? Елімізде жасы жетпісті алқымдаса да, жауапты қызметте отырған шенеуніктер бар. Ерте ме, кеш пе, олар да жылы орнын босатары анық. Бірақ саясаттанушылар басқа мәселеге алаңдаулы. Ісі де, сөзі де саптай саясаткерлердің ізін жалғайтын жастар аз екен бізде.
Подробнее...ШЕНЕУНІКТЕР МҮГЕДЕКТЕР МЕН ЖЕТІМ-ЖЕСІРГЕ ТИЕСІЛІ ПӘТЕРЛЕРДІ ИЕМДЕНГЕН
Өткен жылы еліміздегі 60-тан астам шенеунік әлеуметтік осал топтағыларға берілетін үйлер төңірегінде былыққы іліккен. Бірі көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-ана қамқорынсыз қалғандар мен соғыс ардагерлеріне тиіс баспаналарды заңсыз иемденсе, өзгесі, баспананы жақындарының атына тіркеген. Бірақ, мәжіліс депутаттары заңды айналып өткен ақжағалылар бұдан да көп дейді.
Подробнее...МАСКАДАҒЫ «ҚҰРТТАР» ҚАЙДАН ЖҮР?
Маскада «құрт» бар! Кешелі бері желідегі жұрт осылай деп дүрлігіп жатыр. Бетпердені ыстық судың буына қойып, ерінбей эксперимент жасағандар онда қара талшықтардың қозғалғанын анық көрген. Сонда қауіпті вирустан қорғайды деген маскалардың өзі қауіпті болып тұрғаны ма? Бетпердеде құттар қайдан жүр?
Подробнее...АРАЛДА ҚАЛҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ШАҒЫМЫ
Біз бөлек аралда тұрамыз. Алматы облысының тұрғындары арнамызға осылай деп жанайқайын жеткізді. Қарасай ауданына қарасты елдімекеннің әлі күнге дейін атауы да жоқ екен. Ол аздай жұртшылық жол, ауыз су, электр қуатынан әбден тарлық көрген. Ал, аудан, облыс басшылары олардың жанайқайын елемейтін көрінеді.
Подробнее...






