10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

БҰРЫНҒЫ КҮЙЕУІ ӨЛІМШІ ЕТІП САБАП, БАЛКОНҒА ШЫҒАРЫП, ҮСТІНЕН СУЫҚ СУ ҚҰЙҒАН

Бұрынғы күйеуімнен қорқамын! Аида есімді елорда тұрғыны ұлының көзінше оңдырмай, өлімші етіп сабаған бұрынғы күйеуі жайлы бар шындықты жайып салды. Бетінен тепкілеп, шашынан жұлқылағаны өз алдына, түннің бір уағында балконға шығарып, үстіне суық су құйып азаптаған кездері де болған екен. Алайда баласын қорқытып алмайын деп, көп уақыт үндемей төзуіне тура келген. Шыдамы таусылған келіншек көпшіліктен көмек сұрады. Қоғам наразылығын тудырған …

Подробнее...

«КЕШ ЖАРЫҚ, ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ!

Ел құлағын елең еткізер жаңалық. Енді Еуразия бірінші арнасында жаңа форматтағы музыкалық бағдарлама көпшілікке жол тартпақ. Әр жексенбі сайын «Кеш жарық, Қазақстан» жобасы құлақ құрышын қандырып, керемет әзілдерімен тәнті ететін болады. Бағдарлама тізгінін танымал әншілер, әртістер ұстамақ.

Подробнее...

ШАҒЫН КӘСІП ИЕЛЕРІ ЖАҢА ТАЛАПҚА НАРАЗЫ

Алматыда жеке кәсіпкерлер жаппай дүкендерін жауап тастады. Шағын сауда орындарының иелері Қаржы министрлігі енгізген пилоттық жобаға өз наразылықтарын осылай білдіруде. Карантин кезінде шықпа жаным, шықпа деп отырған азаматтар бұл талап қосымша шығын әкеледі деп отыр. Оны орындауға көбінің қалтасы көтермейді екен. Ол қандай талап екенін тілшіміз айтсын.

Подробнее...

БАХРЕЙНДЕ СЕКСУАЛДЫҚ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАНДАР ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Елімізде адам саудасы өршіп тұр. Әсіресе, жақсы жалақынының соңынан шетелге кетіп, сексуалдық құлдыққа түсетін қыз-келіншектер саны көбейген. Жақында Ішкі істер министрлігі мен Интерпол бірлесіп, еліміздің 39 азаматшасын елге қайтарды. Бахрейн Патшалығында тәнін саудалауға мәжбүр болғандардың бірімен тілшіміз сөйлесті.

Подробнее...

ЕЛДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ҮШІНШІ ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛДЫ

Еліміз қайтадан «қызыл аймаққа» таяп келеді. Бір тәулікте Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 1500-ден асты. Вирус жабысқандардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Бұл тізімнен бас қала да қалыспай келеді. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты оңтүстік шаһар әкімі шұғыл жиын өткізіп, қалада коронавирустың үшінші толқыны басталғанын ресми мәлімдеді. Республика аумағына блок бекеттер қайта қойылуы мүмкін деген ақпар рас па? Қайтадан қатаң шектеу шаралары …

Подробнее...

ПСИХОЛОГ: ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ҚЫЛМЫСҚА ӨТЕ ТҰЙЫҚ АДАМДАР БАРАДЫ

19 жастағы алматылық бойжеткенді өлтірді деп айыпталған күдікті ауруханадан шығарылды. 1993 жылғы жігіт емделіп шыққан бетте тергеу изоляторына жөнелтілген. Қылмыстық тексеру жұмыстары аяқталғанша, ол уақытша абақтыда ұсталады. Алматы қалалық прокуратурасы күдіктінің бірнеше адамның өліміне қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды. Себебі, оның тұрғылықты жерінен жәбірленуші Аяжан Еділоваға тиесілі заттар ғана табылған. Қылмыскерді қандай жаза күтіп тұр? Жалпы мұндай жауыздыққа кімдер …

Подробнее...

ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІН БӨЛШЕКТЕП, ҚАЛАНЫҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕГІ ҚОҚЫСҚА ТАСТАҒАН

19 жастағы Аяжанды өлтірген қылмыскер оның денесін бір тәулік бойы асықпай боршалаған. Әр тісін қағып алып, тырнақтарын біртіндеп кескен. Одан кейін басын бөлек қайнатып, құйқасын сылып тастаған. Тек бассүйегі қалған. Марқұм бойжеткеннің немере інісі жантүршігерлік қылмыстың жай-жапсарын ашып айтты. Оның сөзінше, полиция біраз нәрсені білмейді, я жариялағысы келмейді. Тіпті ДНҚ сараптамасыз оның Аяжан екеніне көз жеткізу де мүмкін емес екен. …

Подробнее...

МЕРЕЙТОЙҒА ТАРТУ

Ертең, яғни 27 наурыз халықаралық театр күні. 1961 жылдан дүниежүзінде тойланып келеді. Қазір еліміздегі рухани ордалар осы бір кәсіби мейрамына қызу дайындық үстінде. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас, астанадағы қазақ драма театрының 30 жылдық шығармашылығы өмірі алдағы сюжетте.

Подробнее...

415 ВОЛЬТ: ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДЕГІ ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛАР ЖАППАЙ ЖАНЫП КЕТТІ

Павлодар облысында тұрғын үйлердегі тұрмыстық техникалар жаппай жанып кеткен. Осылайша тұрғындар бір-ақ күнде бірнеше миллион шығынға батты. Тоңазытқыштағы тамақтары бұзылып, кейбірінде тіпті үйдің іші қақап кеткен. Электр желісінің жұмысы неден бұзылды? Зардап шеккендерге өтемақы төлене ме?

Подробнее...

ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАБУ ЖАЙТТАРЫ ЖИІЛЕДІ

Алматы облысы мен Ақтөбе өңірінде болған жол апттары бірден 7 адамның өмірін қиып кетті. Марқұмдардың үшеуі бір отбасының мүшелері. Екі оқиғада да жүргізушілер ережені өрескел бұзып, қарсы бетке шығып кеткен. Ал мамандар соңғы жылдары жол апатынан көз жұмғандардың артып барады деп дабыл қағуда. Мәселен, елімізде өткен жылы жолда апатынан қаза тапқандар саны, коронавирус құрбандарының санына жетіп қалған. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Подробнее...
X