Құрттаған күріш, іріген сүт! Кепілдендірілген әлеуметтік пакет алып жүрген көрермен азық-түліктің сапасына көңілі толмайтынын айтып, біздің арнаға хабарласты. Оның сөзінше, ай сайынғы берілетін азық-түлік себетін балаларға беру мүмкін емес. Себебі қораптарын тышқан тессе, ботқаларының мерзімі өтіп кеткен. Жалпы азық-түлік себетіне қашан өзгеріс енгізіледі? Мамандар қандай уәж айтуда?
Подробнее...Новости
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРЛЕРІНІҢ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕРДЕ КЕПІЛДЕ ТҰРҒАНЫ РАС ПА?
Қазақтың жері шетел банктерінде кепілде тұр. Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан әлемдік қаржы ұйымдарына кепілге қойылған жер телімі көп дейді. Қасиетті қара топыраққа келгенде Қазақстан Үкіметі ондай келісімшарттарды біржақты бұзып, тез арада туған жерді банктің бұғауынан босату керек деп есептейді ол. Бүгін жаңадан құрылған жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жиыннан бір репортаж көріңіздер.
Подробнее...ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ
Арқа төсі қар құрсауынан шыға алмай жатса, ордалы оңтүстік дән себуді бастап кетті. Бірақ қолынан кетпенін тастамай, белі бүгіліп тер төккен диқандардың бәрі жиын-терімде қарқ болмайды. Былтыр орамжапырақтың жан баласына керек болмай, жерде шіріп кеткенін көз көрді. Жылда шаруаның шығарған өнімін күзге дейін саусағының ұшын да қимылдатпай, ақшасын қалтасына басқан күйі егіс алқабына талтаңдап баратын делдалдар жерге ұрып тастайды. Осының …
Подробнее...ҮЙДІҢ САЛЫНЫП-БІТУІН КҮТЕ-КҮТЕ, ӘЙЕЛІММЕН АЖЫРАСТЫМ
Әкімдіктің қолынан қорқыту ғана келеді. Сегіз жылдан бері баспанасын сарыла күткен қарағандылықтар үйдің құрылысын бақылаудың орнына, оларға қоқан-лоққы көрсете бастаған шенділерге ашулы. Жалдамалы пәтерді паналаймын деп, шыдамы таусылғандар, отбасы ойран болғандар да бар екен.
Подробнее...АЛМА ТЕРЕТІН БАҒЫМЫЗДЫ ОТАП ТАСТАДЫ
Алматы облысында шыршалардың жаппай оталуы табиғат жанашырларының наразылығын тудыруда. Қоғам белсенділері кесілген ағаштарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Айта кетейік осыған дейін белгісіз біреулер Наурызбай ауданында 10 гектар аумақтағы алма ағаштарын отап, тып-типыл еткен болатын.
Подробнее...КӨКТЕМНЕН ХАБАР ЖОҚ: АҚТҮТЕК БОРАН БАСЫЛМАЙ ТҰР
Көктем биыл кеш келетін сыңайлы. Еліміздің басым бөлігінде әлі де ақтүтек боран басылмай тұр. Соның салдарынан 13 аймақта дауылды ескерту жарияланды. Аталған облыстарда төтенше жағдайлар мамандарымен бірге жедел штаб құрылып, республикалық маңызы бар 16 жол учаскесі жабылды. Бір тәуліктің өзінде мыңға жуық жолаушы синоптиктердің ескертуін елемей жолға шығып, қар құрсауында қалған. Боранды күні далада аялдауға мәжбүр болған адамдардың қазіргі жағдайы …
Подробнее...ПЛАНШЕТКЕ ЖИҒАН АҚШАСЫН ЕМГЕ АУДАРҒАН ЕҢ ЖАС МЕЦЕНАТ
Елорда маңындағы Қосшы ауылында ең жас меценат тұрады. Қазақстан бойынша қайырымдылыққа ерте атсалысқан баланың аты-жөні — Ерасыл Долқын. Небәрі сегіз жастағы жеткіншек бір жыл планшетке жиған ақшасын денсаулығы сыр бергендердің еміне еш ойланбастан жіберген. Мұнысы ескерусіз қалмай, Ерасыл жақында республикалық байқауда гран-при иегері де атанды. Жақсы істерге жаны жақын оқушымен тілшіміз тілдесіп қайтқан еді.
Подробнее...ЕЛОРДА ҚАРЛЫ БОРАН АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Нұр-Сұлтан қар астында қалды. Түннен бастап жауған ақ ұлпа соңы ақтүтек боранға ұласып, қалада жүріп-тұруға кедергі келтірді. Наурызда түскен 30 мың текше метрден астам қарды коммуналдық қызмет тазалап үлгермеуде.
Подробнее...ҮКІМЕТ БЕРГЕН БАСПАНАНЫҢ ЖЕЛ ТҰРСА, ШАТЫРЫ ҰШАДЫ
Соғыстан кейінгі үй сияқты! Жел тұрса шатыры ұшып, жаңбыр жауса төбесінен шелектеп су ағады. Үкімет берген баспананың сапасына шүйліккен тараздықтар арнамыздан көмек сұрауға мәжбүр. Әкімдіктің уәдесіне әбден тойған тұрғындардың жанайқайын тілшіміз тыңдап қайтты.
Подробнее...ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҚАРТАЙЫП БАРАДЫ
Қазақстан халқы қартайып барады. Статистикаға сенсек, елміздің сегіз өңірінде қартаю процесі қарқынды жүруде. Онда жастарды үлесі тым аз дейді сарапшылар. Әлемдегі жағдай да көңіл көншітпейді. Мәселен, БҰҰ-ның зерттеуінше, алдағы отыз жылда егде жастағы азаматтардың қатары екі есе артып, 2050 жылы олардың саны 1,5 миллиардқа жетеді.
Подробнее...






