ейіт басы қаңғыбастар мекеніне айналды. Алматы қаласындағы мазарлар ішімдік ішіп, ұйқыны қандыратын орын болып кеткен. Ол аздай, бәзбіреулер қабірге қойылған белгілерді жұлып, темір-терсек қабылдайтын орынға апарып сататын көрінеді. Зиратқа қоларбамен кіріп-шығып жүргендер де көп дейді. Тілшіміз қор болған қорымдарды аралап, өз көзімен көріп келді.
Подробнее...Новости
41 АУЫЛ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫР
Түркістан облысында жуырда болған дүлей дауылдың салдарын жою жұмыстары әлі жалғасуда. Бұл күнде Отырар, Ордабасы және Бәйдібек аудандарында әлі 40-тан астам елді мекен жарықсыз отыр. Олардың бәрінде дерлік қираған бағаналардың сымдары жерде жатыр. Қауіпті желілер жұрттың өміріне қауіпт өндірмесі үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Апат салдары қашан толық жойылады?
Подробнее...АВСТРАЛИЯДА СОҢҒЫ 50 ЖЫЛДА БОЛМАҒАН СУ ТАСҚЫНЫ БОЛДЫ
Елдің есін шығарған апат. Австралияда соңғы 50 жылда болмаған тасқын салдарынан мыңдаған адам үйлерін тастап, босып кетті. Толассыз жауған жауын-шашынның соңы алапат су тасқынына ұласып, жұрттың берекесін алуда. Табиғи апат халық көп шоғырланған Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында болды. Мұнда өзендер арналарынан шығып, мыңдаған үй бүлінген. Тұрғындар жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Штаттағы талай ірі жолдар жабылды. Жасыл құрлытағылардың көз жасын …
Подробнее...НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА… ТАҒЫ ДА ТОЙСЫЗ ӨТТІ
«Наурыз айы туғанда, той болушы еді бұл маңда». Әттең, тек қатарынан екінші жыл ұлы мейрамды ұлықтауға карантин кедергі болып тұр. Жалпыұлттық мереке отбасылық мейрамға айналды. Әсіресе, Алматының көшелері қаңырап, халықтық тойлатулар тоқтап қалды. Дегенмен, эпид ахуалы тұрақталған өзге өңірлерде әз-Наурыздың атмосферасы әлсін болсын сезіліп жатыр. Әріптесім, ел-жұрттың Жыл басын қалай қарсы алғанын біліп, бір сюжетке топтастырды.
Подробнее...ҒИМАРАТТЫҢ ТӨБЕСІНЕН ҚАР ҚҰЛАП, КӨЛІКТЕРДІ ЖАПЫРЫП ТАСТАДЫ
Елордадағы ғимараттың төбесінен қар опырылып, бірнеше көлікті басып қалды.Абырой болғанда, оқыс оқиға болған сәтте тұраққа қойылған темір тұлпардың ішінде адамдар болмаған. Төбеден түскен ақ ұлпаның қалыңдығы соншалық, айналасындағының бәрін тып-типыл етіпті. Көліктері қирап, аяқ асты шаш етектен шығынға батқан тұрғындар кімге барып шағымданарын да білмей отыр.
Подробнее...ЕЛОРДАЛЫҚ МҰҒАЛІМДЕР ЕКІ АЙ ЖАЛАҚЫ АЛМАҒАН
Елордадағы №63 мектептің мұғалімдері екі айдан бері жалақы алмаған. Арнамызға арызданған ұстаздар білім басқармасы мен басшылықтың уәдесіне тойып біттік дейді. Күнделікті жүріс-тұрыс пен азық-түлікті былай қойғанда, ипотека мен несиенің пайызы күн санап өсуде дейді жиналғандар. Одан бөлек, жыл сайын бюджеттен бөлінетін сыйақы да кімнің қалтасына кетіп жатқаны белгісіз.
Подробнее...ШҚО-ДА 82 ОҚУШЫ МЕКТЕП АСХАНАСЫНАН УЛАНҒАН
Шығыс Қазақстанда уланған оқушылардың саны 82-ге жетті. Алдын ала болжам бойынша, олар жаппай мектеп асханасындағы тамақтан ұшынған болуы мүмкін. Дәрігерлерге жүгінген оқушылардың дене қызуы көтеріліп, құсып, іштері өткен. Ауылға шұғыл жеткен арнайы комиссия қандай шешім шығарды? Кінәлілер жазаланды ма?
Подробнее...100-ДЕН АСТАМ ТІЛДЕ ӘН САЛАТЫН ӨНЕРПАЗ
Биыл тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Осы мерейтойға орай, «Еуразия» телеарнасы әр саладағы жетістіктер бойынша материалдар топтамасын ұсынуда. Жүзден аса ұлт пен ұлыс мекендеген елімізде 100-ден аса тілде ән салатын жастар бар.
Подробнее...КӘСІПКЕР БЕЙІТТЕРДІ СҮРІП, БИЗНЕС АШПАҚШЫ
Әруақтарға да тыныштық жоқ! Тараздағы Тастақ ауданының тұрғындары сол маңдағы қорымның аумағына көз тіккен кәсіпкердің тірлігіне наразы. Бизнесмен бейіттерді трактормен сүріп, ол жерге құрылыс жүргізбекші екен. Ағайын-туысының мәңгілік мекеніне айналған аумаққа қол салу ақылға сыймайтын әрекет дейді жұрт.
Подробнее...ШАҒЫН ҚАЛАЛАРҒА ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТ ЖЕТТІ
Моноқалаларға жүйрік интернет жетті. Ұлттық байланыс операторы Қарағанды облысындағы шағын үш қалаға жылдамдығы жоғары интернет орнатуға кірісті. Соның бірі Шахтинск шаһарындағы алғашқы абоненттерді GPON технологиясының көмегімен жылдамдығы жоғары интернетке қосты. Бұл технология бір талшықты-оптикалық желі арқылы бірден бірнеше қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, яғни үздік ғаламтор, байланыс пен заманауи телевидениені тамшалауға жол ашылады. Өңірде «Қазақтелекомның» қызметін пайдаланып, рахатын көргендермен тілшіміз тілдесті.
Подробнее...






