10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

ТҰРҒЫНДАР КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ АЛДЫНАН ЖОЛ САЛЫНУЫНА ҚАРСЫ

Балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдаймыз! Елорададағы көпқабатты үй тұрғындары тура есіктерінің алдынан салынғалы жатқан жол құрылысына қарсы шықты. Олар сыртқа шықпақ түгілі, балаларды мектепке жіберуден қаламыз деп қорқады. Шенділер де ешқандай жолдың құрылысын жоспарлап отырған жоқпыз деп ат-тондарын ала қашты. Сонда Үкімет басшысы бекітетін қаланың бас жоспарына жұртты ескертпей кім өзгеріс енгізген?

Подробнее...

ӘКІМДІК ӨКІЛІ: ӘЗІРГЕ ЖОЛ ДА, ЖАРЫҚ ТА БОЛМАЙДЫ!

Қараңғы көшеде белшеден батпаққа батып жатырмыз! Арнамызға шағымданған Тараз тұрғындары осындай базыналарын айтты. Облыс орталығында тұрсақ та жағдайымыз кей ауылдардан нашар, — дейді жұрт. Қант зауыты аумағында тұратындар жылдар бойы әлеуметтік мәселелердің шешілмей келе жатқанына наразы. Сан мәрте жергілікті билік басындағыларға шағымданғанымен одан нәтиже болмаған. Шыдамы таусылған көпшілік сол себептен бүгін көшеге шықты.

Подробнее...

ҚЫРЫҚҚҰДЫҚ АУЫЛЫ СУҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР

Суы құрыған Қырыққұдық! Алматы облысының Панфилов ауданындағы ауылдың атына заты сай болмай тұр. Тұрғындар судан тарығуда. Сағаттап қана берілетін тіршілік нәрін кезекте тұрып алуға мәжбүр. Тіпті, өркениетті заманда тұрмыстық техникаларды да орнымен пайдалана алмай келеді. Ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын тілшіміз жеткізіп берсін.

Подробнее...

ЖЕТЕР! ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРІҢДЕР!

Алматыда бір жыл бойы карантиннің зардабын тартқан қоғамдық тамақтану орындарының иелері өз наразылықтарын білдірді. Бұрын тәулік бойы жұмыс істегендер қазір уақыты шектеліп, тіршіліктерінің тығырыққа тірелгенін айтуда. Осы уақытқа дейін біршама қызметкерін қысқартып, кәсібін аман алып қалуға тырысқандар енді жеңілдік сұрап отыр. Өткен жылдан бері табыс таппақ түгілі өз кәсібімізді аман алып қалу үшін қарызға баттық, дейді.

Подробнее...

ӘКЕСІ ШЕНЕУНІК, БАЛАСЫ ДЕПУТАТ: БИЛІКТЕГІ ДИНАСТИЯЛАР

Лауазымды тұлғалардың балалары елордалық маслихатта мандат иеленіп отыр. Тізімді экс мәжілісменнің ұлы бастаса, іргелі оқу орындарының ректорлары қостап, түрлі кәсіпорындардың төрағалары түйіндейді. Осы ретте саясаттанушылардың пікірі екіұдай. Бірі жастардың қарым-қабілетін жоққа шығармау керек десе, енді бірі депутаттарды сайлауда тамыр-таныстықтың рөлі ойнайды дейді.

Подробнее...

БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІМІН: АЛАЯҚТАРДЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЙМЫЗ?

Банк қызметкерімін деп хабарласып, тым көп сұрақ қойып бастаса, сақ болыңыз. Желіде алаяқтықтың жаңа түрі белең алды. Өзін коммерциялық мекеменің өкіілімін деп таныстырған адам әуелі жеке ақпараттарыңызды жазып, кейін шотыңыздағы бар ақшаңызды оп-оңай аударып алады екен. Сонда алданбаудың жолы қайсы? Желідегі алаяқтыққа тұсау салынар күн қашан?

Подробнее...

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНАН ТАБЫЛҒАН ЖАҢА «АЛТЫН АДАМ»

Белгілі актердің келбеті «Алтын адамды» қалпына келтіруге арқау болды. Осыдан екі жыл бұрын Ақтөбенің Темір ауданы Тасқопа елді мекенінің маңынан Сармат көсемінің қорғаны табылған еді. Ғалымдар құнды жәдігер бір ғана аймақтың емес, бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық деп бағасын берді. Ал түр-тұлғасы қалпына келтірілген жаңа тарихи мұраны әріптесім Ақбаян Сұлтанмұратова көріп қайтты. Ақтөбеден табылған «Алтын адам» …

Подробнее...

39 МЛН ДОЛЛАРҒА САЛЫНҒАН «ТҮРКІСТАН АРЕНА» ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ

Түркістанда 39 миллион долларға салынған арена төңірегінде дау азаяр емес. Жасыл алаңы шылқыған су болған су жаңа нысанды фуболсүйерқауым, қоғам белсенділерінен бөлек, депутаттар да сынауға кірісті. Парламенттегілер қыруар қаржының неге жұмсалғанын анықтап, спорттық нысанды қайта тексеру керек деген пікір айтты. Қоғамда «Түркістандық LRT» атанған аренаға миллиондаған долларды Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары бөлгені рас па? Олай болса, шенеунік осынша ақшаны қайдан алды?

Подробнее...

АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫ БАЛАБАҚША ҒИМАРАТЫНДА ОҚЫП ЖҮР

Алматы облысының Панфилов ауданында тұтас бір ауылдың балалары балабақша ғимаратында білім алуда. Сүптайдағы ескі оқу ордасы жылу жүйесі дұрыс болмағандықтан, 98-жылдары жабылып, кейін апатты деп танылған екен. Содан бері оқушылар мектепке бейімделген нысанда оқуға мәжбүр. Ал, бүлдіршіндер ауылда балабақша бола тұра, көрші ауылдың бөбекжайына барып жүр. 23 жыл бойы жаңа мектепке қол жеткізе алмай жүрген сүптайлықтардың мұңын тілшіміз тыңдап қайтқан …

Подробнее...

МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР ФИТНЕС ПЕН КУРОРТҚА 40 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАҒАН

Мемлекеттік кәсіпорындар фитнес пен курорттық демалыстар үшін бақандай 40 миллион теңге жұмсаған. Мәжілісте Азат Перуашев Мемлекеттік сатып алудағы майшелпекті сынға алды. Депутаттың сөзінше, бұл осыған дейін жария болған факті, ал белгісізі қаншама. Ең сорақысы, негізсіз шығындардың өтеуі салық төлеушілердің қалтасынан жұмсалып отыр. Осыған орай мәжілісмен «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасының кей тармақтарын қайта қарап, тәртіпке келтіру керек деп есептейді.

Подробнее...
X