0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АУРУХАНА ПАЛАТАЛАРЫНДА ТАРАҚАН ӨРІП ЖҮР

Түркістан облысында ем-дом қабылдап жатқан науқастар шағым айтуда. Олардың сөзінше, өңірдегі аурухананың бірінде жәндіктер өріп жүр. Палатадағы жағдайды видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған.

Подробнее...

ЕЛДЕ ҚАТАҢ КАРАНТИН ЕНГІЗІЛЕ МЕ?

Былтыр, дәл осы күні Мемлекет басшысының бұйрығымен ел тарихында тұңғыш рет төтенше жағдай жарияланып, өңір-өңірде карантин енгізілген еді. Блокпосттар қойылып, ел-жұрттың үйіне қамалып, қалалардың қаңырап бос қалғаны әлі есте. Алайда карантин деп жүргенімізге жыл өтсе де, вирустан төнер қауіп сейілмеді әлі. Бүгін Үкімет отырысында бас дәрігер Алексей Цой сәуірде індет жұқтырғандар саны қайта артып, тәулігіне 1700 адамға жетуі мүмкін деген …

Подробнее...

2 МЛН ТЕҢГЕЛІК СЕРТИФИКАТТЫҢ ЖЫРЫ: КӨПБАЛАЛЫ АНА КЕШІРІМ СҰРАДЫ

«Кемшілік бізден кетті!» Ақтөбеде көпбалалы анаға құны жоқ 2 млн теңгенің сертификатын берген шенеуніктер ақталды. Ол үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Әкімдіктің мәлімдеме жасағаны қисынды, ал бес баласымен жатақхананың жуынатын бөлмесінде тұрып жатқан көпбалалы келіншекті аймақ басшысынан кешірім сұрауға не итермеледі?

Подробнее...

ШЫМКЕНТТЕГІ БАЗАР САТУШЫЛАРЫ ШУ ШЫҒАРДЫ

Шымкенттегі Самал базарында сатушылар шу шығарды. Олардың айтуынша, базар әкімшілігі жайма сауда орындарының орнына заманауи дүңгіршек саламыз деген желеумен жаңа нысандарды қайта сатып алуға мәжбүрлеп жатыр екен. Кәсіпкерлер әсіресе, сауда-саттық құлдыраған карантин кезінде құрылыс жүргізіп, қомақты ақша талап етсе, көбімізді құрдымға жібереді дейді.

Подробнее...

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ТАПСЫРҒАН 300-ДЕН АСТАМ СТУДЕНТ ОҚУДАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Тараздағы мемлекеттік университеттің 300-ден астам студенті оқудан шығарылды. Басты себеп — шәкірттер оқуға түсерде жалған құжаттар жасатқан. Бұл жәйт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдерінің жүргізген тексерісі барысында белгілі болды. ҰБТ мен кешенді тестілеуден өтуге білім деңгейі жетпегендер «шетелдердегі жоғарғы оқу орындарына түстік» деген жалған құжат жасатып, белгілі бір уақыттан соң өз елімізде сабағын жалғастырмақшы болған. Алайда, олардың бұл ойы …

Подробнее...

МАС ЖҮРГІЗУШІ КӨЛІКПЕН ҚАҚҚАН ОҚУШЫНЫҢ БІРІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан оқушының бірі көз жұмды. Бұл ақпаратты өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растады. Сондай-ақ, ведомство зардап шеккен екі қыздың денсаулығы жайында ақпарат бере алмайтынын жеткізді. Өйткені, балалардың ата-аналары бұған қарсылық танытыпты. Еске сала кетейік, жол апаты 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қорам батыр ауылында болған еді. Көлікке мас күйінде отырған …

Подробнее...

ҰШАҚ АПАТЫНА НЕ СЕБЕП?

АН-26 ұшағының апатқа ұшырауына баланстың бұзылуы әсер етуі мүмкін. Ардагер ұшқыш қазіргі уақытта осындай болжам жасауда. Ал, қара жәшік табылғанымен әлі күнге дейін арнайы құрылған комиссия қорытындысын айтқан жоқ. Сонымен қатар әуе кемесінің ішіндегі аман қалған екі қызметкер әлі де болса жансақтау бөлімінде жатыр. «Қызыл ту» елдімекенінде қайғылы жағдай туралы толығырақ тілшіміз баяндайды.

Подробнее...

20 ЖАСАР ҚАЗАҚ БАЛАСЫ «GRAMMY» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Теміржолдан Грэммиге дейін. Ауылдың қарапайым баласы, павлодарлық Иманбек Зейкенов музыка индустриясындағы ең абыройлы марапатқа ие болды. Бұл – қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған, ең тұңғыш «Grammy» жүлдесі. Небәрі жиырма жасында ән әлемінің «Оскарын» жеңген отандасымыз қазақ тарихындағы жаңа парақтың бетін ашты. Сонымен еңбегі еленіп, ән саласындағы ең абыройлы марапатты иеленген жігіт кім? Оның ендігі арманы қандай?

Подробнее...

25 МЫҢ АДАМ ЖАРЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ

Еліміздегі табиғаттың тосын мінезі тұрғындарды есеңгіреттіп тастады. Мәселе оңтүстікте демалыс күндері қатты боран салдарынан мыңдаған адам жарықсыз қалды. Ал шығыста төтеншеліктердің ескеруіне қарамастан, жолда жүзден аса адам қар құрсаукыцнда қалып қойған.

Подробнее...

АН-26 ҰШАҒЫНЫҢ АПАТТАРЫНАН 1500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

Алматы іргесіне құлаған АН-26 ұшағының қатысуымен 170-ке жуық әуе апаты тіркелген. Бұл әлемдік статистика. Нәтижесінде 1500-ге тарта адам қаза тапқан. Ашық ақпарат көздеріндегі деректер осылай дейді. Жүк тасымалдауға арналған әскери әуе көлігі жайлы тағы не белгілі? Апаттар хронологиясы келесі материалда.

Подробнее...
X