0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ МАСКҮНЕМДЕР МЕН НАШАҚОРЛАР САНЫ АРТТЫ

Елімізде ішкілікке салынғандар мен нашақорлар артып барады. Былтыр олардың қатары 30 пайызға ұлғайған. Пандемия кезінде жұмыссыз қалғандар есірткі мен ішімдікті жиі пайдалануды әдетке айналдырыпты. Ең өкініштісі, 12-13 жасынан нашақор атанған балалардың саны көбейіп барады. Мәліметтер құпия сақталатындықтан мұндайлар жеке орталықтарға көптеп жүгінеді екен.

Подробнее...

НЕ ІСТЕЙТІН БОЛДЫ: 4 МЛН 200 МЫҢ БЕРІЛЕ МЕ?

Әр сәбиге – 4 миллион 200 мың теңге. Депутаттар дүниеге келген әр перзентке мемлекет осындай қаражат төлеуі керек деп есептейді. Тек ол мүмкін бе? Жалпы елде «ана капиталы» ұғымы енгізіле ме? Бөрікті аспанға атуға асықпай, әліптің артын бағайық.

Подробнее...

НЕСИЕ ТӨЛЕП ОТЫРҒАН ҮЙІМІЗГЕ СУ МЕН ЖАРЫҚ ЖҮРГІЗІЛМЕГЕН

Шымкенттегі Тұран шағын ауданында 50 отбасы баспанасына кіре алмай сенделіп жүр. Айтуларынша, инженерлік инфрақұрылым мүлде жоқ. Жағдайы жасалмаған пәтерлерге мердігер «кірсең кір, кірмесең күт» деген уәж айтып, 3 айдан бері сандалтып қойды деп ашулы тұрғындар. Су мен жарық, көгілдір отыны жоқ баспаналарға жұртшылық «Шаңырақ» бағдарламасының аясында несиесін төлеумен әлек.

Подробнее...

ҚҰЛ СИЯҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕДІК, АҚШАМЫЗДЫ БЕРМЕДІ!

Құлша жұмсап, қарызымызды бермей қойды! Екі жыл бойы маңдай терімен тапқан ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбелік кәсіпкерлер облыстық әкімдікке келді. Шенеуніктерден еңбекақыларын өндіріп беруді сұрады. Ақтөбе-Атырау арасын жалғайтын күре жолдың жөндеуін қолға алған компания жергілікті кәсіпкерлердің техникасын жалға алған. Артынан көк тиын да төлемей қойыпты.

Подробнее...

ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ ӨЗІНІҢ «TV+» МЕДИА ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«Қазактелеком» жаңа телевизиялық «ТВ+» платформасын ұсынады. Енді әр қазақстандық тікелей эфирді өз үйінен басқара алады. Сүйікті ток-шоуыңызды немесе жаңалықтарды өткізіп алсаңыз, қам жемеңіз, енді эфирді кері айналдарып, оны қайта көруіңізге мүмкіндік бар. Ол үшін смартфонға «ТВ+» қосымшасын жүктесеңіз жеткілікті.

Подробнее...

ОНЛАЙН КИНОТЕАТР

«Қазактелеком» жаңа телевизиялық «ТВ+» платформасын ұсынады. Енді әр қазақстандық тікелей эфирді өз үйінен басқара алады. Сүйікті ток-шоуыңызды немесе жаңалықтарды өткізіп алсаңыз, қам жемеңіз, енді эфирді кері айналдарып, оны қайта көруіңізге мүмкіндік бар. Ол үшін смартфонға «ТВ+» қосымшасын жүктесеңіз жеткілікті.

Подробнее...

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚАРАЙТЫН КӨМЕКШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРҒАН

Қызылордада І топ мүгедектері облыс әкімдігіне жиналды. Елуден аса мүмкіндігі шектеулі жан аймақ басшысы – Гүлшара Әбдіхалықоваға мұң-мұқтажын айтуға келді. Айтуларынша, арбаға танылғандар мен қос жанарынан айрылған зағип жандардың жеке көмекшілерінің ақпан айынан бастап жалақылары екі есеге қысқарыпты. Осының салдарынан мүгедектердің күнделікті тұрмыс тіршілігі де ауырлай түсіпті.

Подробнее...

БЕНЗИН 260 ТЕҢГЕГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Қазақстанда жанаржағармайдың бар-жоғы 20 күндік қоры қалды. Ал қазіргі таңда ең өтімді АИ-92 маркалы бензин бірден 10 теңгеге қымбаттап, литрі 160-тан сатылуда. Ал, сарапшылар оның бағасы жыл сайын қымбаттап, Ресейдегідей болады деп отыр. Яғни, 2025 жылға қарай темір тұлпардың азығы 260 теңгеге жетіп қалуы мүмкін. Себебі, Кедендік одақ елдеріндегі келісім бойынша баға бірдей болуы керек.

Подробнее...

ЫС ТИГЕН: ЖЕР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Талдықорғанда жер үйлердің бірінен ересек екі адамның мәйіті мен ес-түссіз күйде жатқан екі бала табылды. Алдын ала болжам бойынша, барлығы ыс тиіп уланған болуы мүмкін. Аман қалған қос жеткіншек облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, тиісті ем-дом шаралары жүргізілуде. Дәрігерлердің айтуынша, 2013-жылы туған баланың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде

Подробнее...

ПАРКИНГТЕН ӨРТ ШЫҒЫП, ЕКІ КӨЛІК ЖАНЫП КЕТТІ

Алматының көпқабатты үйінде өрт шығып, екі көлік түгі қалмай жанып кетті. Жертөледегі паркингтен жоғары көтерілген қою қара түтін дәлізге тарап, тұрғындар уланып қала жаздаған. Осындайда құлақ тұндырар белгі беретін дабылқаққыш та істемей қалыпты қырсық. Таң атпай тұрғындардың есін шығарған тілсіз жау журналистердің назарында болды.

Подробнее...
X