0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

БІРЛІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МАРАФОН

Бір елде, бір шаңырақ астында. Ал бүгін бір жүгіру жолағында. Спортты жанына серік еткен жандар мерекеге орай татулыққа үндейтін шараға қатысты. Бас-аяғы 20 мың адам таңғы 7-де жаппай жүгірді.

Подробнее...

БІЗДІ ЖАТСЫНБАДЫ!

«Бізді жатсынбай, жақынындай көрді». Бүгінгі бірліктің мерекесінде түрлі ұлт пен ұлыстың аузынан естіген сөз осы болды. Бауырына басқан қазақ жұртына өзге ұлт өкілдері алғысын айтты. Сіңісіп кеткендері сондай, тіпті, өз ұлтының дәстүрі мен тұрмыс — тіршілігінен қазақтың салтына ұқсас тұстарын іздейтіндері де бар.

Подробнее...

ҚАЗАҚТАЙ БАУЫРМАЛ ХАЛЫҚ ЖОҚ!

Қазақтай бауырмал халық жоқ. Кең байтақ жеріне 130-дан астам ұлт өкілін сыйдыра білген біздің ел нағыз татулықтың үлгісі. Бүгін бірлік күнінде елорда жұрты да бұл ақиқатқа дәлел болды. Бір шаңырақ астында бас қосқан әр ұлттың өкілдері айтулы күнді бір үйдің баласындай бірігіп, атап өтті.

Подробнее...

ӘЛИ ОҚАПОВ ҚАНДАЙ КӨЛІК ТАҢДАДЫ?

Аспан асты елінде ауқымды автокөлік көрмесі өтіп жатыр. 26 елдің өндірушісі соңғы үлгідегі темір темір тұлпарын көптің назарына ұсынуда. Басым бөлігі гибридті және электр қозғалтқышты автомобильдер. Әлем нарығын жаулаған қытайлық брендтің қайсысы қазақстандықтарға қолжетімді болмақ?

Подробнее...

ОҚҚА ҰШҚАН БЕРДЕНОВТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Кеше түнде «Бэтменді» біреу атып кетіпті. Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында Руслан Берденов оққа ұшты. Қас қарайған шақта шаһардың қақ ортасы атыс алаңына айналды. Әкім орынбасарының ту сыртынан суық қару кезеген кім болды екен? Экс-депутат құрылыс компаниясының әйеліне көз салғаны рас па?

Подробнее...

ӘКІМ ТАРАЗИ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады. Қаламы қарымды, ойы терең, сөзі салмақты жазушы Әкім Тарази 92 жасында дүние салды. Ол бар саналы ғұмырын руханиятқа арнады. Оқырмандардың іздеп жүріп оқитын сүйікті авторына айналып қана қойған жоқ, театр, кино саласында да өшпес із қалдырды.

Подробнее...

ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ҚАЙДА КЕТТІ?

Жамбылда 2 млдр теңгеге салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысы тоқтап қалды. Шудағы шағынауданда мердігер компания 3 ай жұмыс істесе де, қара жерде топарақтан басқа ештеңе көрінбейді. Іргетасы да жоқ. Ал, ақша қайда?

Подробнее...

ОҚУШЫ ПРЕЗИДЕНТКЕ СЫЙЛЫҚ БЕРДІ

Енді ағаш екеш, ағашта да құжат бар. Адамның ЖСН, яғни ИИН-і сияқты, малдың паспорты болса, енді талдың да ені бар. Цифрлық заманда Астананың ағаштарына дейін таңбалап қоймақшы. QR код арқылы көшет туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлауға болады. Мұндай жаңашылдықты бүгін бас қаланың әкімі Жеңіс Қасымбек бөлісті. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында өткен кездесуде шаһар басшысы президентке …

Подробнее...

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖАЙЛЫ БОЛУЫ ҮШІН

Еліміздегі жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасына үлес қосуға ниет танытып жатқан өндірушілер көбейіп келеді. жаңадан салынған білім нысандарын 100 пайыз отандық өніммен қамтуды көздеген кәсіпорындардың бірі жуырда іске кірісті. Олар тіпті «Жұмысшы мамандық жылы» аясында, бірқатар азаматты еңбекпен қамтуды да ұмыт қалдырмаған.

Подробнее...

АШЫҚ ШҰҢҚЫР БАЛАНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАДЫ

Шымкентте алты жасар бала шұңқырға құлап қаза болды. Көпқабатты үйдің дәл жанында ашық-шашық жатқан септикті 1 жылдан бері қақсап жаптыра алмай жүрген тұрғындар ақыры қара жамылды міне. Бір трагедия болмайынша жұмысын атқармайтын жауаптылар енді адам өлгесін қимылдап жатыр. Бір емес, бірнеше техника келіп, әлгі ажал қақпасын бітеп жатқан көрінеді.

Подробнее...
X