0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

ҰЛЫМ ЖАЗЫҚСЫЗ ҮШ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ!

«Президенттен араша сұраймын!». Жамбыл облысының тұрғыны Мемлекет басшысына үндеу жолдады. 63 жастағы Мәриякүл Айнаева ұлының еш дәлелсіз үш жылға сотталған айтады. Ұлының жазықсыз абақтыға жабылғанын айтқан ақ жаулықты ана өңірдегі құқық қорғау мамандары, сот өкілдері мен дәрігерлер ауыз жаласқан дейді.

Подробнее...

МЕРДІГЕР МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН КЕШІКТІРІП, БАЛАЛАР КӨРШІ АУЫЛҒА ҚАТЫНАП ЖҮР

Сағызша созылған сақалды құрылыс. Талдықорғанда Абай атындағы орта мектептің күрделі жөндеуі әлі күнге бітпей тұр. Былтыр тамызда басталған жұмыс биыл ақпанда аяқталуы тиіс еді. Алайда, келісім-шарт негізінде наурызға шегерілген екен. Соның өзінде қазір құрылыстың 70 проценті ғана аяқталыпты. Әлі қаншаға созылары белгісіз. Мұндай салғырттықтың салдарынан зардапты оқушылар мен ата-аналар тартуға мәжбүр. Балалар қаладағы үш мектепке бөлініп барып, кезекші сыныптарда оқып …

Подробнее...

АҚТӨБЕДЕ ҚАРДЫ ДҰРЫС ТАЗАЛАМАҒАН МЕРДІГЕРГЕ 4 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Қарды дұрыс тазартпасаң, айыппұл төлейсің! Ақтөбеде толассыз жауған қардан көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызмет ауыл арасы тұрмақ, облыс орталығын қардан тазартып үлгермей жатыр. Ал қалалық әкімдік мердігер компаниялардың жартысымен әлі күнге келісім-шарт жасамапты. Оның кесірі енді тұрғындарға тиюде.

Подробнее...

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЕЛОРДА ӘКІМДІГІН ТІК ТҰРҒЫЗДЫ

Министрлік пен әкімдік өкілдері бізді адам құрлы көрмейді! Екі күн әкімдікте түнеген аналар шарасыздықтан шырылдап жүргендерін айтады. Олардың сөзіне құлақ асқан жан табылды ма? Шағымданған тараптың айтар уәжі не?

Подробнее...

300-ДЕН АСТАМ КӘСІПКЕР ТАЛАБЫН АЙТТЫ

Алматыда 300 астам кәсіпкер жұмыссыз қалуы мүмкін. Себебі қала басшылығы базар орналасқан жер телімін өзге комапанияға жалға беріп жіберген. Алайда саудагерлер 25 базардың ортасынан фабрика салу қисынға келмейді деп отыр. Бүгін олар жаппай наразылық білдіріп, қала басшылығынан бұл шешімді өзгертуді талап етті.

Подробнее...

ДӘРІХАНАЛАР ЕСІРТКІ САУДАСЫН ҚЫЗДЫРУДА

Елордада есірткі саудасы әлі де тыйылмай тұр. Бас қалада психотропты препараттарды саудалайтын аптекалардың желісі анықталды. Біздің түсірілім тобымыз, фармацевтердің есірткі заттарын еркін сатып жүргендерін өз көзімен көріп, камераға таспалап алды. Алайда жауаптылар, әзіге қандай да бір шара қолдануға құлықсыз болып шықты. Сонда әккі айласы әшкере болған кәсіпкелерге әй дейтін ешкім жоқ па? Оларға қандай жауапкершілік көзделген?

Подробнее...

3 АЙ БОЙЫ ТЕКСЕРГЕН САЛЫҚ ОРГАНЫНЫҢ КЕСІРІНЕН 500 АДАМ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАҚШЫ

Қызылордада 500-ден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Жол жөндеумен айналысатын серіктестік өзін банкрот деп таныған және оған салық мамандарын кінәлауда. Себебі заң бойынша бір ай көлемінде жүргізілуге тиіс тексеру 3 айға созылыпты. Мұнымен шектелмеген мемлекеттік кірістер департаменті екінші мәрте де тексеру ұйымдастырған. Осының салдарынан жол жөндеушілердің алғашқыда жұмысы қысқарып, енді мүлдем жабылуы да мүмкін.

Подробнее...

НЫҒМАТУЛИН КВАЗИСЕКТОРДАҒЫ САТЫП АЛУДЫ РЕТТЕУДІ ҰСЫНДЫ

Квазисектордағы сатып алуды реттеу қажет! Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Самұрық-Қазына» қоры басшыларының, Үкімет мүшелерінің, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан отырысты осыны ескертті. Төменгі палата спикері мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы тиіс деп есептейді. Әсіресе, отандық тауарөндіріушілерге оң ықпалы болу керек. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуының ашықтығы мен бақылануы керектігі айтылды. Сатып алудың …

Подробнее...

ҮЙІ ӨРТЕНГЕН АЛТЫ БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ДАЛАДА ҚАЛДЫ

Алматы облысында жеке тұрғын үй өртеніп алты баласы бар отбасы далада қалды. Оқиғаның болғанына бір апта өтсе де паналайтын орын таппай әлек. Өз кезегінде әкімдіктегілер барлығын қатырамыз деп уәде берген екен. Алайда, туыстарының үйін жағалап жүргендер шыдамымыз таусылып барады деп күйінуде. Оқиғаның қалай болғанын тілшіміз баяндасын.

Подробнее...

ҮШІНШІ ПЕРЗЕНТІН БОСАНҒАН ӘЙЕЛ ҚАН КЕТІП, КӨЗ ЖҰМДЫ

Перзентханаға босануға барған келіншек көп ұзамай көз жұмды. Үшінші перзентін дүниеге әкелген әйел қансырап қалған. Алайда кенжесі анасының аялы алақынан да сезініп үлгермеген. Енді үш баласы аңырап жетім қалды. Туыстары дәрігерлерді кінәлауда.

Подробнее...
X