0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

4-5 ТІЛДЕ САЙРАЙТЫН ШЕНДІЛЕР ҚАЗАҚШАҒА КЕЛГЕНДЕ ШОРҚАҚ

Біздің министрлердің алды бес тілде бірдей қатырып сөйлейді екен. Ал төртеуі төрт тілге шешен. Сарапшылар елдегі ведомства басшыларының тіл білу рейтингін жасапты. Тізімнен мемлекеттік тілді білмейтіндер де табылды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мемлекеттік қызметте жүргеніне ширек ғасырға таяу уақыт өтсе де бір ауыз қазақша үйренбеген. Айғаным

Подробнее...

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ АСПАНДАДЫ

Азық-түлік тағы қымбаттады. Жаңа жылдың екі айында елдегі сауда орындарында жұмыртқа, қант, күнбағыс майы сынды әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны 10 пайызға дейін өскен. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сөредегі тауар бағасының шарықтауына өңірдегі жергілікті атқамінерлерді айыптады. Сөйтті де, әкімдіктегілерді жазалайтынын айтты. Аймақтағы шенеуніктердің қайсысына қауіп төніп тұр? Баға неге бағынбай кетті?

Подробнее...

МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙННАН ОФФЛАЙНҒА АУЫСТЫ

Асхана, мектеп формасы, дәстүрлі формат! Дәл осы үш мәселе осы күні еліміздегі ата-аналардың мазасын қашырды. Бас санитардың оқушыларға қатысты жаңа қаулысын біреулер құптаса, енді бірінің көңілінен шықпады. Неге? Гүлнәзия

Подробнее...

СӘТБАЕВТАҒЫ БҮЛДІРШІНДІ ЗОРЛАУ ІСІ СОТТА ҚАРАЛУДА

Сәтпаев қаласындағы тәртіпсіздік кезінде 50 полицей мен 14 қала тұрғыны зардап шеккен. Бұл туралы бүгін сот отырысында айтылды. Іс кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралуда. Себебі жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың үшеуі оқиға болған кезде 18 жасқа толмаған екен. Ал жауапқа тартылғандардың жалпы саны 54. Олардың барлығы бес жасар қыздың зорланғаны туралы хабарды ести сала көшеге шыққандар. Зардап шеккендердің …

Подробнее...

ТҮРКІСТАНДА ИІСТЕН УЛАНЫП, КӨЗ ЖҰМҒАН 4 БАЛА МЕН АНАСЫ ЖЕРЛЕНДІ

Ал, Түркістанда иістен уланып, көз жұмған 4 бала мен олардың 41 жастағы анасының денесі жер қойнына тапсырылды. Олар Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында жерленген. Марқұмдардың жақындарына психологиялық және материалдық көмек көрсетілуде деді жергілікті билік өкілдері. Мамандардың айтуынша, былтыр қараша айында газбен жабдықталған 3 бөлмелі үйдің қақ ортасында каминді пеш орнатылыпты. Төтеншеліктер газдан улану жағдайын сол пешпен байланыстырып отыр. Қайғылы жағдайға …

Подробнее...

ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЛЫҢ ЖАУҒАН ҚАР КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚИЫНДАТТЫ

Қарағандыдағы коллапс. Шахтерлар қаласында таңнан бастап адамдар жұмысқа кешікпес үшін қоғамдық көлікті итеріп, сағаттап кептелісте тұруға мәжбүр болды. Діттеген жерлеріне жете алмаған жұрт әлеуметтік желіде жергілікті билікті сынауда. Тұрғындардың наз-шағымына не себеп?

Подробнее...

БАЛАМДЫ ҚАТІГЕЗДІКПЕН ЖАБЫЛЫП ӨЛТІРГЕНДЕР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛДЫ!

Қылмыскерлер жазасыз қала ма деп алаңдаймын! Маңғыстау облысы Жетібай ауылының тұрғыны арнамызға осындай базынасын жеткізді. Перзентін жер қойнына тапсырған әкенің сөзінше, 8 ақпан күні отбасының тұңғыш ұлын сол елдімекеннің бұзақылары жабылып ұрып кеткен. Артынша, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген жігіт есін жимастан көз жұмады. Енді, қайғыдан қан жұтқан ата-анасы кінәлілер жазаланғанын талап етуде.

Подробнее...

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!

Бүгін — Алғыс айту күні. Биыл бесінші жыл қатарынан айтулы мереке қазақстандықтар арасында ерекше атаулда. Елдегі диаспора өкілдері ел тұрғындарына алғыс айтып қана қоймай, бір-біріне құрмет білдіріп, жылы лебіздерін жеткізуде. Тіпті, бұл күн әдемі дәстүрге айналғандай. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады. Жүз отыз ұлт пен ұлыстың қаймағы бұзылмай, бірлігі жарасып отырған …

Подробнее...

Виртуалды шабуыл

Сарапшылардың пікірінше, киберкүншілдік көбіне адамдардың құқық қорғау және сот жүйелеріне деген сенімін төмендету үшін қолданылады. Адвокаттар мен қоғам қайраткерлері «кибербуллинг» терминін заңдастыруды ұсынады, дәл осындай бастаманы Мәжіліс депутаттары ертерек айтқан болатын. Әзірге бізді тек екі мақала ғана әлеуметтік желілердегі шабуылдардан қорғайды: «қорлау» және «жала жабу». Біріншісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, жаза ретінде — жарты миллион теңгеге дейінгі айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар. …

Подробнее...

28 САҒАТ БОЙЫ БОРАНДА ҚАЛҒАН АЗАМАТ АМАН ҚАЛУ ҮШІН ҚАР ЖЕГЕН

Қар құрсауындағы 28 сағат. Қостанайлық азамат боранда жолда қаңтарылып, аман қалу үшін қар жеген. Салондағы бар жылы былғарыны жыртып, үстіне жамылыпты. Фильмге бергісіз жайтқа тап болған ер адам барлығын видеоға түсіріп алған. Алай-дүлей жел мен көктайғақ еліміздің тұрғындарын әлі де әлекке салып жатыр. Ескертуді елемей жолға шыққан өзге көлік жүргізушісі тіпті қос құлағынан айырылып қала жаздады.

Подробнее...
X