«Қоғамдық ұйым қалтамызға қол салды!» Алматы облысының әлеуметтік қызметкерлері мемлекет белгілеп берген ақшасын ала алмай жүр. Өйткені ортаға делдал болып кіріккен қоғамдық ұйым мүгедектерді күтіп-баптайтын мамандардың ақшасын заңсыз ұстап қалатын көрінеді. Шелек ауылының тұрғындары бүгін жергілікті әкімдікке жиналып шу шығарып, жәрдемақыларын толығымен төлеп беруді талап етті. Онсыз да шайлықтан артылмайтын айлыққа ортақтасып, жалақыны жырымдап жатқан кім?
Подробнее...Новости
АЛАЯҚТАР БАЙҚОҢЫРДА ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫ ІЗДЕУГЕ ДЕП АҚША ЖИНАҒАН
Байқоңырдағы жеті жастағы баланың іздеуге алаяқтар араласқан. Арам пиғылдылар әлеуметтік желіде сүңгуірлер қызметіне шұғыл түрде 25 мың теңге керек деп хабарлама жіберуде. Біреудің қайғысынан пайдасын қампайтқысы келген қаскөйлер сүңгуірлер осы ақшаны төлесе құтқарушылар бір сағат су табанына сүңгиді деп, жұртты сендіруге тырысуда. Қолдан келгенше арнайы банк есепшотына қаржы аударуды сұрағандарға, Төтенше жағдай министрлігіндегілер сенбеңіздер дейді. Өйткеніғ барлық құтқару қызметі мемлекет …
Подробнее...Виртуалды шабуыл
Сарапшылардың пікірінше, киберкүншілдік көбіне адамдардың құқық қорғау және сот жүйелеріне деген сенімін төмендету үшін қолданылады. Адвокаттар мен қоғам қайраткерлері «кибербуллинг» терминін заңдастыруды ұсынады, дәл осындай бастаманы Мәжіліс депутаттары ертерек айтқан болатын. Әзірге бізді тек екі мақала ғана әлеуметтік желілердегі шабуылдардан қорғайды: «қорлау» және «жала жабу». Біріншісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, жаза ретінде — жарты миллион теңгеге дейінгі айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар. …
Подробнее...Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып, бірінің денесі өзеннен табылды
Байқоңырда жеті жастағы екі бала жоғалып, олардың бірі өлі табылды. Екінші сыныптың оқушылары өткен демалыс күндері таңғы 10:30-дар шамасында бассейндегі жаттығудан кейін ізім-қайым жоқ болған. Хабар-ошарсыз кеткен жеткіншектерді Төтенше жағдайлар департаменті құтқару жасағының 10 құтқарушысы, Байқоңыр кешеніндегі Қазақстан мен Ресей Ішкі істер минстрліктерінің қызметкерлері, волонтерлар іздестіруге кіріскен болатын. Сырдария өзенін әуеден қарау нәтижесінде түскі 12 шамасында оқиға орынан 2 шақырым …
Подробнее...Газ баллоны жарылып, 2 адам опат болды
Петропавлдағы көпқабатты жатақханалардың бірінде жарылыс болып, 2 адам опат болды. 12 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ғимараттың бірінші қабатындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны атылған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жақын маңдағы пәтерлерге зақым келтірген. Терезелері сынып, жиһаздар бүлінді. Оқыс оқиғадан 120 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арнайы құрылған комиссия апаттың себебін анықтады.
Подробнее...Вакцинаның екінші дозасы салынды
Осыдан 20 күн бұрын Ресей вакцианасын салдырған медицина қызметкерлері бүгін оның екінші дозасын алды. Бас-аяғы 20 мыңдай адам. Арасында мүйіздері қарағайдай денсаулық сақтау вице- министрлері мен еліміздің бас санитар дәрігері де бар. Ешқайсысы осы уақыт ішінде коронавирусқа шалдықпаған. Ал халықты жаппай вакцинациялау қашан басталады? Ол үшін қандай екпе қолданылады?
Подробнее...Құбыр тартып, жолды ой-шұңқырымен тастап кеткен
Балшықтан көз ашпай келеміз. Алматыдағы Алатау ауданының тұрғындары құбырлар тартылғаннан кейін жолды ой-шұқырымен тастап кеткендерге наразы. Жедел жәрдем мен арнайы қоқыс көлігінің кіре алмағаны былай тұрсын, өзіміз күнделікті әупірімдеп жүрміз дейді. Осы уақытқа дейін атқамінерлер құрғақ уәдемен қатырып келе жатыр деген көпшілік, шыдамымыз таусыылды деп шағымдарын айтты. Жол азабын тартып жатқандардың жанайқайын келесі сюжеттен көрейік.
Подробнее...Жаңатастағы трагедия: көршілері балаларды құтқаруға тырысқан
Жаңатастағы трагедияның куәгерлері балаларды барынша аман алып қалуға тырысқан. Қызыл жалынмен қоса арпалысқан көршілер білген-көргендерін баяндап берді. Облыстық төтенше жағдайлар депараментінің бастығы осыған дейін өрттің балалар бөлмесінде тұтануы мүмкін екенін айтқан болатын. Көмірқышқыл газына тұншыққан бүлдіршіндердің төртеуін анасы іштен өз қолымен алып шығыпты. Қазір оқиға орнында сарапшы мамандар әлі де жұмыс істеп жатыр.
Подробнее...Ағайынды қос жігіт X FACTOR жобасын жеңіп алды
X Factor ауқымды тележобасы да мәреге жетті. Еліміздің әр түкпірінен мыңдаған үміткер бақ сынаған дүбірлі доданың Гранд Финалы өтіп, ақтық мәреде топ жарған жаңа жұлдыз белгілі болды. Ол миллиондаған теле көрермендердің оған дауыс ретінде берілген ыстық ықыласынан бөлек, 7 млн теңге арнайы қаржылай марапатты да қанжығасына майлады. Айта кету керек, X Factor тележобасын Қазақстанда көрсету құқығы біздің Еуразия телеарнасында. Мега …
Подробнее...X FACTOR Финалы: 7 млн теңгені кім алады?
Ақтық мәре. Аламаннан оза шыққан үш өнерпаз ертең X FACTOR шоуының гранд финалында өнер көрсетпек. Еліміздегі рейтингі ең жоғары музыкалық жоба тікелей эфирде өтеді. Қазіргі уақытта үш тәлімгер де өздерінің үміт артып отырған өнерпаздарына соңғы кеңестерін беруде.
Подробнее...






