Елімізде қарияларды ұрып-соғу деректері азаймай тұр. Алматы облысы Қаратал ауданында 72 жастағы зейнеткерді белгісіз ер адам ұрып, 42 мың теңгесін алып кеткен. Бірақ, күдікті көп ұзамай қолға түсті. Белгілі болғандай, ұсталған 55 жастағы азамат бұған дейін бірнеше рет істі болған екен. Ол тоналған ақшаның бір бөлігін ішімдікке жұмсап та үлгеріпті. Еске сала кетейін, дәл осындай жағдай күні кеше бас қалада …
Подробнее...Новости
Емделуге қажетті қаржыны алудың тәртібі
Халықтың зейнетақы жинағаның бір бөлігін емделуге қалай қолдана алатыны белгілі болды. Процедура қиын емес дейді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер. Дегенмен, дерт мазалаған жан қаржысына хал-жағдайын жақсартқысы келсе 10 күнге жуық арнайы мамандардың шешімін күтуі тиіс. Айтпақшы, қордағы жинақты ЭКО медициналық қызметіне қолдануға рұқсат берілмепті. Неліктен?
Подробнее...Мобильді аұша аударымдарына салық салынбақ
Алдағы жылдан бастап ұялы телефон арқылы жасалатын ақша аударымдарына салық салынбақ. Бұл жайында қаржы министрлігінің есепті кездесуінде белгілі болды. Сондай ақ, сәуір айында Үкімет 2022-2025 жылдарға арналған ел бюджетін түзе бастайды. Оның кіріс бөлігі негізінен салық пен кедендік баждан тұрады десек, бұл ретте Үкімет түрлі түсімдерге қатаң бақылау орнатпақшы. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға қатысты Заң да күшейтіледі. Өйткені ел бюджетінің …
Подробнее...Алаңсыз саяхаттау үшін, екпе салдырдым
Елордада коронавирусқа қарсы вакцина алуға тиіс 6 мыңнана астам медицина қызметкерінің 2 мыңға жуығы егілді. Бұл туралы «Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова мәлімдеді. Ал Алматыда 3 адам екпе алудан бас тартқан. Айта кетейік, дәрігерлерден бөлек, еріктілер тобы да «Спутник V» вакцинасын сынақтан өткізген болатын.
Подробнее...Дәріханалар есірткілік препараттарды «ҚҰПИЯ СӨЗ» арқылы сатып жатыр
Дәріханаға пайда керек. Провизорға айла керек. Елімізде тек дәрігерлердің рецептімен сатылуы тиіс қана препараттар еркін саудада жүр. Салдарынан құрамында есірткілік заттары бар дәріге тәуелді болатын жастар көбейіп барады. Мұндай бизнес нысандарымен күресуге шағын және орта бизнеске жарияланған маратории қолбайлау көрінеді. Біздің тілшілеріміз осындай дәріханаларды жағалап, құпия сөздің арқасында психотроптық дәрілердің қалай сатылатынына көз жеткізген еді.
Подробнее...Доллар арзандап, теңге күшейді
Апта басынан бері доллар бағамы құлдырап келеді. Осылайша, ақша айырбастау пунктерінде 1 АҚШ доллары 416 теңгеге саудалануда. Ал Ұлттық Банк төрағасы жаңа жылдан бері төл теңгеміздің 1,7 пайызға күшейгенін айтқан болатын. Валюта нарығындағы өзгерістер халықтың тұрмысына қаншалықты әсер етеді? Жалпы доллардың арзандауынан пайда көретін кімдер?
Подробнее...Жүкті келіншек жол бойында босанып қалды
Бір күннің ішінде толассыз жауған қар Ақтөбе мен Қостанай облыстарының тұрғындарын әбігерге салды. Ескертуге қарамастан жолға шыққан жүргізушілер жолда қалды. Арасында жүкті келіншек те бар екен. Нәзік жан жол бойында босанып қалған. Кенеттен бұзылған климаттың жай-күйі қашан жақсарады?
Подробнее...Мүгедек қыз зорланған интернет басшысы қызметінен кетті
Шымкентте «ұзақ жылдар бойы мүгедек қыз зорланған» деп айтылған орталықтың басшысы ақыры жұмыстан кетті. №2 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын 9 жыл басқарған Мырзахан Жолтаев атышулы істен кейін өз еркімен қызметтен босаған. Қазір, басшылықтың міндетін орынбасары уақытша атқарып отыр. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев мәлімдеді. Оның сөзінше, әлеуметтік желіде мүгедек қыздың зорланғаны туралы …
Подробнее...Бесіктегі сәби тірідей жанып кетті
Қызылордада жер үй өртеніп, бір жасар сәби көз жұмды. Бесікте жатқан бала тірідей жанып кеткен. Қайғылы оқиға бүгін түнгі бірлер шамасында облыс орталығындағы Кызылжарма шағынауданында болған. Отқа оранған баспанадан анасы мен төрт қызы шығып үлгеріпті. Ал 2019 жылы дүниеге келген шарананың не себепті іште қалып қойғаны әзірге белгісіз. Қазір тілсіз жаудың анық-қанығы мен неден тұтанғаны тексеріліп жатыр.
Подробнее...Қаржы пирамидасына миллиондап құйғандар зар илеп қалды
Алматыда «L-Капитал» компаниясының салымшылары шу шығарып, қаржы пирамидасын ұйымдастарғандардың барлығын жауапқа тартуды талап етуде. Өткен жылдан бері салымшыларына уәде етілген үстеме ақыдан бір тиын да төлемеген. Түркістан және Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының салымшылары компанияның кеңсесіне келіп, салған ақшаларын беруді талап етті. Қаржы пирамидасынан зардап шеккендер қатары 15 мыңнан асада екен.
Подробнее...






