Наурыз мерекесі 10 күн бойы тойлануы мүмкін. Ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында Наурыз мейрамын атап өтудің жаңа тұжырымдамасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, Ұлыстың ұлы күнін наурыз айының 14-і мен 23-і аралығында мерекелеу ұсынылған. Концепцияда әр күнге атау берілген.
Подробнее...Новости
Жол апатынан 7 адам көз жұмды
Алматы облысындағы сұмдық жол апаты жеті адамның өмірін қиып кетті. Жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған жүк көлігіне барып ұрылған. Оқиға орнында 6 адам көз жұмып, тағы біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырыпты. Ал марқұм болғандардың бесеуі бір отбасының адамдары көрінеді. Олар жаназадан Алматыға қайтып келе жатыпты.
Подробнее...Темір жинап жүріп, темір-бетон астында қалды
Шымкентте темір-терсек жинаумен айналысып жүрген үш азамат аяқ астынан мерт болды. Олар бос тұрған ескі ғимаратты бұзып жатқан сәтте, темір-бетон жабындысының астында қап қойған. Салмағы бірнеше тонна болатын жабынды үшеуін де жаншып тастаса керек.
Подробнее...Шымкенттік алаяқ 50 адамның атынан онлайн несие алды
Елордада алаяқ интернет арқылы ұялы телефон сатамын деп, 15 адамды 3 миллион теңгеге алдап кеткен. Ал, Шымкент тұрғыны ғаламторда табылған құжаттар тіркейтін бюродан жеке тұлғалар туралы ақпарат ұрлап, 50 жанның атынан онлайн несие алған. Ішкі істер министрілігі интернетте адамды торға түсіретіндердің көбейгенін айтып, дабыл қағуда. Өткен жылы тәртіп сақшылары онлайн алаяқтық бойынша 14 мыңнан аса заңбұзушылық фактісін тіркеген.
Подробнее...«Жедел жәрдем» жүргізушілері жалақы көтеруді талап етті
Ақтөбеде жедел жәрдемдегілер жедел көмекке мұқтаж. Наразы жүргізушілер жалақысын көтеруді сұрады. Әйтпесе, азын-аулақ қаражат ештеңеге ауыспайды деп отыр. Қызметкерлердің талабы орындалды ма? Жауаптылар не айтты?
Подробнее...Тағы бір банк банкрот болды
Елде екінші деңгейлі тағы бір банк лицензиясынан айырылды. Енді салымшыларын бір жылдан бері сабылтып, құрғақ уәдесімен әбден тойдырып біткен «Азия Кредит Банкі» де банкрот деп танылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, білдей бір қаржы ұйымы бірқатар міндеттерді орындамай келген. Сонда миллиондарын банкке сеніп тапсырғандар қайтеді? Ал экономистер неден қауіптеніп отыр?
Подробнее...Ірі көлемде пара алған жоғарғы сот судьясы ұсталды
Елордада ірі көлемде пара алған Жоғарғы соттың судьясы ұсталды. Фемида өкілін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы cоттың ішкі қауіпсіздік қызметі қолға түсірді. Күдіктінің Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезде Түркістан облысындағы аудандық соттың судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыруға көмектесіп, ақша алғаны анықталды. Сонымен қатар, оған пара берген аудандық соттың судьясы да тұтылған. Қолға түскен қазы 2019 жылдың …
Подробнее...Сәтбаевтағы 5 жасар қызды бір емес, үш адам зорлағаны анықталды
Өткен жылы Сәтпаев қаласының жұртын аяғынан тік тұрғызған сұмдық қылмысқа қатысты тың ақпарат шықты. 5 жасар қыздың зорлануына бірнеше адамның қатысы бар екен. Қарағанды облыстық прокуратурасының мәліметінше, шаһардың тағы екі тұрғынына бүлдіршінді ұрлау мен зорлауға қатысты деген айып тағылған. Сондай-ақ, негізгі күдіктіні өздері жазаламақ болып, жаппай тәртіпсіздік жасағандары үшін 57 адамнан жауап алыныпты. Іздеуде болған үш адамның біреуі қолға түскен. …
Подробнее...Дәрігерлер 560 мың, мұғалімдер 330 мың жалақы алатын болады
Алдағы 3-4 жылда дәрігерлердің жалақысы 560 мыңға, ал мұғалімдердің ай сайынғы табысы 330 мың теңгеге дейін өседі. Үш аусымды мектептер толығымен жойылып, 800 жаңа білім ордасы салынады. Облыс орталықтарында жаңа ауруханалар бой көтеріп, Алматы мен Елордада заманауи ииновациялық емхана ашылады. Үлескерлердің түйткілі толығымен шешіліп, ауыл-аймақтар сумен, жолмен, озық ғаламтормен қамтылады. Ал ауылдықтар толығымен жұмыспен қамтылады. Бұл фантастика немесе жаманның сандырағы …
Подробнее...Мұғалімнің орны – 300 мың теңге
«Мұғалімнің орны – 300 мың теңге». Осы сарындағы жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Автор білім саласындағы жемқорлықты сөз етіп, аямай сынаған. Ал пандемия жылында бір ғана Шымкенттің өзінде білім саласы қызметкерлеріне қатысты 31 қылмыс тіркеліпті. Олардың дені жұмысқа орналастыру, қызметте қамқорлығына алу, қосымша үстемақы тағайындау бойынша. Білім саласы шынымен былыққа батты ма?
Подробнее...






