0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Автобус жүргізушілері: алатынымыз 70 мың, көлікті өз ақшамызға жөндейміз

Ақтөбе автобуссыз қалды. Қала іші мен маңындағы ауылдарға қатынайтын 17 бағыттың автобусы бүгін жұмысқа шықпады. Жүргізушілер өз талаптарын қойды. Айтуларынша, орташа жалақылары — 70 мың теңге. Оның жартысы тоз-тозы шыққан көліктің құралына кетеді екен. Мезі болған жүргізушілер мәселеге шаһар басшысы Асхат Шаһаровтың өзі араласуын сұрады.

Подробнее...

Көше атауларын өзгертуге мораторий енгізілмек

Елімізде көше атауларын өзгертуге қатысты мораторий енгізілмек. Мемлекеттік шара 1 мамырдан басталып, 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Ұсынысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мақұлдады. Бұл биылғы халық санағын сапалы өткізу үшін қолға алынып отыр екен. Түсінікті тілмен айтқанда, азаматтарды тіркеуде ешбір кедергі болмай, халық шатаспас үшін осындай шешім қабылданған. Енді бұл бастаманы Президент құптауы тиіс.

Подробнее...

Ақтөбелік чемпионның есімі өзі жаттыққан клубқа берілді

Ақтөбеде бұзақының қолынан қаза тапқан чемпионның есімі ұлықталды. Каратэден Азия кубогінің иегері, 18 жастағы Дәулет Хайрулланы 4 ақпан күні атып кеткен болатын. Бүгін спортшы жаттыққан клубқа оның есімін берілді. Жаңа ғана аяқталған шараға спортшының ата-анасы, жаттықтырушыларымен бірге біздің тілшіміз де қатысты. Қазір Ақбаян Сұлтанмұратова бізбен тікелей байланысқа шықпақ.

Подробнее...

Жүргізуші куәлігін көрсетпегендердің айыппұлдары кешіріледі

Екі күннен соң көлік рөліндегілерге жүргізуші куәлігін үйде тастап кетуге болады. 13 ақпаннан бастап аталған құжатты өзімен бірге алып жүрмеуіне рұқсат беретін жаңа заң күшіне енеді. Тағы бір жағымды жаңалық. Заңға сәйкес, бұған дейін жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын көрсете алмағаны үшін айыппұлмен жазаланғандар қарызын әлі төлемеген болса, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Алайда шетелдік мемлекеттік нөмірмен, өзге мемлекеттің жүргізуші куәлігімен біздің …

Подробнее...

Құлпытастардағы марқұмдардың суреттерін қашап өшірген Әруаққа да тыныштық жоқ

Шымкентте зират басындағы белгі тастар аяқ астынан өзгертіле бастады. Құлпытасқа қашап салынған марқұмдардың суреттерін әлдекімдер әдейі қырып, өшіріп тастаған. Мұндай соралықты күтпеген жұрт полицияға шағым түсіріп жатыр. Тәртіп сақшылары кінәлілерге қатысты «өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Әзірге, құлпытасты осы жердің шырақшысы бүлдіргенін мойындап отыр. Не үшін?

Подробнее...

Күйеуге шыққысы келетін қыздар таксист жігіттерге ұсыныс тастай бастады

«Қайда? Байға!» Қазақстандық арулар тездетіп күйеуге тиюдің тың әдісін ойлап тапқан тәрізді. Соңғы күндері желіде таксист жігітпен шаңырақ құруға ниет білдірген қыздардың қарасы күрт артқан. Ақ боз ат мінген ханзадасын күте-күте шаршады ма, арулар ақ такси тізгіндеген жүргізушілердің жүрегін жаулауға кірісіпті. Не үшін? Қалай?

Подробнее...

Қайдағы дағдарыс? Қазақстандықтар шетелден жарысып вилла сатып алуда

Әлемді тығырыққа тіреген карантиндік шаралар біздің кей отандастарымыздың көліктеріне қымбат вип нөмір сатып алуына, тіпті шетелден жылжымайтын мүлік рәсімдеуіне де кедергі бола алмаған сыңайлы. Мәселен қазір Түркия мен Грузияның жылжымайтын мүлгі қазақстандықтар арасында трендте дейді сарапшылар. Сонымен қаржысын қалтасына сыйдыра алмай жүргендер кім?

Подробнее...

Павлодардағы «Хатиконы» көлік қағып кетті

Павлодардағы «Хатиконы» көлік қағып кетті. Трамвай аялдамасында иесін күткен иттің бір аяғы сынған. Еріктілер қаңғыбас жануарды арнайы орталыққа орналастырыпты. Төбетті тексерген ветеринар оған ем-дом тағайындаған. Тағы бір жаңалық. Төртаяқтының қожайыны табылды. Ол қазір ауруханада жатыр екен. Итімен аялдамада тұрған ер адам аяқ астынан есінен танып, оны жедел жәрдем көлігі алып кеткен болып шықты. Ал одан көз жазып қалған жануар сол …

Подробнее...

Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшпек

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшпек. MTV USA бағдарламасына ағылшын тілінде сұхбат берген танымал отандасымыз осындай мәлімдеме жасады. Ол құрама штаттарға шығармашылығын дамыту мақсатында қоныс аудармақшы. Әнші сондай-ақ ата-анасы мен жанкүйерлері оны әрдайым шабыттандыратынын айтып, Қытайдағы тыңдармандарына алғысын білдірді. Ерекше дауыс иесінің әлеуметтік желідегі оқырмандары оның Америкаға көшу жоспарын құптап, сәттілік тілеп жатыр.

Подробнее...

Көлгінов: Астана LRT соңына дейін салынады

«Астана LRT» соңына дейін салынады. Қазіргі кезде қала билігі қазақстандық және де халықаралық банктерден займ алу мәселесін талқылауда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан тұрғындарына онлайн форматта есеп берген шаһар басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді. Қала әкімі құрылысы кезінде 5,8 миллиард теңге жымқырылған жеңіл рельсті көлік жолы қала кейпін бұзып тұр дегенмен келісемін, деді.

Подробнее...
X