Темір бір айналырса, шыр айналдырады. Әлеуметтік желіде ұлттық киіммен темірге оратылып, би билеген бикештің видеосы тарады. Бейне аз уақыттың ішінде біраз қаралым жинап, қоғамның қызу талқысына түсіп жатыр. Бірі мұны ашық стриптизді насихаттау десе, енді бірі өнер, спорт деп бағалауда. Мұндай ерсі қылық көрсетіп, көрінген жерге ұлттық киімді кию қаншалықты заңды? Оларға тоқтау бола ма?
Подробнее...Новости
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Еліміздің газ потенциалын арттыру – энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады. Елдімекендерді газдандырудан бөлек, жаңа көздерді ашу, өндірісті дамыту – газ саласының жаңа бағыты болмақ. Бұл туралы Астанада өткен Енерджи Трендс конференциясында айтылды. Ал келесі жылдан бастап, Қазақстанда көгілдір отынның барлық мәселесін көтеріп, түрлі ұсыныстар айтылатын жаңа алаң – Астана газ форумы жұмыс істейтін болды.
Подробнее...ШЕРЗАТ ПОЛАТТЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ
16 жасар Шерзаттың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Атышулы істе 9 айыпталушы бар, оның біреуі кәмелетке толмаған. Бүгін қазан айында болған қаралы оқиға бүге-шүгесіне дейін баяндалды. Көз алдында ұлын аса қатігездікпен өлтірген қаскөйлермен марқұмның отбасы жарты жылдан соң кездесіп отыр.
Подробнее...КҮЗЕТШІНІҢ ӘЙЕЛІ ҮКІММЕН КЕЛІСПЕЙДІ
Алматыда депутаттың баласы соттталып кетті. Анау-мынау емес, 22 жылды бір-ақ арқалапты. Өйткені ол айуандықпен адам өлтірген. Тұрғын үйдің күзетшісін көлігімен қасақана қоршауға жаншып, жанын алған еді. Кейін оның кезінде халық қалаулысы болған атқамінер азаматтың ұлы екені белгілі болған. Бірақ, марқұмның жары 22 жылды да, 20 млн өтемақыны да азсынып отыр.
Подробнее...ПРЕЗИДЕНТ ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ҮЙ БЕРДІ
Қазір елімізде 25 мың ғалым еңбек етеді. 12-ші сәуір күні олардың кәсіби мерекесі. Бүгін Президент ішіндегі еңбегі сіңген мықтыларына құрмет көрсетіп, ақордадан төр ұсынды. Су жаңа пәтер кілттерін де табыстады. Бірақ, үйдің сертификатын сыйлап қана қоймай, саланы сынап та, сыбап та алды.
Подробнее...БАЛАБАҚШАҒА БАРАМ ДЕП АУРУХАНАДАН БІРАҚ ШЫҚТЫ
Бүгін таң азанымен қосшылық ата-аналар абыр-сабыр болды. Бүлдіршіндерді балабақшаға тасымалдайтын микроавтобусқа қоғамдық көлік соқтығысқан. Ауыр соққы салдарынан көлік ішіндегі балақайлар зардап шегіпті. Бөбекжайға барар жолда апатқа ұшырағандардың жағдайы қалай? Кішкентай жолаушылардың ауыр жарақат алғаны рас па?
Подробнее...АСТАНАЛЫҚТАР ӨРТТЕН ШОШЫП ОЯНДЫ
Шырт ұйқыда жатқан елордалықтар шошып оянды. Таңға жуық көпқабатты жатақхананың бірі отқа оранды. Алаң-ғұлаңда аяғынан тік тұрған төтенше жағдай мамандары тұрғындарды құтқара алды ма?
Подробнее...ҚҰН САЛЫҒЫН ТӨЛЕУДЕН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ?
Алда ауқымды салықтық-бюджеттік реформа жасалайын деп тұр. Елді шулатқан құн салығына қатысты Үкімет «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын» бір шешімге келдік деді. Ұлттық экономика министрі бүгін жаңа құжатты Мәжілісте депутаттарға 4 сағат түсіндірді. Жыр болған НДС-тің жаңашылдығы кімге жағады, кімге жақпайды?
Подробнее...ЖІГІТ ДЕГЕН ЖЫЛАЙ МА?!
Жыламаған балаға емшек жоқ болса, жыламаған еркекке жан тыныштығы жоқ екен. Көз жасын көрсетпейтін азаматтар күндердің күнінде жамандыққа жолығады деп қорқытып қойды мамандар. Эмоциясын шығармай, іштен тыну, тіпті, өзіне өзі қол салуға дейін жеткізеді-міс. О, заман да, бұ заман, жігіт деген жылай ма?!
Подробнее...ОҚУШЫЛАР 6 КҮННЕН БЕРІ САБАҚҚА БАРА АЛМАЙ ОТЫР
Алматы облысының кейбір ауылдарында соңғы қоңырау соғылып қойды. Біз төртінші тоқсанды енді бастасақ, олар әлдеқашан демалып жатыр. Дәлірек, ата-аналар соңғы қоңырауды өздері жариялап алыпты.
Подробнее...






