0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Жасым 70-ке келсе де, көмір тасып жүрмін!

Ал, Қызылорда облысына қарасты Тереңөзек кентінің тұрғындары қыстың күні табиғи газды пайдалана алмай отыр. Бірінші ақпаннан бастап Сырдария ауданының орталығы ресми түрде көгілдір отынға қосылған еді. Алайда, жұрт әлі газ орнына көмір жағуға мәжбүр. Қызылорда қаласынан небәры елу шақырым жерде орналасқан бұл елді мекен тұрғындары былтырдан бері газ пештерін орнатып, дайындала бастапты. Замануи жылу көзінің жоқтығынан жұрт қайта шығындалып, қосымша …

Подробнее...

10 жыл құлдықта болған әйелге қайырымды жандар 4 бөлмелі үй алып берді

Өзбекстанда 10 жыл құлдықта болған Қызғалдақ Байсақанова баспаналы болды. Келіншек көрші елде жүргенде әкесінің үйі сатылып кетіп, қайтып келгенде далада қалған болатын. «Пендеміз ғой» ток-шоуының ұжымы келіншектің мәселесін көтеріп, қайырымды жандар 4 бөлмелі үй сатып алып берді.

Подробнее...

Ақысын төлемегендер үшін бүтін бір аудан газдан ажыратылды

Бірдің кесірі мыңға. Көкшетауда бүтін бір аудан халқы көгілдір отынсыз қалды. Нақтырақ айтсақ, 56 көпқабатты үйде тұратын 3 мыңға жуық адам аязды күні орталықтандырылған газ жүйесінен ажыратылған. Оған коммуналдық қызметке уақытында ақы төлемегендер кінәлі көрінеді.

Подробнее...

Қазақстандықтар дағдарысқа қарамастан шетелден қымбат вилла сатып алуда

Әлемді тығырыққа тіреген карантиндік шаралар біздің кей отандастарымыздың көліктеріне қымбат вип нөмір сатып алуына, тіпті шетелден жылжымайтын мүлік рәсімдеуіне де кедергі бола алмаған сыңайлы. Мәселен қазір Түркия мен Грузияның жылжымайтын мүлгі қазақстандықтар арасында трендте дейді сарапшылар. Сонымен қаржысын қалтасына сыйдыра алмай жүргендер кім?

Подробнее...

Бойжеткенді зорлаған экс-прокурор мен банк менеджеріне сот шешім шығарды

Бойжеткенді үйіне шақырып, таңға дейін зорлаған экс-прокурор мен банк менеджеріне қатысты соттың шешімі шықты. Бүгін мемлекеттік айыптаушы Алматыдағы Бостандық аудандық сотында Тимур Тілембаев пен банктің бұрынғы топ-менеджері Қанат Әлиқұлдың қылмыс жасаған кезде мас болғаны ескеріліп, жазаның күшейтілгенін және істің толықтай дәлелденгенін жеткізді. Енді олардың әрқайсысы жәбірленуші тарапқа бір жарым миллион теңгеден беруі тиіс.

Подробнее...

Ақтүтек боран басылмай тұр

Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылды. Боранға қарамай алыс жолға шыққан 29 адам қар құрсауынан құтқарылды. Республикалық маңызы бар жолдардың біразы уақытша жабылды. Ал, синоптиктер еліміздің 12 аймағында дауылды ескерту жариялады. Алайда оны елемей жолға шығып, қар құрсауында қалғандар да бар.

Подробнее...

Баспана бағасының өсуіне не себеп?

Елде баспана бағасы тағы шарықтап кетті. Жылжымайтын мүлік құны бірден 17 пайызға өскен. Мұны тұрғын-үй нарығындағы мамандар растап отыр. Олардың пайымынша, бұған бірнеше себеп бар. Жеке шаршы метрдің баға өсіміне не түрткі болды?

Подробнее...

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Бүгін ақиық ақын Мұқағал Мақатаевтың туған күні. Көзі тірі болғанда 90 жасқа толар еді. Ақынның өмірден өткеніне де 45 жыл болған. Алайда жыл өткен сайын шайырдың оқырмандары қатары артпаса, кеміген жоқ. Керісінше сезімге толы жырлары арқылы халыққа жақындай түсті. Ақынның өлеңдерін көпшілік жата-жастана оқиды. Ақын үшін бұдан асқан арман бар ма?

Подробнее...

Шенеуніктердің жалақысын арттырса, жемқорлық жойыла ма?

Қаржы министрі қарамағындағы қызметкерлерінің не себепті жемқорлыққа бір табан жақын екенін айтты. Ерұлан Жамаубаев бұл жағдайды қалай реттеу керек екенін де іштей біліп отыр екен. Бүгін үкімет отырысында салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралды. Жиында кәсіпкерлер үш жылдық мораторийді пайдаланып, салық төлеуден жалтара бастағаны да белгілі болды. Министрлер мен өңір басшылары бас қосқан жиында тағы не айтылды?

Подробнее...
X