Ескертуді елемей, көлігімен алыс жолға шығып кеткендер қиын жағдайға тап болып, көмек шақыртуға мәжбүр. Қарлы боран көзді байлап, көктайғақ темір тұлпарды ала қашқанда бір-біріне соғылып, қирап қалып жатқан жағдайлар жиілеп барады. Бес-алты көлік түйіскенде өртеніп кеткендері де бар. Бір ғана Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытында жанын шүберекке түйіп жолға шыққан 800 жүргізуші қар құрсауында қалып қойған. Ауа-райының қолайсыздығынан төтенше жағдайлар министрлігінің жанында жедел …
Подробнее...Новости
Марихуана мен заңсыз қару-жарақ ісіне полицейлердің қатысы бар болып шықты
Былтыр елімізде қарамағындағы қызметкері жемқорлық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан 51 бастық шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі айтты. Арман Садановтың дерегінше, полиция қатарында жемқорлық фактілерін болдырмау үшін кешенді шаралар қолға алынған екен.
Подробнее...Жалған ақпарат: зейнет жасын төмендету туралы заң мақұлданды
Парламентте зейнет жасын төмендету туралы заң жобасы мақұлданды Осы сарындағы ақпарат кешелі-бері Қазнетті шулатып жатыр. Хабарлама мәтінінде заң жобасы 5 ақпан күні парламентте екінші оқылымда мақұлданды делінген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз кезегінде желіні шарлап кеткен жаңалықтың мүлде шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Осыған дейін ведомства зейнет жасының төмендеуі туралы ақпаратты бірнеше мәрте теріске шығарған болатын.
Подробнее...Тегін көлік ұтысына келген халық бір-бірін таптап кете жаздады
Тін тірескендер бірін-бірі таптап, жазым ете жаздады! Әлеуметтік желіде үш мыңға жуық адамның шоғырланған видеосы таратады. Белгілі болғандай, олар гүл сататын дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырғандар ұтыс ойына қатысқан. Алайда, ешқандай санитарлық талаптарды орындаймай, бетперде тақпаған. Елдегі эпихахуалға қарамастан ойын өткізген кәсіпкер кім? Осының басы-қасында жүрген. блогерлер жауапқа тартыла ма?
Подробнее...Павлодар тұрғындары сусыз қалды
Павлодарда түнде су құбыры жарылып, бірнеше көше мен үйлерді су басты. Түнде басталған коммуналдық апаттың салдарынан 37 үй мен 8 ғимарат су жүйесінен ажыратылды. Ал, жауапты мамандар коллапсты толық жоюға бір тәулік уақыт керек дейді. Демек, жөндеу жұмыстары әлі де жүріп, су басқан жерді тазартылуда.
Подробнее...Шешіндіріп, дубинкамен ұрады: түрмедегілерді азаптаған ба?
Түрмедегілерді ұрып-соғып, қинау дерегі тыйылар емес. Шымкентте бір топ жазасын өтеушілердің туыстары осылай деп шағымданды. Олар Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 167/3 түзеу мекемесінің қызметкерлері осындағы жазасын өтеушілерді сан түрлі әдістермен қинап жатқанын айтады. Ішкі тәртіпке мойынсұнбадың деген желеумен, тәулік бойы суық бөлмеге заңсыз қамап, тіпті, жарығы жоқ казармада ұстаған көрінеді. Қала берді, тағамның да мәнісі кеткен дейді сотталушылардың ет-жақындары. Бұл …
Подробнее...Екпе төңірегіндегі егес
Қазір әлемнің бірқатар елдері коронавирусқа қарсы вакцина дайындап, оны өз халқына жаппай егуді бастап кетті. Олардың арасында Қазақстан да бар. Біздің елде әзірге ресейлік вакцина қолданылуда. Ал отандық дәрі үшінші клиникалық сынамалардың алдында тұр екен. Бірақ осы уақытқа дейін егілген жандардан ешқандай кері әсер байқалмаған. Керісінше, 250-ден астам еріктінің ағзасында вирусқа қарсы қорғаныш клеткалары көптеп түзіліпті. Вакцина салдыру қауіпсіз бе, …
Подробнее...Әйелдер арасында жемқорлық жайттары жиілеген
Елімізде әйелдер арасында да жемқорлық фактілері жиілеген! Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Мәселен 2019 жылы 256, 2020 жылы 336 әйелге қатысты іс қаралған. Олардың арасында лауазымды тұлғалар бар. Шенді әйелдерге қомақты қаржыны жымқырған деген айып тағылған. Сондай-ақ, бүгін Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынғаны расталды. Агенттіктің мәліметінше, ол облыс аумағында …
Подробнее...Ақтөбеде чемпион жігітті атып кетті
Ақтөбеде чемпионды атып кетті. 18 жастағы Дәулет Хайрулла каратэден ұлттық құраманың белді мүшесі болған. Азия кубогінің, ел кубогінің иегері, қоңыр белбеу иесі. Марқұм екі аптадан соң жарысқа баруы тиіс еді. Республикалық біріншілікке дайындалып жүрген беті екен. Жоғары оқу орнының спорт факультетінде оқи жүріп, өзі де кішкентай балаларды каратэге баулыпты. Шәкіртінен қапияда көз жазып қалғанына жаттықтырушысы әлі де сенетін емес.
Подробнее...Дәрігерлер үстемақы берудің жаңа тәртібімен келіспейді
Адамның ауру екенін қалай болжаймыз?! Алматылық жедел жәрдем қызметкерлері жаңа бұйрыққа қарсы. Енді олар КОВИД жұқтырған науқасқа барып тексергенде ғана үстемақы алатын болып шықты. Ал қалған шақыртулар үшін медициналық қызметкерлерге қосымша ақы берілмейді. Ақ халаттылар бұл шешімнің ақылға сыймайтындығын айтып, ашуланып отыр. Өйткені дерті бар жанның диагнозын алдын-ала білу мүлде мүмкін емес, әрдайым басымызды тәуекелге тігеміз дейді.
Подробнее...






