Осы жексенбі Қордай қақтығысына бір жыл толады. Былтыр ақпанның жетісі күні Масаншы мен Сортөбе және тағы басқа ауылдарда ғимараттар отқа оранып, адам шығыны болған еді. Осыдан кейін үкіметтік комиссия құрылып, жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген нысандар қалпына келтірілді. Тілшіміз Қордай ауданына барып, жергілікті тұрғындардың бүгінгі тыныс-тіршілігін көріп келген еді.
Подробнее...Новости
Екі педофилге кастрация жасалады
Шымкентте кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды зорлаған екі жазасын өтеушіге кастрация жасалады. Мұндай үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Судьяның айтуынша, бұл жазаны түзеу мекемесі орындайды. Ал, кісі өлтіріп, сотқа тартылған ер адам тергеу абақтысында көз жұмған.
Подробнее...Ауыл тұрғындары далада қалды
Қай көше, қай үйде тұрамыз? Солтүстік Қазақстан облысындағы бүтін бір ауыл тұрғындары далада қалғандарын айтып, дабыл қақты. Атап айтқанда, өздерінің нақты қайда тіркелгендерін білмейді. Әбден тығырыққа тірелген жұрт біздің арнамызға хабарласып көмек сұрады.
Подробнее...Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, 2 дәрігер қаза тапты
Еліміздің он өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Трассалар жабылып, авто иелеріне жолға шығуға шектеу қойылды. Алайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан рөлге отырып, ұзақ жолға шыққандар көп. Мәселен, көктайғаққа қарамастан Өскемен-Семей бағыты бойынша жолға шыққан «Даф» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан жедел-жәрдеммен соқтығысқан. Ауыр соққыдан 2 дәрігер оқиға орнында жан тапсырып, жедел-медициналық көмектің жүргізушісі ауыр жағдайда …
Подробнее...Ресей азаматтығын алған шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айрылды
Шымкенттік шенеунік шетел азаматтығын аламын деп басы дауға қалды. Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Ресей азаматтығын алғаны үшін, Қазақстан азаматтығынан айырылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының маманы мәлімдеді. Ведомства өкілінің сөзінше, шенеунік заңды бұзған.
Подробнее...Барымташылардан запы болғандар малды өріске жіберуге қорқып отыр
Барымташылар басқа шықты! Қызылорда облысындағы мал иелері арнамызға жанайқайын жеткізді. Аймаққа қарасты Сырдария ауданы тұрғындары төрт түлігін өріске жіберуден қорқып қалған. Ал, жергілікті полиция қызметкерлері әрекет етпей отыр дейді тұрғындар. Осыдан болар жүрек жұтқан ұрылар өрісті қойып, қорада тұрған малды да ұрлауға кіріскен.
Подробнее...Елордалық базардағы сатушылар үш күннен бері жарықсыз қалды
Елордадағы базарлардың бірінде саудагерлер шу шығарды. Құрылысқа арналған керек-жарақты сататындар үш күннен бері жарықсыз қалғандарына наразы. Бұл қолайсыздықтың кесірінен бояу, эмульсия сынды сұйықтықтар қатып, сауда кезінде керекті электронды апараттар істемей қалған. Бұған не себеп?
Подробнее...Талапқа сай емес: көкшетаулық ет тасымалдаушылар етін өткізе алмай отыр
Көкшетаудағы ет тасымалдаушылардың өнімі базарларға өтпей тұр. «Себебі санитарлық талаптардан жұрдай», — дейді мамандар. Алыстан арбалап әкелгендері таза жерде сақталмайды, әрі мұздатылмаған. Неше жылдан бері өнімін саудалап, күнелтіп келген фермерлер мұнымен келіспейміз деп отыр. Саудагерлер де негізсіз тексерулердің салдарынан ет бағасы қымбаттайды деген пайымда. Түйткілдің түйінін тілшіміз біліп көрген еді.
Подробнее...«Миллионмен декретке»: БЖТ төлеп, қомақты ақша алуға бола ма?
Жүкті қыз-келіншектерге құлаққағыс! Әлеуметтік желідегі түрлі марафондар мен онлайн сабақтардан сақ болыңыз! «Миллионмен декретке» деп аталатын сабақтардан бөлек, қазір кей блогерлер заңды айналып өтудің түрлі жолдарын ұсынуда. Сонымен еш жерде тіркелмей, жұмыс істемей, ЕСП төлеп, декретке шығу мүмкін бе? Тілшіміз бұл сұрақтың жауабын құзырлы орган өкілдерінен біліп көрген еді.
Подробнее...Госпиталь қашан салынады?
Ардагерлерді емдейтін орын жетіспейді! Елімізде майдангерлерге арналған тек екі госпиталь ғана бар. Оның бірі Нұр-Сұлтанда болса, екіншісі Алматыда. Ал елімізде осы емдеу мекемесінде ем қабылдауы тиіс 800 мың адам бар. Олар кезекті жылдар бойы күтуіне тура келеді. Ал Алматыда ескі госпиталь орнына жаңасын салынатын болса біраз жанның денсаулығын түзетуіне мүмкіндік болатын еді.
Подробнее...






