14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Елорда қызылдан сары аймаққа өтті

Бас қалада жаңа қаулы! Екі апталық шектеулерден соң шаһардың «қызыл» аймақтан сарыға өтуіне байласты Сархат Бейсенова жаңа құжатқа қол қойыпты. Дәл қазір студиямен Нұрай Құрақпай Скайп арқылы байланысқа шығып, карантиннің кімдер үшін жеңілдеп, шектеу шараларының қай нысандарда сақталғанын толығырақ айтпақ.

Подробнее...

Қашықтан оқыту үшін ноутбукке бөлінген ақшаны жымқырған

Алматы облысындағы білім саласына жауапты шенеуніктер жемқорлық бойынша былыққа ілікті. Атап айтсақ, облыстық Білім басқармасының басшысы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы мен ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының директоры ұсталды. Аталған үшеу пандемия кезінде мектеп оқушылары үшін қашықтан оқытуға қажетті 2 522 ноутбукты мемлекеттік сатып алудан пайда …

Подробнее...

Жоғары вольтты сымдар кінәлі: көшедегілердің бәрі онкологиядан қайтыс болды

Электр сымдарынан тараған магнитті сәулелер бізді қырып бітетін болды. Арнамызға базынасын айтқан елорда тұрғындары 90 жылдардың соңында көшелеріне тұрғызылған жоғары кернеулі бағаналар өмірлеріне қауіп төндіріп жатқанын айтады. Жұрт мәселесін айтып қала әкімінің қабылдауына бірнеше жылдан бері кіре алмай жүр екен. Ал, соңғы уақытта Байқоңыр ауданында қатерлі ісіктен қайтыс болғандардың қатары артыпты.

Подробнее...

Жаңадәуірдегі жаңа өмір

Ал, Алматы облысындағы Жаңадәуір ауылының тұрғындары жаңа жолдың салынғанына қуанышты. Алты жылдан астам ой-шұқырмен жүріп, сапасы сын көтермейтін ауыз суды пайдаланып келген жұрт өркениетке жеткендеріне риза

Подробнее...

Шығудан бас тартты

Шымкентте автобус жүргізушілері мен кондукторлар бүгін жұмысқа шығудан бас тартты. Олар жалақыларын көтеруді талап етіп, мекеме қожайынын тезге салуды сұрады. Наразы жұрттың айтуларынша, автопарк иесі шындықты айтып, шырылдағандарды шетінен жұмыстан қуып жатыр екен. Амалы таусылған азаматтар қала әкімінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Ал, бұл уақытта жұмысқа асыққан жолаушылар аялдамада сағаттап автобус күтіп тұр еді.

Подробнее...

Екпе алған-алмағаныңызды QR-код анықтайды

Қазақстандықтардың екпе алған-алмағанын QR-код анықтайтын болады. Денсаулық сақтау министрі бүгін осылай деді. Алексей Цойдың пайымынша, бұл бастама еліміздегі коронавирустың таралу статистикасын нақты білуге мүмкіндік бермек. Адамның індетті жұқтырғанын көрсететін QR-кодты отандық қос мобилдік бағдарлама сканерлейтін болады. Бүгінде олардың біреуі іске қосылған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу …

Подробнее...

Ұлттық халық санағы қалай өтеді?

Биыл қазан айында елімізде ұлттық халық санағы өтеді. Қазақстандықтарды түгендейтін іс-шарада санақ жүргізушілер цифрлық технологияларды қолданып, процесс автоматтандырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Ол сондай-ақ ел тұрғындары туралы дерек жинау екі жолмен жүргізілетінін де айтты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, ҚР СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «Бірінші …

Подробнее...

Індет жұқтыру бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр

Енді елдегі вирус жұқтырғандардың есебіне келсек. Соңғы тәулікте КОВИД-19 белгісі бар 1161 пациент тіркелген. Ең көп жұқтыру фактісі Павлодар облысына тиесілі. 238 жағдай. Бір айдан бері індет жұқтырудың антикөшін бастап тұрған Кереку өңірінен бөлек, қауіптіліктің қызыл аймағында батыс, солтүстік пен Ақмола облысы да бар. Ауырғандардың тең жартысы аталған 4 өңірден анықталып отыр. Ал сары жолаққа Қостанай, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан …

Подробнее...

Зейнетқордағы ақшаға өтінім бергендер қаражаттың кешіктірілгеніне алаңдаулы

Зейнетақы шотынан ақша шешуге өтініш бергендер түрлі кедергіге тап болуда. Салымшылардың басым бөлігі қаражаттарының аударымы кешіккеніне алаңдаулы. Жауапты мамандар бүгін жаңа жүйенің алғашқы нәтижелерімен бөліскен екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Зейнетақы қорындағы қаражатқа қатысты түйткілдер туындағаны рас. Өтінім берген азаматтардың дені өтініштерінің ұзақ уақыт қаралып жатқанын айтуда. Одан бөлек, зейнетақы қорындағы қаражатпен ипотеканы жапқан күннің өзінде, неліктен 5 …

Подробнее...
X