18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Тұрғындар құрылысқа қарсы

Алматыдағы Әуезов ауданында орналасқан көпқабатты үйге жапсарлас тағы бір 9 қабатты баспананың құрылысы басталатынын естіген тұрғындар бүгін шу шығарды. Жұрттың айтуынша бірде бір адам келіп жағдайды ескертпеген. Тіпті, жердің жаңа қожайыны туралы да есікте ілулі тұрған ақ қағаздан біліпті. Онсыз да қуықтай жерге әрең сыйып отырғанда бұл нысанның бой көтеруіне түбегейлі қарсымыз, дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Үй …

Подробнее...

4 баласы бар атыраулық әйел жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған

Жаңа туған сәбиді қоқысқа лақтырып жіберген . Атырау облысында 35 жастағы келіншек үйінде босанып, шақалақты жәшікке салып, қоқысқа тастаған. Полицейлер нәрестенің өлі денесін күдіктінің үйінен 100 метр жерден тапқан. Безбүйрек ана сұмдық қадамға неліктен барғанын түсіндіруден бас тартты. Жаға ұстатарлық оқиға Сағыз ауылында болған. «Қан кетіп жатыр» деген шақыртуға жеткен ақ халаттылар әйелдің жаңа босанғанын анықтап, полицейлерге хабарлаған. Белгілісі, әйелдің …

Подробнее...

Індетке қарсы екпе кері әсер беруі мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина енгізілгеннен кейін кері әсер беруі мүмкін. Бұл туралы қалалық жұқпалы аурулар орталығының бөлім меңгерушісі мәлімдеді. » Кері реакция болған жағдайда нақты алгоритм дайын», — деп отыр маман. Вакцинациямен айналысатын дәрігерлер емдеу әдісін меңгерген және көмек көрсете алады. Зәуреш Смағұлова сондай-ақ вакцинациядан кейін болатын әсерлердің екі топқа бөлінетінін атап өтті.

Подробнее...

ШҚО экологтары өзендердің ауыр металдармен ластанғанын анықтады

718 миллион теңге. Шығыс Қазақстан облысының экологтары өзендердің ауыр металдармен ластанғанын айтып, оған келтірілген залалдың көлемін осындай сомаға бағалады. Суды ластап жатқан мекеме «Казцинк» өнеркәсіптік кешені екені белгілі болды. Кәсіпорын залалды өтеуге міндеттеліпті. Сондай-ақ, мекемеге тазарту жүйелерін жаңғыртып, жаңа технологияларды енгізу туралы ұйғарым берілген.

Подробнее...

Алматылық көпбалалы аналар автобуста тегін жүре алады

Енді көпбалалы аналар Алматының қоғамдық көліктерімен тегін жүруге құқылы. «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған жандарға қала әкімдігі осындай жеңілдік жасап отыр. Сонымен қатар, шекара асып әскери іс-қимылға қатысқан ардагерлерге де мұндай жағдай қарастырылған. Санақ бойынша батыр ана марапаты қала бойынша 4663 нәзік жанға берілген. Қалалық әкімдіктің VII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясының барысында мұндай идеяны депутаттардың барлығы бір …

Подробнее...

«Заңнан да, құдайдан да қорықпаған» жемқорлар

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Коронавирус қыспаққа алғанда қысқа мерзімде модульдік ауруханалар салғанымыз естеріңізде шығар. 15 күннің ішінде жылдам бітіргенімізге қуанып жүрсек, жауаптылар бөлінген ақшаны жылдам жеп жатқан екен ғой сол кезде. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы біраз былықтың бетін ашты. «СК-Фармация» компаниясы экс-басшысының іс-әрекеті дәрігерлердің ауру жұқтыруына себеп болған деп қойып қалды. Ал, елдегі екі министрлік пен бір комитет …

Подробнее...

Үйіміз құласа, үйінді астында қаламыз

Үйіміз құласа, үйіндінің астында қаламыз. Павлодардың жеке меншік секторында тұратындардың зары бұл. Олар талай жылдан бері көктем сайын көтерілетін жерасты суларынан зардап шегіп келеді. Ылғал халықтың беспанасының іргетасын үгітіп тастаған. Шенділердің жарты миллиард теңгеге салған нысандары бұл түйткілді шешуі тиіс еді. Алайда, іс жүзінде олай болмай шықты.

Подробнее...

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Ұлттық комиссия латын графикасындағы жетілдірілген қазақ әліпбиін ұсынды. Талқылауға шығарылған нұсқа 40-тан астам ұсыныстың ішінен таңдалып алынған. Оның ішінде 31 әріп бар екен. Бұл жұмыстар қалай жасалып жатыр, жаңа таңбалар қалай таңдалып алынды? Жаңа әліпбиге көшу қанша кезеңмен жүзеге асады?

Подробнее...

Зейнетқордағы артық қаржыны ЭКО-ға пайдалануға рұқсат етілді

Зейнетақы жинағын алуға қатысты ережеде сегізінші мақсат қосылды. Нақтырақ айтсақ, зейнетақы жинағындағы қаражатты жасанды ұрықтандыруға пайдалана рұқсат берілді. Жаңа талап келесі аптадан бастап жүзеге асырылмақ.

Подробнее...

Енді зорлық көрген әйелдердің ісімен әйел тергеушілер айналысады

Зорлық көрген балалар мен әйелдер еркек тергеушілердің аылдында ашылып сөйлей бермейді. Бұл қылмыстарды ашу процесміне кері әсер етеді. Слндықтан елімізде әйелдер мен балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық істерімен енді әйел-тергеушілер айналыспақ. Ол үшін мұндай мамандардың санын көбейтіп, біліктілігі арттырылмақ. Мұндай практика қаншалықты тиімді? Бұған қатысты сарапшылар не дейді?

Подробнее...
X