«Алу» мен «беруді» ұмытпау керек. Сот пен прокурордың да тілін таппаса болмайды! Әлеуметтік желіде осы сарындағы аудио тарады. 4 жарым минуттық жазбадағы дауыстың иесі Кентау қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары болып шықты. Ол қоластындағы қызметкерлерден ақша талап етіп, көнбегендерін жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. Шендінің бұған дейін де осындай әрекеті үшін жұмыстан қуылған екен.
Подробнее...Новости
Herbalife Nutrition компаниясы марапатталды
Herbalife Nutrition компаниясы «Қазақстанның жыл таңдауы» халықаралық фестивалінде «Салмақ бақылау және азайту бағдарламасы» құрмет медалімен марапатталды. Наградаларға ие болған өнімдер жайлы тілшіміз толық тарқатып айтып береді.
Подробнее...Шымкенттік дәрігерлер денесін 92% күйік шалған науқасты аман алып қалды
Қызылордалық Әлішер Қадірханнің тұла бойындағы бір қабат терісі газ жарылғаннан күлдіреп түсіп қалыпты. Қазалы аудандық ауруханасында алғашқы ем алған оны Сыр өңірінің ақ халаттылары жедел жәрдеммен Шымкентке жеткізіп, әріптестеріне аманаттап кетіпті. Екі ай бой тыңғылықты ем қабылдаған пациент жуырда үйіне оралды.
Подробнее...Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары қатаң карантинге оралуы мүмкін
Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары қатаң карантинге оралуы мүмкін. Президенттің ескертуінен соң, аталған үш өңірдің басшылары жаңа қаулы шығаруға кірісті. Елде вирус жұқтырғандардың 40 проценті әлі де осы аймақтарға тиесілі. Алматыда да инфекцияға шалдыққандар қатарының күрт артуына байланысты шектеу шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Ал өзге өңірлерде жағдай қалай?
Подробнее...Құрылысшылар 3 айдан бері жалақы алмаған
Елордада еліміздегі ірі құрылыс компанияларының бірінде еңбек еткен жұмысшылар 3 айдан бері жалақыларын ала алмай келеді. Маңдай тердің ақысын талап еткен 20-ға жуық құрылысшыға мердігер түрлі себеп, сылтау айтып ақысын төлемей жүрген көрінеді. Белшеден қарызға батқан бригада өздеріне сеніп тапсырылған жұмыстың тапсырылғанын, ешқандай кінәрат табылмағанын алға тартады.
Подробнее...Елорда іргесіндегі пәтерлерге миллиондап құйғандар әлі баспанаға кіре алмай отыр
Елорда маңындағы Қосшы ауылында бірнеше жылдан бері 300 адам баспаналарына кіре алар емес. «Даймонд Парк» деп аталатын тұрғын-үй қалашығынан пәтер алғандар өз үйіміз барда, бөтеннің баспанасын жалдауды шаршадық дейді. Шыдамы таусылған бір топ салымшы жиналып, мердігердің кеңсесіне баса-көктеп кірді.
Подробнее...Мәжіліс депутаты зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды
60 жасқа дейін төмендету керек! Мәжіліс депутаты Александр Милютин еңбек жағдайының қиындығына байланысты қазақстандықтардың зейнетке шығу жасын көтермеуді ұсынып, Премьер-министр Асқар Маминге сауал жолдады. Депутат қазіргі зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгерту керек деп есептейтінін айтты.
Подробнее...Жаңа мәжілістің жалпы отырысында өткір мәселелер қозғалды
Құрамы жаңарған Парламентке тың леп келгендей. Мәжілістің жалпы отырысында депуттаттар өткір-өткір мәселелерді қозғады. Баласы бар ата-аналар кешкі алтыда жұмыстан босатылуы керек! Қандастардың құжат алу мәселесінде әлі де шешілмеген шаруалар бар. Ветеринарлық дәрігерлердің проблемасына қашан көңіл бөлінеді? Бұл бүгін Төменгі палатада көтерілген мәселелердің бір парасы ғана. Жұмыстарына білек сыбана кіріскен жаңа депутаттар Үкіметке депутаттық сауалды қарша боратты. Атқарушы биліктің жұмысын өткір …
Подробнее...Зейнетақы жүйесі тағы реформаланбақ
Қырық жылдан кейін зейнетке шығатындар қоңыз теріп кетпей ме? Қазіргі заңға сәйкес, олар болашақта тек өздерінің салымдарынан ғана зейнетақы ала алады. Бұл жарналардың тым мардымсыз екенін, әрі жыл сайынғы инфляцияға жем болып жатқанын ескерсек, болашақ зейнеткерлердің жағдайы шынымен де қиын болатын түрі бар. Осыны алдын-ала ескерген Еңбек министрлігі «Зейнетақы туралы» заңға бірқатар өзгерістер дайындапты. Маңызды құжатқа қандай жаңалық енбекші, ол …
Подробнее...Маңғыстау облысында бала зорлаған педофил өмір бойына қамалды
Маңғыстау облысында баланы зорлаған педофил өмір бойына қамалды. Сот жабық режимде өткен. Сұмдық оқиға өткен жылдың мамыр айында болған. Қаскүнем танысының үйіне түнгі уақытта барыпты. Алайда, үй ішінде тек кішкентай қыз ғана болған. Ішімдікке сылқия тойып алған ол кішкентай 10 жастағы жеткіншекті алдымен ұрып-соғып, кейін бірнеше рет зорлаған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ГАУҺАР НҰРХАНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ …
Подробнее...






