2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Зейнетақы жинақтарын алуға 20 мыңнан астам қазақстандық өтініш берді

Сең орнынан қозғалды. «Отбасы банкіне» зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін 20 мыңнан астам қазақстандықтан өтініш келіп түскен. Ал қазірдің өзінде жылдар бойы жинаған қаржысының бір бөлігін алғысы келетін 70 мыңға жуық салымшы арнайы шот ашып үлгеріпті. «Отбасы банкінің» мәліметінше, азаматтардың дені біржолғы зейнетақы төлемін ипотекалық қарыздарын өтеу үшін пайдаланғысы келетінін айтып, өтініш берген. Сондай-ақ ипотекасыз үй сатып алу, өзінің жақын …

Подробнее...

Елордалық бір топ жігіт төбелесіп, оқ атысты

Елордада бір топ жігіт төбелесіп, оның соңы атысқа ұласты. Салдарынан бірнешеуі жарақат алған. Қару ұстағандардың жаға жыртысуын көргендер төбелескендер полиция мен жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнынан қашып кеткендігін айтады. Бұған құзырлы органдағылар не деді? Жараланғандардың халі қалай?

Подробнее...

Қазақ спортында орны толмас қаза

Қазақ шаңғы спорты орны толмас қазаға душар болды. Төрт бірдей Олимпиада қатысушысы, шаңғыдан 2013 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Николай Чеботько көлік апатынан қайтыс болды. 38 жастағы спортшы Бурабайда апатқа ұшыраған. Бүгін оның жарқын бейнесін үзеңгілес достары, әріптестері, барша қазақ спорт сүйер қауымы еске алды.

Подробнее...

«Сенімнен кетсе» де, кресломен қош айтыспайтын шенділер

Отставкаға кеткен шенділердің мемлекеттік қызметтерде төбе көрсетуі тоқтар емес. Бірқатар шенеунік сенім лимитін сарқыса да, жылы орнын суытпай жүр. Тізімді Ғабидолла Әбдірахымов, Тамара Дүйсенова, Ерболат Досаев сынды бірқатар кадр толықтырып тұр. Мұның сыры неде? Былайша айтқанда, билікке кіндігімен байланған шенділер жайлы жайлы тілшіміз сабақтайды.

Подробнее...

«Демалмай тұрып» маскасыз суретке түскен депутаттар айыппұл арқалады

Маскасы шешілген депутаттар енді 90 мың теңге шамасында айыппұл төлейді. Семейде бетперде кимей түскен сурет үшін қалалық мәслихат депутаттарына айыппұл салынды. Күні кеше ғана өткен мәслихаттың VII шақырылымының бірінші сессиясы осылай республикалық деңгейде талқыланады деп кім ойлаған? Әріптесім Айбек Қосан кінәлі тарапты әңгімеге тартты әрі бетпердені шешіп, 30 секунд демалмай тұруға бола ма деген сауалды дәрігерлерге қойып көрді. Әріптесім әзірлеген …

Подробнее...

Талғар ауданы әкімінің парамен ұсталғаны рас па?

Талғар ауданының әкімі парамен ұсталды. Тағайындалғанына алты ай толмай жатып тұтылғаны туралы ақпарат лезде таралғанымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әгентгінің өкілдері бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығармады. Жел соқпаса шөптің басы қимылдамасы анық қой. Аудан әкімімен бірге бүгін тағы екі қызметкері жұмысқа келмеген.

Подробнее...

COVID-19: Қазақстан «қызыл аймақта» тұр

Елде індет дендеді. Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Онда сегіз өңір «қызыл» аймаққа енгенін көруге болады. Қай облыстарда санитарлық бекеттер қайта қойылды? Карантинге пысқырмастан той жасағандар қалай жазаланды?

Подробнее...

Мүгедек қыздарға спираль салып, зорлап келген

Шымкенттің полицейлері мүгедек қыздармен жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін деген күдікпен бір топ ер адамнан жауап алып жатыр. Бұған науқас қыздың анасының шағымы негіз болған. Жалғызбасты ана Әлия Мамутованың сөзінше, №2-ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ем қабылдап жатқан жарымжан перзентіне орталық қызметкерлері спираль салған көрінеді. Және оны жылдар бойы зорлап келген деп отыр. Ол тіпті, бұл жөнінде тиісті органдарға шағымданғанымен, әлі …

Подробнее...

Украина: Қарттар үйіндегі өрттен 15 адам тірідей жанып кетті

Алапат өрт 15 адамның өмірін қиды. Жантүршігерлік оқиға Украинаның Харьков қаласындағы «Қарттар үйінде» болды. Анықталғандай, мекеме заңсыз жұмыс істеп келген. Тірідей жанып кеткен қариялардың өліміне енді кім жауап береді?

Подробнее...

Мешіттен садақа жәшігін ұрлаған адам ұсталды

Алматыдағы мешіттердің бірінде садақа тастайтын жәшіктен 290 мың теңге ұрлаған күдіктіні полицейлер қолға түсірді. Қолының сумақысы бар жігіттің әрекеті сондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 30 жастағы қала тұрғыны жұмыссыз қалып, пәтерге ақша төлеу керек болғандықтан осындай қадамға барғанын айтып ақталды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Подробнее...
X