X FACTOR шоуының тікелей эфирдегі финалдық бәсекесі жалғасуда. Айта кетейік, байқауға қытысушылар тағдыры жанкүйерлердің қолында. Үміткерлердің келесі кезеңге өтуі көрермендердің берген дауыстарына байланысты. Сондықтан көрермендер көзайымына айналу үшін қатысушылар бар өнеріне ортаға салуда. Телекөрермендер ілтипаны ие бола алмаған екі үміткер келесі кезеңге өте алмаған. Қазір олар замануи әндерді орындайды. Естеріңізге сала кетейік, өз дауысын SМS және мессенджер арқылы бере алады.
Подробнее...Новости
Баласы шетінеген фельдшер жұмысына оралғысы келеді
«Менің орнымды тартып алып, намысымды таптады». Елорда тұрғыны осылай деп арнамызға шағымданды. Емханада фельдшер болып істеген келіншек баласы шетінеген соң, бұрынғы жұмысына оралайын десе, ол жердегі орнында басқа маман қызмет істеп жатыр екен. Бұған мекеме басшылығы не дейді?
Подробнее...Басшылықтың қудалауынан шаршаған театр актері өз-өзіне қол салмақшы болды
Әртістердің драмасы! Қызылордада 27 жастағы өнер адамы өз-өзіне қол жұмсамақ болды. «Нартай Бекежанов атындағы драма театрында өнер қуып келген жастар басшылық тарапынан қудалауға түседі» деген Нұржан Қараманов амалсыздықтан осындай қадамға барғанын айтады. Әріптесінің сөзін ұжымдастары да растап отыр. Әртістердің айтуынша театр әкімшілігінің сөзін сөйлейтіндер көп мөлшерде жалақы алады екен. Және бұл жайт соңғы он жылдан бері жалғасып келеді дейді. Әділсіздік …
Подробнее...Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық
«Әлеуметтік қызметтер порталы». Шымкентте осындай атаумен ерекше қызмет түрі іске қосылды. Жаңа жүйе мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әртүрлі қызмет түрлерін ешқайда бармастан, үйде отырып-ақ алуға мүмкіндік береді. Әзірге, 5 бағыт бойынша 50-ден астам қызмет түрлері ұсынылған.
Подробнее...Зейнетақы жинағын пайдалану ережесі бекіді
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін банктен қалай ала алатыны белгілі болды. Бүгін осы бастамаға жауапты министрліктің бірі зейнетақы реформасының ережесін жариялады. Бір қызығы, арнайы қорда жиналып тұрған қаржыны алуға бүгінде 60 мыңға жуық қазақстандық өтініш беріпті.
Подробнее...Құрылыс компаниясына премьер-министрдің де сөзі жүрмей отыр
Премьер-министрдің айтқанын тыңдамайды! Елорда тұрғындары ірі құрылыс компаниясын осылай деп айыптап отыр. Олар бір жылдан бері өз үйлерінің жанынан тұрғызылғалы жатқан алып кешендердің құрылысына талай рет наразылық білдірген. Былтыр күзде тоқтаған құрылыс жұмыстары халықтың пікірі ескеріліп қана, қайта жандануы тиіс еді. Алайда халықтың да биліктің де үні жайына қалды дейді тұрғындар. Елорданың қақ ортасындағы құрылыс заңды ма?
Подробнее...Көктемде тағы да суға кетпейміз бе?
Алдағы көктемде Қостанай облысында 95 елді мекенді су басуы мүмкін. Бірақ жергілікті атқамінерлер тиісті қаражатты бөлуге асықпай отыр. Жамбыл облысында да 100 шақты ауыл қауіптің құрсауында дейді мамандар. Тасқынға тікелей жауапты Төтенше жағдайлар министрлігі болса, өңірлерге төніп тұрған қатерден бейхабар болып шықты. «Әзірге кесіп-пішіп бірдеңе деуге негіз жоқ», — дейді ведомства өкілі. Барлау жұмыстары қаңтардың аяғында бір-ақ басталады екен. Қазақстанның …
Подробнее...Депутаттар 550 мың мен 800 мыңның аралығында жалақы алады
Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының «Тенгриньюс» ақпараттық порталына берген мәліметінде осылай делінген. Ал, 2019 жылы халық қалаулылары ай сайын 684 874 теңге алып келген болатын. Атап өтейік, Мәжілістегі депутатар саны 107 , ал сенатта 49 депутат бар. Олардың барлығы Үкімет тарапынан тегін баспана, қызметтік …
Подробнее...ДСМ «Індетке қарсы вакцинадан кейін көз жұмды» деген ақпаратты терістеді
«Маңғыстаулық азамат коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін көз жұмды!». Денсаулық сақтау министрлігі Facebook әлеуметтік желісінде тарап кеткен осы ақпаратты жоққа шығарды. Жауапты ведомство марқұмның COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алмағанын айтуда.
Подробнее...Шахтадағы апаттың себебі: Еңбек тәртібі бұзылып, жұмысшылар улы газға тұншыққан
Ақтөбе мыс компаниясының шахтасындағы кеншілердің өліміне не себеп болғаны анықталды. Үш апта бойы тексеру жүргізген мемлекеттік комиссия бүгін тексеру қорытындысын жариялады. Аймақтың бас еңбек инспекторы апатқа кәсіпорында жұмыстың дұрыс жолға қойылмағаны, жұмыс берушінің қауіпсіздік ережелері мен еңбек тәртібін бұзуы және жұмысшылардың салғырттығы себеп екендігін айтты. Олар улы газға тұншыққан. Комиссия апат болған сәтте кәсіпорындағы желдеткіш шахтасы жұмыс істемей тұрғанын да …
Подробнее...






