Бүгіннен бастап дәріханалардағы вирусқа қарсы препараттардың шекті бағасын енгізу жөніндегі Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы күшіне енді. Осы құжат бойынша енді баға саясаты тек дәріханаларға ғана емес, өндірушілер мен жеткізушілерге де жүргізіледі. Енді, бірнеше категорияға бөлінген препараттардың құны белгіленген бағадан аспауы тиіс. Осы арқылы ведомство пандемияның қызған шағында туындаған дәрі тапшылығының алдын-алуды көздейді.
Подробнее...Новости
Шымкенттегі орталық көзге ота жасайды
Көз аурулары ғылыми зерттеу институтының Шымкенттік бөлімшесі кез-келген кеселдің түріне диагностика жасауға үлкен мүмкіндік алды. Енді қос жанары жөнді көрмейтін науқастар Алматы мен Нұр-Сұлтанға сабылмай үшінші мегаполисте ота жасата алады. Қазір орталықта білікті мамандар заман талабына сай аппараттың көмегімен күрделі операцияларды бастауда. Қарға адым жерді көруге зар болып келген кейбір азаматтар осы отадан кейін көздері шәйдай ашылғанын айтып, дәрігерлерге алғыстарын …
Подробнее...Көліктің рөліне 6 жасар бала отырып, ол екі балалы келіншекті басып кеткен
Жас келіншекті көлігімен қағып, мүгедек қылған адам жауапкершілікке тартылмады. Арнамызға хабарласқан 26 жастағы әйел осындай шағымын айтып, кінәліні жазаға тартуды сұрауда. Оқиға осыдан жарты жыл бұрын болған. Отбасымен бірге Есіл жағасына демалуға барған Петропавл тұрғыны ақыры аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Айтуынша, сол күні 6 жастағы бала өзен жағасында тоқтап тұрған көліктің рөліне отырып, жүріп кеткен.
Подробнее...Медицина қызметкерлері: Ақшамыз қайда?
Алматыдағы жүйке жүйесі сыр бергендерді емдеу орталығында шу шықты. Қызметкерлердің өре түрегелуіне басшылықтың озбырлығы түрткі болыпты. Қызметкерлерге өз міндетінен бөлек өзге де жұмыстарды артып қояды екен. Ал жалақыларын жырымдап, айына аздаған тиын-тебен төлеуге көшкенде шыдамымыз шегіне жетті дейді қызметкерлер.
Подробнее...Әкімдер шыны кабинетке көшіп жатыр
Елімізде әкімдер шыны кабинеттеріне көшіп жатыр. Бұл жаңашылдықты енгізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегілер бүгінде 300-ден астам түрлі деңгейдегі басшылар жаңа кеңседе жұмысқа кіріскенін айтады. Тілшілеріміз Нұр-Сұлтандағы осы жаңашылдықты алғаш болып сынап көрген әкіммен кездесті. Шенеунік не деді?
Подробнее...Джо Байден қызметіне кірісті
Американың 46-шы Президенті Джо Байден ресми түрде өз қызметіне кірісті. Оның ұлықтау рәсіміне экс-Президент Дональд Трамп қатыспады. Бұл Америка тарихында екі ғасырдан бері болмаған оқиға. Байденнің оған жауабы қандай? Әлем алпауытың ендігі сыртқы саясаты қандай болмақ? Доллар бағасы өсе ме?
Подробнее...Ішімдік ішкен екеу елді соққыға жықты
Семейде екі бұзақы ішімдік ішіп алып оқушы мен әйел адамды және қарияны ұрып тастаған. Қаланың «Қарағайлы» деген жаңа ауданындағы жаға ұстатар жағдайдан кейін жұрт шошынып қалыпты. Ел аман жұрт тынышта көзіне көрінген адамндардың бәріне соқтығатын мұндай басбұзарларға лайықты жаза қолданылса дейді. Оқиғаның мән жайын әріптесім біліп көрді.
Подробнее...Ақтаулық әйел төртем босанды
Ақтауда туған төртем 36 күннен кейін перзентханадан шығып, үйіне кетті. Бүгін Ана мен бала орталығының ұжымы алтын құрсақты ана мен оның төрт нәрестесін салтанатты түрде шығарып салды.
Подробнее...Елдегі КВИ көрсеткіші
Еліміздегі Ковид ахуалға тоқталып өтейін. Соңғы тәулікте ПТР тест арқылы 1134 жұқтыру фактісі тіркелді. Ең көп жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласында. 198 жайт. Мұнан соң 112 адаммен Алматы қаласы, ал үштікті Ақмола облысы түйіндейді. Мұнда 108 адамнан вирус анықталып отыр. Өткен тәуліктегі жұқтыру дерегінің ең төменгі көрсеткіші Шымкент қаласында. 10 адам. Қауіптіліктің қызыл аймағында Нұр-Сұлтан қаласы мен бірге Ақмола Атырау, Қостанай, Павлодар, …
Подробнее...Министрлік: зейнетқордағы ақшаны алу механизмі қаңтардың соңында дайын болады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың зейнетақы қорындағы ақшаны алудың кешігіп жатқаны туралы шағымына жауап берді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй үшін зейнетақы бөлігін алу механизмі қаңтардың соңында дайын болады.
Подробнее...






