2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Халық зейнетқордағы артық ақшасын күтіп отыр

Азаматтардың зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алуға әлі мүмкіндік жасалмаған. Оны реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді тезірек қабылдауды сұраған Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Премьер-министр Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады.

Подробнее...

Оңтүстік Кореяда сотталған 25 қазақстандық жазасын елде өтейді

Оңтүстік Корея түрмелерінде жиырмадан астам қазақстандық жазасын өтеуде. Тағы осынша отандасымыз жасаған қылмысы үшін сот үкімін күтіп жүр. Мәжілістің жетінші шақырылым депутаттары алғашқы отырыстарында шетел түрмелеріндегі отандастарымыздың жайын талқылады. Бас прокуратурадағылар өзге мемлекетте аяғын шалыс басқан жерлестерімізді біздегі түзету мекемелеріне ауыстыруды ұсынды. Мұны депутаттар қолдады ма?

Подробнее...

COVID-ке қарсы күреске ӘМСҚ 168 млрд теңге бөлген

Ковидке қарсы күреске деп әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры 168 млрд теңге бөлген. Қаражаттың басым бөлігі алғы шепте жүрген ақ халаттыларға төленген үстемақыларға тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп, бірнеше минут бұрын ғана аяқталған брифинг барысында сақтандыру қорының өкілдері мәлімдеді.

Подробнее...

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түлектердің білімін сынайтын шара ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пункті жұмыс істеп тұр. Білім және ғылым министрлігі оқушылар мен ата-аналарға бірден басу айтты. Бұл тесттің қорытындысы білім грантын алуға мүмкіндік бермейді екен. Тегін оқуға талас маусым айында өтетін тестілеуде болады.

Подробнее...

Заңгерлер тегін кеңес берді

Шымкентте алаяққа алданған жұрт әділдік таппай жүр. 100 шақты азамат кірпішке алдын ала тапсырыс беріп, ақшасын төлегенімен әлі күнге құрылыс материалына қол жеткізе алар емес. Полицияға арыз бергендерін айтады. Бірақ, сонда да заңдық тұрғыда баға берер ешкім жоқ дейді. Әбден тауы шағылған жұрт Әділет департаменті өткізген «Халыққа заңды көмек» акциясына қатысып, заңгерлерден кеңес алды.

Подробнее...

Газ береді дегенге сеніп, жылусыз қалдық

Қаланың іргесінде отырып, жылудан тарықтық! Армандаған 10 сотық жерлерін алып, баспанасын салған ақтөбеліктер арнамызға осындай шағымын жеткізді. Әсіресе, газға сеніп, қысқы отынын әзірлемегендерге биылғы қыс оңайға соқпай тұр.

Подробнее...

Штаттан тыс қызметкерлердің жеке табыс салығы артығымен алынып келген

Қазақстандықтар салық комитетіне артығымен ақша аударып келген. Өрескел қателік жуырда ғана белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, штаттан тыс еңбек еткен қызметкерлердің жеке табыс салығы екі жыл бойы қате есептеліпті. Мұндай түйткіл 2020 жылдың 10 желтоқсанында Салық кодексіне енгізілген өзгерістерден кейін туындаған. Осыған орай елдегі бухгалтерлер екі жылдың құжаттарын қайта қарауға мәжбүр болуда. Тұрғындар артық төленген ақшасын қайтарып ала ала ма?

Подробнее...

Наурызда коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін

Наурыз айының соңында елде коронавирус жұқтыру дерегі көбеюі мүмкін. Бұл болжамды бүгін Үкімет отырысында еліміздің бас дәрігері айтты. Дерт дендемес үшін 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады. Жыл соңына дейін 6 миллион тұрғынға салынады деген жоспар бар. Сайлаудан кейін отставкаға кетіп, кейін қатары екі адамға жаңарған үкіметтің алғашқы бас қосуында тағы нендей мәселе көтерілді?

Подробнее...

Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті. Ауыр жарақат алған әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Жүргізушінің айтуынша, келіншек қоғамдық көліктің алдына жүгіріп шыққандықтан ол тежеуішін басып үлгермепті. Оқыс жайт Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, мұнда айналма жол торабы салынып жатыр. Ал оның астына жарық орнатылмаған. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та жоқ. Сондықтан жұрт жолдың бойымен жүріп, оны …

Подробнее...

Елордада індет өршіді

Елордада індет өршіген. Нұр-Сұлтан 16 қаңтарда «қызыл аймаққа» енді. Сондықтан қалада шектеу шараларын бақылайтын мобильдік топтар жұмысқа кіріскен. Олар ірі ойын-сауық, сауда орындары мен мейрамханаларды аралап жүр. Сондай рейдтердің бірінен тілшіміз Нұржан Сәдірбай тікелей эфирге қосылмақ. Елордалықтар мен бизнес өкілдері қауіпсіздік шараларын ұстана ма екен?

Подробнее...
X