10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

«Тақиялы періште» өмірден озды

Қазақ өнері ауыр қазаға ұшырады. Ел арасында «Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбеков өмірден озды. Алтын қордан ойып тұрын орын алатын комедиядағы Тайлақтың ролі арқылы миллиондардың жүрегін жаулаған актер өткен жылы 85 жылдық мерейтойын атап өткен болатын.

Подробнее...

Қарт әке-шешесіне қатігездікпен қол көтеретіндер көбейді

Елде қарт анасына қол көтеріп, қатыгездігімен көзге түскен қыз-жігіттердің қатары артып барады. Тек соңғы екі аптаның өзінде бауыр еті баласынан қорлық көрген қариялардың шағымы Петропавл, Шымкент пен Түркістан қалаларында тіркелген. Сонда бейнетінің зейнетін көрер шақта, өз перзенті өзегінен теуіп, өмірін ойран қылатындай қарттардың не жазығы бар? Аялап өсірген анасын аяусыз сабағандар қандай жауапкершілікке тартылады?

Подробнее...

Аягөзде тұтас отбасы газдан уланып, екі адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында бүтіндей бір отбасы газдан уланып, екі адам мерт болды. Жазатайым оқиға Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінде болған. 32 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды, ал оның үш баласы шұғыл ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, 12 жастағы жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Ал, аман қалған 5 және 7 жастағы екі бала қазір ауруханада жатыр. Олардың қазіргі жағдайын білу үшін …

Подробнее...

Тоқаев 8 министрліктің жауапты хатшысын қызметінен босатты

Бүгінгі Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған министрлер халыққа адал қызмет етуге ант берді. Алғаш болып тұғырға Ұлттық экономикаға жауап беретін Әсет Ерғалиев шықты. Ең жас министрдің білімі жетік болғанымен қазақшасы ақсап тұрғаны байқалады. Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпенов мүдірмеді.

Подробнее...

«Адалдық алаңы» кеңселік жобасы 2020 жылды қорытындылады

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған «Адалдық алаңы» кеңселік жобасы 2020 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Оған сәйкес, облыстарда және министрліктің ішінде құрылған бөлімшелері де жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сол шараға қатысып жатқан әріптесім Қайыркен Отыншы студиямен тікелей байланысқа шықты. Қайыркен, қайырлы кеш. Жиында қандай маңызды мәселелер қозғалды?

Подробнее...

Қазіргінің қажымұқаны жүз тонналық вагонды сүйреді

Қазақтың қазіргі заманғы Қажымұқаны рекорд жаңартты. Жүз тонналық пойыз вагонын сүйреген 23 жастағы жігіт көпшілікті тәнті етуде. Табиғи күштің арқасында ауырды бұйым көрмейтін ол бұған дейін де қоғамдық көлік, ауыр техниканы да тартқан екен. Тіпті, ирандық Халкпен де ережесіз жекпе-жекке шығуға дайын. «Қазақ титан» деген лақап аттың иесі кім және қайдан шыққаны туралы Бауыржан Жақсымбет кеңірек тарқататын болады.

Подробнее...

Құны 5,5 млрд теңгені құрайтын модульдік ауруханаға бөлінген ақша жымқырылды

Алматыда құны 5,5 миллиард теңге болатын модульдік инфекциялық ауруханаға бөлінген қаражат қолды болған. Әлеуметтік желіде «қаржыны жымқырды» деген күдікпен Алматы қаласы жайлы қалалық орта және мобилділік басқармасының басшысы Сапар Нұрашев пен құрылыс компаниясының өкілінің ұсталғаны туралы ақпарат тарауда. Алайда қалалық әкімдік бұны жоққа шағырып, дәлел ретінде Нұрашевтің кабинетінде отырған видеосын жариялады.

Подробнее...

Наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде наурыздан бастап темір жол билеттері қымбаттайды. Монополист компания әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қатынайтын пойыздардағы билет құнын 7 пайызға өсіргелі отыр. Бұл жайында «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының ресми өкілі Мәди Мұхамедқали хабарлады. Осы жолғы қымбаттауға «Қазақстан темір жолы» мен еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында жасалған «Тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар» себеп болған. Соңғы рет билет бағасы …

Подробнее...

Діни басқарма 9 мыңға жуық отбасына азық-түлік үлестіреді

Еліміздегі 9 мыңға жуық мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері үлестіріледі. Ішіне ең қажетті заттар салынған пакеттерді үйді-үйге еріктілер жеткізіп береді. Игі істің бастамашысы — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Еліміздің Бас мүфтиі шын мұқтаж адамдарға көмектесу — исламдағы негізгі шарттардың бірі екенін айтады.

Подробнее...

Алматы облысында қатты боран соғып, жолдар жабылды

Ауа райының күрт құбылуынан Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жол жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Аталған аймақта қатты боран соғып, бұрқасын жел тұрған. Салдарынан жол мүлдем көрінбей, алыс сапарға шыққан жүргізушілер адасып, қар құрсауында қалып қойды. Олар құтқарылды ма?

Подробнее...
X