10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Қандыағаш қаласындағы жалғыз базар түгі қалмай өртеніп кетті

Аудан орталығындағы жалғыз базар өртеніп кетті. Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласында алапат өрт болып, сауда орталығы түгі қалмай жанып кетті. Тауары күлге айналған саудагерлер көмек сұрайды. Қызыл жалын неден шықты? Шығын көлемі қандай?

Подробнее...

Баспана бағасы қымбаттаған

Елімізде баспана бағасы қымбаттаған. Жылжымайтын мүлік нарығындағы мамандар үйлердің құны 12 пайызға өскенін алға тартады. Тұрғын-үй саудасындағылар бұған зейнетақының бір бөлігін баспанаға жарату бастамасы себеп дейді. Қазір қазақстандықтардың үй алғаны дұрыс па? Оның құны қашан тұрақталады?

Подробнее...

Балаңа «тәйт» деуге тыйым салатын заң

Бізді құрдымға апаратын заң! Қоғам белсенділері мен шоу-бизнес өкілдері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға наразылығын білдіріп, дабыл қағып жатыр. Құжаттағы талаптарды көрген ата-аналардың да төбе шашы тік тұрған. Енді балаңыздың денесі көгеріп, аз уақыт қараусыз қалса, жауапты органдар оны алып кете ме? Елді елең еткізетіндей бұл құжатта тағы не бар?

Подробнее...

Шашынан сүйреп, қолын сындырды: 70-тегі кейуананы қыздары мен күйеубалалары жабылып сабаған

Шымкентте отбасылық жанжалдың соңы үлкен дауға ұласты. 70 жастағы кейуана туған қыздары мен күйеу балаларынан таяқ жеп, қолын сындырып алған. Алтынкүл Асқарованың сөзінше, даудың басы баспанадан шыққан. Күйеу баласының бірі «қара шаңыраққа» айналған үлкен үйді құйтұрқы әрекетпен өз атына аударып алыпты. Енді қызы қайтыс болған соң, үйді босатуын талап етіп жатыр екен. Ал, тұрмыс құрған өзге екі қызы болса, уақытылы …

Подробнее...

Елорда мен Павлодар облысында шектеу күшейтілді

Бүгіннен бастап елорда мен Павлодар облысында шектеу шаралары күшейтілді. Аталған екі өңір де індеттің таралуы бойынша қауіптіліктің «қызыл» аймағына енген. Жұқтыру жайттары Ақмола, Қостанай мен Атырау облыстарында да жиілепті. Елде тек өткен тәуліктің өзінде ковид-19 белгісі бар науқастардың саны мыңнан асты. Арасында елге белгілі әнші, «Мұзарт» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев та бар. Өнер иесі бүгін жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Толығырақ …

Подробнее...

Семей: Үйдегі температура 11 градустан аспайды

Семейдің халқы жылуға жарымай отыр. Аяз күшейіп, тіпті беркеміз қашты дейді тұрғындар. Үйдегі температура 11 градустан аспаған соң, пәтер ішінде қабат-қабат киіммен жүруге мәжбүр. Бүрсеңдеген жұрт мәселеге атқарушы биіктің араласуын сұрайды.

Подробнее...

Елдегі эпидемиологиялық ахуал

Қазақстан аумағына кеше шет елден 13 халықаралық рейспен 2 мыңнан астам жолаушы келген. Жолаушылардың 280 ПТР тест болмаған. Оның екеуінен коронапвирус анықталған. Оның бірі Дубай қаласынан, тағы бірі Шарм-эль-Шейх қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына келген. Соңғы уақытта Бас қалада коронавирусқа тест тапсыру екі есе артыпты. Осы уақытқа дейін тәулігінеекі екі жарыммың болса, жаға жылдан кейін бұл көрсеткіш төртжарыммыңна асып түскен. Сондықтан Нұр-Сұлтанның …

Подробнее...

Селкілдеген аспалы көпірден өтуге мәжбүр халық мүгедек болып қалып жатыр

Шымкентте өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған ескі көпір апатты жағдайда тұр. Үстінен арлы-берлі өтіп жүрген кейбір тұрғындар абайсызда жерге құлап, аяқ-қолдарын сындырып жатыр. Тіпті, мүгедек болып қалғандары да бар. Өн бойын қорқыныш билесе де адамдар амалдап өткелден өтуге мәжбүр. Себебі, жұртты тасымалдап жүрген автобус кешегі карантин кезінде тоқтап қалған екен. Ал, ең жақын дұрыс көпір 3 шақырым жерде екен.

Подробнее...

Президент партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуді ұсынды

Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді. Өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Мемлекет басшысы Қасымжомарт-Тоқаев жаңа Парламенттің алдына осындай да міндет қойды. Президенттің пікірінше, Парламентте партиялар неғұрлым көп болса, ондағы пікірталасты соғұрлым қыздыра түседі. Сонымен қатар Президент сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізуді ұсынды.

Подробнее...

Су жаңа депутаттар ант берді

Ал осы VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің спикері болып Нұрлан Нығматулин сайланды. Төменге палатадағы мандаттарды өзара бөліскен ұш партияның өкілдері жасырын дауыс беру кезінде оны жақтаған. «Микрофон өшіру артты қалды» деп Нұрлан Зайроллаұлының тұсындағы пікір ашықтығын алға тартқан мәжілісмендер, оған 100 пайыз қолдау білдірді. Сондай-ақ куәліктерін алып, төсбелгілерін тағынған су жаңа депутаттар да «ел алдында адал боламыз» деп ант берді.

Подробнее...
X