Иә, су жаңа Мәжіліс депутаттарының қызметтік пәтерлері дайын болғанша, халық қалаулары әзірге бас қаладағы қонақ үйлердің бірінде жайғасыпты. Дегенмен, Сіз ойлағандай 5 жұлдызды қонақ үйдің ең қымбат номеріне емес. Мемлекеттік сатып алу сайттарындағы сандарға сенсек, шығын көлемі төрт жыл бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда аз. Әріптесім, депутаттардың уақытша тұрып жатқан қонақ үйіне барып, мәжілісмендердің Парламент қабырғасында көтеретін мәселелерін біліп қайтты. Көрейік.
Подробнее...Новости
Президент: Cот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Парламент депутаттарын аңғарымпаз болуға шақырды. Елдің мұң-мұқтажын байқап, мәселелерін Мәжіліс қабырғасында шайқап тұру керек. Өйткені, халық оң өзгерітер күтуде. Ал, межеленген міндеттерге жету үшін Парламент қайнаған жұмыс ордасына айналуы тиіс. Жетінші шақырылымдағы депутаттарға Тоқаев нақты қандай міндеттер жүктеді? Депутаттар бірінші кезекте қоғамды толғандырған нендей мәселелерді шешуге тырыспақ?
Подробнее...Ескі үйлер жөнделеді
Талдықорғанда апатты үйлер мәселесін жергілікті билік инвесторлар көмегімен шешпек. Тұруға қауіпті деген 14 баспананың 3-уін қалталы азаматтарға сатып, тұрғындарға үй алып бергелі отыр. Себебі, өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған нысандар жыл өткен сайын тозып барады. Жер сілкінсе, құлауға шақты тұр.
Подробнее...Асқар Мамин жаңа үкіметті қайта басқаруы мүмкін
Асқар Мамин жаңадан жасақталатын Үкіметті қайта басқаруы мүмкін. Оның кандидатурасын қолдайтыны туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» фракциясының Мәжілістегі жиынында айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің пікірінше, осынау қиын-қыстау кезде ауыс-түйістерге құмар болмай, керісінше, бастаған істі одан әрі жалғастыру керек. «Бұл ретте Премьер-Министрдің рөлі ерекше. Оның үстіне бұрынғы Үкімет ел ырыздығы үшін аянбай тер төгіп, жақсы нәтижелер көрсетті», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. …
Подробнее...Нұрлан Нығматулин қайтадан мәжіліс төрағасы болуы мүмкін
Ал Нұрлан Нығматулин тағы да Төменгі палатаның спикері болуы мүмкін. «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысында, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев оның кандидатурасын VII шақырылған Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметіне ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады. Бұдан бөлек, Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы партияның Мәжілістегі фракциясының басшысы қызметіне де ұсынылған. Фракция депутаттары мұны бірауыздан мақұлдаған. Заңға сәйкес, Төменгі палата …
Подробнее...Қасқырларды өлтіріп, терісін саудалап жатқандар жаға ұстатты
Қасқырларды өлтіріп, терілерін сатумен күн көріп жүргендер жұрттың наразылығын тудырды. Зооқорғаушылар әлеуметтік желілердегі парақшалардың бірінде терілер мен қасқырлардың сатылып жатқан хабарламасын көріп, сол мекен-жайға аттанған. Жер үйге келген бетте шошыған. Айналада қоқыс пакеттеріне салынған өлікселері шашылып жатқан. Волонтерлер оның бірін болса да аман алып қалу үшін оны 140 мың теңгеге сатып алыпты. Кадрлардан әбден қорыққанын көруге болады.
Подробнее...Трампқа тағы импичмент жарияланбақшы
Трамп тарихта қалатын болды. Бірақ өзі ойлағандай емес, керісінше. АҚШ-та осы уақытқа дейін жарияланған импичменттердің тең жартысы қазіргі президенттің маңдайына жазылуы мүмкін. Бұл жолғысы 6 қаңтарда Капитолий ғимараты маңындағы бүлікті шығаруға арандатқаны үшін. Мұхиттың арғы жағындағы ел Конституциясы бойынша, бұл «ауыр қылмыс » саналады. АҚШ тың Өкілдер палатасының жартысынан астамы қолдаған ұсынысқа сенаторлар не дейді? Әлемнің ең алпауыт еліндегі саяси …
Подробнее...Көкжайлау қайтарылады
Дау-дамайы көп жайлау – Көкжайлауда жекенің құрылысы жүрмейді. Айрықша қорғалған аймақты ұлттық парк аумағына қайтару жұмысы бітуге жақын қалды. Ұлттық парк өкілдері қазір жер телімдерін толығымен қайтарып алу үшін тек тиісті құжаттарға қол қойса болғаны. Осылайша тау-шаңғы курортын салу үшін кезінде бөлінген мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайта өтетін болды.
Подробнее...«Ақ бұлақ» үмітті ақтады ма?
Ауылдарда ауызсу бағасы арзандайды. Парламент тиісті заңды қабылдап, Президентке қол қоюға жолдады. Биыл осы мақсатқа 16 миллиард теңге субсидия қарастырылып отыр екен. Ал ресми мәліметке сәйкес, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында елдегі ауыл халқының 87 проценті ауыз сумен қамтылған. Дегенмен, 2000-ға жуық елді мекен тіршілік нәрін әлі күнге шелектеп тасуға мәжбүр. Олардың мәселеі қашан шешіледі?
Подробнее...Түркістанда тегін киім-кешек пен азық-түлік тарататын дүкен ашылды
Түркістанда әлеуметтік дүкен ашылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арнап есігін айқара ашқан дүкенде тегін киім-кешек пен азық-түлік таратылып жатыр. Одан бөлек, жағдайы қиын отбасыларға шамасы келгенше көмір түсіріп берген. Енді балалардың оқу ақысы мен спорт алаңшаларын салып беруді көздеп отыр. Мұнан бөлек тағы қандай бастамаларды жүзеге асырмақшы.
Подробнее...






