10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Жол апатынан 5 адам қаза тапты. Сұмдық оқиға Сыр өңіріндегі «Қызылорда — Құмкөл» трассасында болды. «Mercedes-Benz Sprinter» және «Toyota Hilux» автокөліктері соқтығысып, апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды. Ал зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Подробнее...

Мектебі апатты деп танылған ауыл балалары төрт бөлмелі үйді паналап отыр

Ақтөбе облысындағы Алтынды ауылының оқушылары төрт бөлмеде алма-кезек оқуға мәжбүр. Балаларға санитар мамандар сабаққа қатысуға рұқсат бергенімен, класс жетіспейді. Бала түгілі, мұғалімдердің өз бөлмесі жоқ. Олар журналдарын жүре толтырады. Ал Мұғалжар ауданының басшылығы бұл мәселе биыл шешіледі дейді. Қазіргі таңда жаңа мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіпті.

Подробнее...

Коронавирус өршіп барады

Елімізде коронавирус жұқтырғандар қайта көбейіп барады. Өткен тәулікте 834 адамға Covid-19 инфекциясы жабысқан. Ал, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың «Британдық» штаммы біздің елге де келуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазақтан вируспен ауырғандардың өсу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа секірді. Мамандар дабыл қағып отырған тәж вирусының екінші толқыны қашан келеді? Дүнежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көңіл көншітпейтін қандай болжаммен келісті.

Подробнее...

Шахтадағы апат: 136 адам құтқарылып, машинистің денесі өлі күйінде табылды

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы апат. 137 адамның 136-сы жер бетіне шығарылып, бұрғылау қондырғысының машинисі шахтада қалып кеткен. Бірер сағат бұрын іздестіру барысында оның денесі өлі күйінде табылғаны белгілі болды. Тәжірибелі маманның марқұм болғанын компания өкілдері растады. Жер бетінен 840 метр тереңдікте мұндай оқыс жағдайдың тіркелуне не себеп?

Подробнее...

Елдегі эпидахуал нашарлап барады

Елімізде эпидемиологиялық ахуал қайтадан нашарлап барады. Бұл туралы Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір ауруханаларда коронавирус жұқтырған 5 732 науқас ем алуда. Оның 357-сі жансақтау бөлімшелерінде жатыр екен. Ал, жасыл аймақта тұрған Қазақстан қайтадан «сары аймаққа» өтіп кетіпті. Мұнда қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары бар. Ал, «Қызыл» аймаққа — Қостанай мен …

Подробнее...

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, сотталған жігіт босатылды

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ақтөбелік 17 жастағы жігіт бостандыққа шықты. Өткен жылдың шілде айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер үйден бірінші рет қашып кеткен. Кейін осы оқиға қайта қайталанған. Оларды іздеген қыздың анасы сот-медициналық сараптама жасауды сұраған. Нәтижесінде, ер жігіттің 16 жасқа толмаған қызбен интимдік қатынасқа түскені дәлелденген. Сол себепті сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырған. …

Подробнее...

Дүкенге келген әйел сөрелерді сындырып, төбелес шығарды

Дүкенге келген клиент шу шығарып, сатушымен жанжалдасып қалды. Ашуға булыққан әйел бейәдеп сөздер айтып, сөрені сындырып тастады. Оралда болған оқиғаны куәгерлердің бірі ұялы телефонға түсіріп, видеосын желіге жариялады.

Подробнее...

«Отбасы банк» қосымшасынан зейнетақы жинағын аударатын шот ашуға болады

«Отбасы банк» қосымшасында зейнетақы қорындағы жинақты қабылдайтын функция іске қосылды. Тұрғындар өтінімді бүгіннен бастап жолдауларына болады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, «зейнетақы аудару үшін шот ашу» қызметін таңдайсыз. Өтінішке қол қойған соң бірнеше секунд ішінде шот дайын болады. Арнайы операция дүйсенбіден сенбіге дейін сағат таңертеңгі 9-дан кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал «Отбасы Банкінің» …

Подробнее...

Алматыда бір тоннадан астам героин тәркіленді

Есірткі саудасының тағы бір үлкен партиясына тосқауыл қойылды. Алматыда бір тоннадан астам героин тәркілеп мамандар өртеп жойды. Бұл әлем тарихындағы ең үлкен екінші жағдай екен. Мәрмәрдің ішіне жасырылған есірткіні қалай ұстағаны және қайда бара жатқаны туралы келесі сюжеттен көрейік.

Подробнее...

Өңірлерді су басу қаупі төнді

Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облысында өзендер ернеуінен асып, елдімекендерге қауіп төнді. Абырой болғанда, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындарға жергілікті әкімдіктегілер көмекке келіп, ауыл іргесіне кірген суды бөгеп, барынша қатердің алдын алды. Тынышы қашқан өңірлердің қазіргі ахуалы қандай? Қауіп сейілді ме?

Подробнее...
X