Ақтөбеде шошқа фермасының айналасындағы дау басылмай тұр. Бестамақ ауылының тұрғындары тағы да мал шаруашылығы кешенінің маңына жиналып, талаптарын айтты. Олар кәсіпорын жұмысын осылай жалғастыра беретін болса, таза ауа мен өзен-көлден жұрдай, дімкәс ұрпақ жайлаған аймаққа айналамыз дейді. Мәселенің мән-жайын аймақтағы тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова да біліп қайтқан еді. Қазір бізбен байланысқа шығады.
Подробнее...Новости
Алматыны қар басып, ел әбігерге түсті
Алатау баурайын қалың қар басып, ел әбігерге түсті. Табиғаттың тосын мінезі көшедегілерді кібіртіктетіп қана қоймай, жол апатын көбейтіп жіберді. Аса қалың жауған ақ ұлпадан көлік кептелістері қалыңдап, жүріс-тұрыс қиындады. Бұрын мұндайды көрмеген бала-шаға мәз-мейрам болғанымен, тықыр таянғанда ғана қимылдайтын қар тазалаушылар абыржып қалды. Ал қала тұрғындары түрлі мүсін жасап, жаңа челендж бастап кетті.
Подробнее...Мәжіліске іріктелген 107 депутаттың аты-жөні белгілі болды
Мәжіліске іріктелген 107 депутаттың аты-жөндері белгілі болды. Бүгін сайлауда озық шыққан соңғы партия өз кандидаттарын бекітті. Қанша пайызы ер кісі, қаншасы әйел адамдар екені де анықталды. Алдағы уақытта Парламенттің төменгі палатасында заң шығаратын депутаттар да өз жоспарларымен қуана-қуана бөлісуде. Сонымен, депутат атанғандар Мәжілісте қанадай мәселелерді көтермек? Сайлауда жеңгендерден халық не сұрады?
Подробнее...Жемқорлық жойылмай тұр
Президент Қасым -Жомарт Тоқаевқа деген елдің сенімі 70 пайызға артқан. 9 мың адамның арасында жүргізілген сауалнама осыны көрсетті . Бұл жайында TRANSPARENCY KAZAKHSTAN» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ Ольга Шиян мәлімдеді. Дегенмен, қай салаларда парақорлар көп және қазақстандықтардың қандай мәселелерін ақшаның көмегімен шешіп жүргенін тілшіміз Гүлмира Тасболатқызы баяндасын.
Подробнее...VI шақырылым депутаттары несімен есте қалды?
Енді бір-екі күнде VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттілігі аяқталады. Нұрлан Нығматулин төрағалығымен жұмыс істеген халық қалаулылары бұрнағы жылдарды есепке алмағанда, 2020 жылдың өзінде жүздеген заң жобаларын талқылап, мыңнан астам мәселе қарапты. Бес жыл бойы жұмыс істеген бұл мәжілісмендер несімен есте қалды?
Подробнее...Алматы облысында локдаун жарияланады
Алматы облысында жаңа локдаун жарияланады. Алатау баурайындағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанына байланысты алдағы демалыс күндері Талдықорған қаласында, Көксу, Ескелді аудандарында қосымша шектеулер енгізілгелі жатыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 13 қаңтардан бастап мейрамханалар мен дәмханалардың, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің, азық-түлік базарлары, дәріханалар, сұлулық салондары мен химиялық тазарту орындарын қоспағанда жабық базарлардың, сауналар мен СПА салондардың, спорттық-сауықтыру орталықтары …
Подробнее...Жезөкшені абайсызда өлтіріп алған жігіттің ісі қайта қаралады
Жезөкшені абайсызда тұншықтырып өлтіріп алған жігіттің ісі қайта қаралатын болды. Қарағанды облыстық соты кісі өлтіру бабы бойынша сотталған 19 жастағы Теміртау тұрғынына қатысты сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі өзге құраммен қайта қарауға жіберді. Судьялар алқасы негізгі сот талқылауы барысында қылмыстық-процессуалдық заңнама нормаларының бұзылуын анықтады. Сондықтан қылмыстық іс дәл сол сотқа басқа құрамда жаңа сот талқылауына жіберілді. Еске сала кетейін, …
Подробнее...Жылу үшін өткен айдан екі есе көп төлеген елордалықтар шу шығарды
Нұр-Сұлтанда жылу бағасы қымбаттаған. Әлеуметтік желі қолданушылары үйдегі температураны бақылайтын компания өз қызметтері үшін қомақты сомалы түбіртек жебіргенін жарыса жазуда. Бірі, жылу тарифі екі есе қымбаттады десе, өзгесі неліктен қызмет бағасы шарықтағанын түсінбейтінін келтірген. Бірақ, көпшіліктің назынан кейін елордадағы «Энергосбыт» және «Астана Теплотранзит» тарифтің қымбаттауын түсіндірді. Олардың пайымынша, квитанциядағы сандардың ұлғаюына ауа температурасының төмендеуі сеп болған.
Подробнее...Қытай: шахтада жарылыс болып, 22 кенші жер астында қалды
Үйіндінің астына көміліп қалған кеншілермен байланыс әлі орнатылмады. Еске салайық, Қытайдың шығысында алтын өндіретін шахтада жарылыс болды. 22 кенші жердің астында қалды. Жұмысшылардың не тірі, не өлі екені әлі белгісіз. Құтқарушылар мен туғандары олардың табылатындарына сеніп, үміт үзбей отыр. Қазіргі таңда құтқару операциясы жүріп жатыр.
Подробнее...Елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылды
Еліміздің бірнеше өңірлерінде ауа райы күрт бұзылды. Солтүстік облыстарға қатты аяздар оралса, Орталық және Шығыс Қазақстан екі циклонның тоғысқан шекарасында қалды. Салдарынан бұл өңірлерде қарлы боран тұрып, барлық бағыттағы жолдар жабылып жатыр. Қолайсыз ауа райы қанша күнге созылады?
Подробнее...






