Ал Қырғызстанда кеше кезектен тыс президенттік сайлау өтті. Көрші елдегі ағайын бұл күні ел басшысын ғана емес, мемлекет құрылымын да анықтады. Алдын-ала есептеулерге қарағанда сайлауда 52 жастағы Садыр Жапаров айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Ол өз сайлаушыларына қандай уәде берді?
Подробнее...Новости
III Тоқсан: оқушылар қалай оқиды?
Бүгін оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Ал оқушылар алғашқы сабақ күнін «онлайн» өткізді. Өйткені, кешегі өткенПарламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауы кезінде кейбір білім ошақтарында сайлау учаскелері орналасқан болатын. «Сақтықта қорлық жоқ». Мектептердің қалтарыс-бұлтарыстарында қауіпті инфекция қалып қоймасын деп, бүгін білім ғимараттарын дезинфекциялап жатыр. Үшінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды? Мектепке баруға бәріне рұқсат па?
Подробнее...Ассамблея депутаттары сайланды
Алдағы 5 жылда Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжілісте отыратын депутаттар анықталды. Олардың жалпы саны тоғыз. Республиканың әр бөлігінен елордаға жиналған ұйымға мүше этномәдени бірлестіктердің делегаттары бүгін өз дауыстарын берді. Бұл сайлау қалай өтті?
Подробнее...Сайлауда қандай заңбұзушылықтар болды?
Айтарлықтай заңбұзушылық анықталмады. Сайлау кезінде болған кейбір келеңсіздіктерге қатысты Бас прокуратура түсініктеме берді. Комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі жасап, санитарлық талаптарға бағынбағаны үшін сайлау учаскескілерінен 10 бақылаушы шығарылған. Одан бөлек, жалған ақпарат таратып, қоғамда жасанды дүрбелең туғызғандар да табылған. Оларға қандай жауапкершілік көзделіп отыр?
Подробнее...Exit poll нәтижелері
Саяси партиялар сайлауға бір ай қалғанда емес, тұрақты түрде халықпен жұмыс істеуі керек. Бұл саясаттанушылардың пайымы. Десе де, Еxit poll нәтижелері партияларға саяси тұрғыда өсіп келе жатқанын көрсетті. Бұған биліктегі партияның бұрынғыдан 10 пайыз кем дауыс жинауы дәлел дейді сарапшылар.
Подробнее...«Сайлау – 2021»: Мәжіліске үш партия өтті
Орталық сайлау комиссиясы кеше өткен пармамент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Оның қорытындысы бойынша парламентке үш партия өтті. Олар «Nur Otan» партиясы, «Aq Jol» демократиялық партиясы және «Қазақстан Халық партиясы. «Ауыл» мен «Адал» партиялары 7 пайыздың межені еңсере алмапты. Атап өтерлігі, Орталық сайлау комиссиясының нәтижесі мен түнде шыққан үш бірдей Еxit poll-дың қорытындысымен айтарлықта йайырмашылығы …
Подробнее...Елден жырақта жүрген отандастарымыз да дауыс беруде
Еліміздегі маңызды науқанға орай әлемнің 53 елінде 66 сайлау учаскесі құрылған. Алғашқысы Жапонияда ашылды. Күншығыс елінің бас қаласы Токиода дауыс беру орталықтары жергілікті уақытпен таңғы сағат 7-де жұмысын бастаған. Аралды мемлекетте тұрып жатқан отандастарымыз да маңызды науқаннан шет қалмай өз таңдауларын жасады.
Подробнее...Экзит-пол сайлаудың алғашқы нәтижелерін шығарды
Ал экзит-пол сайлаудың алғашқы нәтижелерін шығарды. Дауыс беру қалай өтіп жатыр? Сайлаушылардың таңдауы туралы тың ақпараттарды дайындадық. Қазіргі дейін сайлаушылардың қанша проценті дауыс берген?
Подробнее...Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сыйлау басталды
Бүгін елімізде Парламент мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау басталды. Таңғы жетіден шымылдығын түрген сайлау учаскелеріне ағылған жандардың қарасы көп. Конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген 5 саяси партия қатысуда. Айта кету керек, дауыс беру Қазақстан аумағында және одан тысқары жерде құрылған 10 060 сайлау учаскесінде жүргізіліп жатыр. Бүгін 11 миллионнан астам жан өз таңдауын білдіреді деп күтілуде. …
Подробнее...42 500 теңге туралы хабарлама елді дүрліктірді
42500-ді тағы аламыз ба? Қазақстандықтарға кешелі бері жазда карантин кезінде үлестірілген сома қайта берілетіні туралы SMS келген. Бұл жайында олар әлеуметтік желіде жарыса жазды. Алайда, ақшаға тағы қарқ боламыз деген отандастарымызға бірден басу айтайық. Бұл Цифрлық даму министрлігі тарапынан кеткен қателік екен.
Подробнее...






