Ақтөбеде шетелдіктер мінген автобус аударылып, бес адам қайтыс болды. Барлығы да — Өзбекстан азаматтары. «Пермь-Ташкент» бағытында кетіп бара жатқан көлік Ұлғайсын ауылының маңында апатқа ұшыраған
Подробнее...Новости
ШАРТАРАП
Бір айналдырса шыр айналдырады. Аляска аймағында жер сілкінді. Магнитудасы 7-ге тең зілзала ошағы АҚШ пен Канада шекарасында екен. Енді, апаттың соңы жойқын цунамиге ұласуы мүмкін. Мамандар, Тынық мұхитындағы бірнеше елге қауіп төніп тұрғанын айтады. Қазірдің өзінде Жапония билігі апатқа дайындалып жатыр. Ал, әлемнің ең ауқатты адамы Илон Маск Еуроодақты таратып, кейбір елдерге азаттық беру қажеттігін айтты. Осы және өзге жаһан …
Подробнее...АҚЫЛҒА СЫЙМАЙТЫН АҚЫЛЫ ОҚУ
Шымкентте шәкірттерге тегін білім беріп келген мектепте аяқ-асты ереже өзгеріп кетіпті. Мекеме басшылығы ата-аналарға қаңтардан бастап қызмет үшін ақша талап ететінін мәлімдепті. Өзгеріс ұнамаса, есік ашық, ұл-қыздарыңызды басқа жаққа ауыстырыңыздар, — деген көрінеді. Оқу жылының ортасында қиын жағдайға қалғанын айтып, ашынған тұрғындар арнамыздан көмек сұрады.
Подробнее...ҚАСБЕТТЕН КЕЛГЕН ҚАСІРЕТ
Астанада ажал аспаннан келуі мүмкін. Елордадағы еңселі үйлердің қасбетінен қауіп көп. Біресе кірпіші құлап майып қылады, енді бірде кіреберісі қирап елді шошытады. Шаһарда тағы бір үйдің қасбеті құлады. Бірақ бұл жолы өздігінен емес, іске «төтеншеліктер» араласты. Айта кетейін, 8 — қарашада дәл осындай жайттан фельдшер қаза тапқан еді.
Подробнее...ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА — 110 ЖЫЛ!
Есімі ел тәуелсіздігімен қатар аталатын, тау тұлғалар жеткілікті. Соның арасында Жұмабек Тәшенов те бар. Биыл мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына — 110 жыл толды. Айтулы датаға орай жер-жерде қазақтың бір туар азаматының есімі ұлықталып, ауқымды шаралар өтіп жатыр.
Подробнее...АЛМЫТАДЫ ЖЕР СІЛКІНДІ
Алматыдағы ағайыннан тағы да тыныштық кетті. Алып шаһарда жер сілкінді. Бұл жолы дүмпу үш баллға жеткен. Сағат тілі тура 12.45 те әуелі үйдегі аспалы шамдар қозғалып, артынша дабыл жүйесі іске қосылыпты. Бірақ, алматылықтар бұл жолы тым сабырлы әрі тәртіпті. Зілзалаға әбден еті үйренген бе, кім білсіг, асығып — аптықпай, ережені бұзбай сыртқа шығыпты. Әзірге, бүлінген, не қираған туралы төтеншеліктерге хабар …
Подробнее...БҮЛДІРШІНДІ БАЛАЛАР ДА, ТӘРИЕШІЛЕР ДЕ ҚОРЛАҒАН
3 жастағы қыз қатарластарынан жеті ай бойы жәбір көрген. Жаға ұстатарлық жағдай Сәтбаев қаласындағы бөбекжайда тіркелді. Дамуында ерекшелігі бар бүлдіршінді топтағы балалар топтасып ұрып, шеттетіп келген көрінеді. Осыны біле тұра, «тәртіпсіздікті жасыруға тырысты», деген анасы тәрбиешілер мен мекеме басшылығын айыптап отыр.
Подробнее...НӘЖІС СУЫНЫҢ ӘЛЕГІ
Байзақта «бұлақ» пайда болды. Бірақ жер астынан емес, жұрттан жиылған нәжіс судан. Сарқынды су арық бойымен ағып, үй айналасын шағын көлшікке айналдырыпты. Сорақысы – тұрғындар сол ағыспен етектегі егістіктің улап жатқанын айтады. Ал әкімдік болса, бұл жағдайдан бейхабар болып шықты.
Подробнее...ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ТӘРТІП БҰЗДЫ МА?
Тәртіп сақшылары тәртіп бұзды ма? Түн жарымда қызметтік көлікпен апатқа ұшыраған қызметкерлер өз кінәсін басқаға жауып жатыр. Осылай деген Арыс тұрғыны полицейлер бүйірімнен келіп соғып, тағы ол жерде өзімді жазғырды деп ашынды. Өйткені, ес-түссіз жатқандарды көре тұрып жедел жәрдем шақырмапты. Алайда, ішкі іскер қызметкерлері кереғар пікір айтып ақталып отыр.
Подробнее...БҰҚАРАНЫҢ БАЗЫНАСЫН КІМ ШЕШЕДІ?
Депутаттық көтерген мәселесі ойыншық емес. Оның артында халықтың базынасы тұр. Мәжіліске келген министрлер кабинетінің мүшелері депутаттардан сөз естіді. Өңірлерге іс-сапары кезінде, түйткілдерді тізіп қайтқан депутаттар бүгін атқарушы билік өкілдерін сұрақтың астына алды, алайда мардымды жауап ала алмады.
Подробнее...






