3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

2598 СӘБИ ШЕТІНЕДІ

Депутаттар экс-премьер Әлихан Смайылов басқарып отырған Жоғары аудиторлық палатасының жұмысына шүйлікті. Халық қалаулылары, жоғары орган атқарылған жұмыстарын, тексерілген нысандар бойынша деректерді ашық интернет беттеріне уақытында жүктемейді деп наразылық білдірді. Оның ішінде Назарбаев университеті, МӘМС-ке қатысты тексерістердің қорытындылары да бар екен. Ал, тағы бір депутат елімізде криптовалюта нарығын дамыту үшін арнайы криптобанк ашу туралы ұсыныстарын жеткізді.

Подробнее...

БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖЕТУ МҰҢ

Алматы облысында ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар қолдаудан құр қалды. Аудан орталығы алыс болғандықтан, ата-ана перзенттерін ары-бері таси алмай, тиесілі көмектен қағылып жүр. Әне-міне бір жағымды жаңалық жайлы жылт еткен үміт те жоқ емес.

Подробнее...

ДАМБЫНЫ САТЫП ЖІБЕРДІ

Алматы облысында тұтас бір ауыл суға кетуі мүмкін. Өйткені, елдімекендегі жалғыз дамбыны әкімдік кәсіпкерге сатып жіберген. Ал олар құрылыс бастап қойыпты. Енді алты мың тұрғын жанын шүберекке түйіп отыр. Мемлекет меншігіндегі аумақты сатқан шенділер бір күні өзімізді сатып жіберер деп ашулы.

Подробнее...

ТАРАЗДАҒЫ ТАРИХИ НЫСАН ҚИРАП ЖАТЫР

Еліміздегі бірегей ашық аспан астынғады музей қирап жатыр. Бүгінде Тараздағы «Төрткүл» керуен сарайы 90 пайызға тозып кеткен. Кезінде 67 миллионға салынған тарихи нысан неге адам көріксіз күйге түсті?

Подробнее...

ЕРТЕ ТҰРУ ҚАТЕРЛІ АУРУЛАРҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН

Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. Бүгінде таңмен таласа оянатындар көбейген. Бірақ олардың кейбірі ырыс іздеп емес, тренд қуып жүр. Сағат 5-те тауға шығып, кітап оқып, спортпен шұғылдану сәнге айналды. Ұйқыны зерттейтін сомнологтар бұның қаншалықты қауіпті екенін айтты.

Подробнее...

МИНИСТР ҮКІМЕТ ҮЙІН ӨРТЕП ЖІБЕРЕ ЖАЗДАДЫ

Ғылым министрі үкіметті өртеп жібере жаздады. Эксперимент жасағысы келген Саясат Нұрбектің қолы күйіп қалғаны аздай, жиналған журналисттердің де зәресін алды. Отандық өнімді асыра мақтаймын деген министрідің бұл әрекеті интернетте мемге айналып кетпей ме? Жалпы ол өзі үкімет үйіне не үшін оттық алып барған?

Подробнее...

ӘКІМДІКТЕН ҚАЙЫР ЖОҚ!

Әкімдіктен қайыр болмаған соң жұрт жылу жинап жол салды. Жамбылда атқамінерлер жылдап бітіре алмаған тірлікті тұрғындар бір-ақ тәулікте тындырып тастады. Көшеге асфальт төсемесе де, ойық-шұқыр жерді тегістеп, жолды ретке келтірді.

Подробнее...

АСТАНАҒА КӨШУ ШЕКТЕЛМЕК

Астанаға көшіп келушілердің саны шектелуі мүмкін. Ол қаладағы «резеңке» пәтерлерді болдырмау арқылы жүзеге аспақ. Бүгін мәжілісте осындай жаңа заң нормасы талқыланды.Оған сәйкес, келешекте бір баспанаға бәленбай адам жөн-жосықсыз тіркеле алмайды. Әрбір шаршы метрге қарай талап қойылмақ. Сондай-ақ, отырыста жалғыз елорда емес, еліміздің бірнеше қаласына қатысты өзгерістер де сөз болды.

Подробнее...

БАСПАНА БАҒАСЫ ӨСЕ МЕ?

Жалдамалы пәтерде жан бағып жргендерге жағымды жаңалық. Бүгіннен бастап «Наурыз» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Биыл алғаш рет азаматтарға дайын пәтерді алуға мүмкіндік туды. Мемлекеттің бұл бастамасын құрылыс компаниялары қолдай ма? Мердігерлер жөндеу жұмыстарын қаншалықты сапалы жасайды?

Подробнее...

ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖЫЛАП ЖҮР

Несиені жабуға несие алдық! Қызылордада ауыр жүк көлік иелері 3 айдан бері еңбек ақыларын ала алмай отыр. «Жезқазған – Қызылорда» жолына қайта жаңғырту жұмыстарын ұтқан шетелдік компания қиыршық тас тасу жұмыстарына мердігерлерді жалдапты. Олар желтоқсан айынан бері жалпы соммасы 800-ден астам миллион теңгеге жұмыс істеген көрінеді. Жаңақорған, Шиелі аудандарынан тас тасыған жүргізушілер қып-қызыл шығынға баттық дейді. Себебі жұмыс беруші шетелдіктер …

Подробнее...
X