3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Орталық сайлау комиссиясы: Cайлауға дайынбыз!

Еліміздегі барлық сайлау учаскелері саяси науқанға толғымен дайын! Саяси науқанға жауапты облыс әкімдерінің орынбасарлары Орталық сайлау комиссиясына осылай деп есеп берді. Сайлау учаскелері санитарлық талаптармен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған керек-жарақпен де толық жабдықталған. Жергілікті әкімдіктер мұндай жандарды таситын арнайы инвотакси, пандустар мен браиль шрифтімен әзірленген бюллетеньдер де дайындап қойыпты. Жалпы үгіт- насихат жұмыстары басталғалы Орталық сайлау комиссиясына 100-ден астам …

Подробнее...

Мүгедектерге арналған тегін жаттығу залы

Елордадағы параолимпиадалық орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетіп отыр. Алайда аталған орталықта ақысыз спортпен шұғылдануға болатынын екінің бірі біле бермейді. Төтенше жағдай кезінде залдың қызметі уақытша тоқтағанымен, қыркүйектен бастап жұмыстары қайта жанданды. Өмірге құштар жандар басқосқан бірегей нысанды тілшіміз көріп қайтты.

Подробнее...

Зейнетақы жинағын қалай аламыз?

«Зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін алуға болады» деген ақпарат шыққалы жұрттан маза кеткені белгілі. Отандастарымыз тұрмысын, денсаулығын жақсартатын қаржыны қалай, кімнен алу керектігін іздеуде. Айтпақшы, зейнетақы жинағы алу жайында жол көрсететін, жөн сілтейтін құжат та жарық көруі керек еді. Алайда ол әлі дайын емес. Сондықтан тілшіміз жаңашылдық жайлы тың ақпараттарды іздеп көрді.

Подробнее...

Үгіт-насихат науқанының соңғы күні

Бүгін саяси партиялардың үгіт-насихат науқанының соңғы күні. Парламент мандатынан үміттілер елорда уақытымен түнгі сағат 12-ге дейін өзінің жақтастарына сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты таныстырып үлгерулері керек. Ал, барлық аймақты аралап, маңызды шараны аяқтаған саяси ұйым өкілдері бірқатар қорытындыларды жариялап үлгерді. Маңызды додаға дайындық қалай жүріп жатыр?

Подробнее...

Той жасаған көршіңді ұстап бер де, сыйақы ал!

Карантин тәртібін бұзғандарды ұстап бер де, табыс тап! Оралдық атқамінерлер вируспен күресудің тың әдісін тапқан тәрізді. Енді отбасылық отырыстың куәсі болып, дереу полицияға хабарлаған жандарға 20 мың теңгеден төленеді екен. Қазірдің өзінде аталған сыйақыны алу үшін 200-ден астам адам хабарласыпты. Заңсыз той өткізгендерді анықтайтын арнайы штаб Алматыда да құрылған. Мегополис карантиндік талаптардың сақталауына бей-жай қарамайтын тұрғындарға қанша төлеуге дайын?

Подробнее...

Сары аяз елді әбігерге салды

Сақылдаған сары аяз Арқа тұрғындарын ғана емес, республикамыздың бірқатар өңіріндегі азаматтардың мазасын алды. Сынап бағанасы әсіресе Ертіс өзені бойындағы шаһарларда және солтүстік облыстарда 30-35 градустан жоғары көтерілмей тұр. Шағым айтып хабарласқан халықтың қарасы көп. Ауа райы мың құбылғанда жұртқа қол ұшын созған еріктілер де табылуда.

Подробнее...

Шымкентте газ баллоны жарылып, әйел адам мен қызы зардап шекті

Шымкенттегі жер үйде газ баллоны жарылып, әйел адам мен оның қызы зардап шекті. Жарылыстың қатты болғаны соншалықты бес бөлмелі баспананың бір бөлігі тұтастай опырылып түскен. Оқиға орнына әріптесім Пернебек Біләлбек барып қайтқан еді.

Подробнее...

Алматыда жеті күн ішінде 700 адамнан індет анықталды

Алматыда жеті күннің ішінде 700-ден астам адамнан коронавирус анықталған. Мамандар қаңтар айында індетті жұқтырғандар қатары 4 жарым мыңға дейін өсуі мүмкін екенін болжауда. Науқастар вирусты көбіне түнгі клуб, мейрамхана, сауда кешендерінде жұқтырыпты. Сондықтан мамандар барынша қоғамдық орындарға баруды сиретіп, денеқызуы көтеріліп, ауру белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмей, дәрігерлерге жүгінуге кеңес береді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. НАРИМАН ТАБЫНБАЕВ, …

Подробнее...

Елордада 20 бөлмелі жатақхана өртенді

Елордада 20 бөлмелі жатақхана өртеніп, үйдің төбесі опырылып түсті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Құтқарушылар жеткенше тұрғындар өз беттерімен сыртқа шығып үлгеріпті. Олар қазір туысқандарының үйлеріне орналастырылған. Оқиға орнына мамандар барғанда жатақхана ретінде жабдықталған бір қабатты мансардалы 20 бөлмелі жеке үй жанып жатқан. Оны дереу сөндіруге кіріскен мамандар қызыл жалынды бір сағатқа жуық уақыттың ішінде өшіріпті. Тілсіз жау 80 …

Подробнее...

Атырауда сушиден жаппай уланғандардан сальмонеллез табылды

Атырау облысында сушиден жаппай уланып, аурухана түскендердің 23-нен «сальмонеллёз» қоздырғышы табылды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бұл туралы өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Еске салайық, 28-ші желтоқсанда тамақтан улану белгілерімен аудандық ауруханаға 16 адам түскен еді. Көп ұзамай уланған адамдардың жалпы саны 43-ке жетті. Барлығы «Три самурая» кафесіне үйлеріне суши жеткізуге тапсырыс берген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. …

Подробнее...
X