Алматыда құрылысы 4 жыл бұрын басталып, 2019 жылы аяқталуы тиіс болған қалалық соттың жаңа ғимараты әлі күнге дейін дайын емес. Карантин кезінде онлайн процесстерде өзіміздің ұстанымымызды толықтай дәлелдей алмадық деген адвокаттар бұған наразы. Тіпті, жауаптылар ғимараттың тоқсан градусқа өзгеретінін де хабарлапты. Онсыз да қыруар қаражат жұмсап салынған нысанды енді қайта жасау артық шығын деп отыр.
Подробнее...Новости
Үгітіліп жатыр: Қызылорда облысында төселген асфальттің сапасы
Қызылорда облысында бір жылда төселген асфальт жолдардың тең жартысы талапқа сай келмейді! Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы осындай қорытынды шығарған. Нысанды тезірек бітіру үшін мердігерлер тіпті қыстың күні де асфальт төсеуден таянбағанын өткенде ғана көрсеткен едік. Мамандардың айтуынша бұл өрескел қателік. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. — Қолмен үгітіліп жатыр ғой асфальт, ертең ол қалай болатынын өздеріңіз де байқап …
Подробнее...Теңгенің тұрақтауына не себеп?
Бірнеше күн қатарынан елімізде доллар арзандап келеді. Мамандар мұны үш түрлі себеппен байланыстырып отыр. Бастысы- коронавирусқа қарсы вакцина табылып, жуырда мұнай нарығы жанданады деген үміт. Теңгенің тұрақтауына тағы қандай себептер бар? Сайлаудан кейін ол тағы өсе ме? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Біздің елде доллардың долданып, теңгенің тәлтіректеуі мұнайға тікелей байланысты. Карантиннің кесірінен әуе, көлік байналысы тоқтап, мұнайға деген …
Подробнее...Елордалық полицейлер ана мен үш баласын өрттен құтқарды
Ал, елордалық полицейлер отқа оранған үйден келіншек пен оның үш баласын құтқарып қалды. Көшелерді торуылдап жүрген инспекторлар жер үйдің шатырынан шыққан өртті көріп бірден көмекке ұмтылған. Баспананың есігін сындырып ішкен енген тәртіп сақшылары ұйықтап жатқан тұрғындарды оята бастаған.
Подробнее...Зейнетқордан қанша ақша шешілетінін біле аласыз
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алғысы келетін жандарға құлаққағыс. Қордың сайтында шешіп алуға болатын сома автоматты түрде көрсетілетін терезе ашылды. Сондай-ақ, бұл қаржыны қайда жұмсауға болатыны туралы дерек те жеке кабинетіңізде жазулы. Алайда, осындай мүмкіндікке ие болған 700 мыңнан астам қазақстандық бірнеше күн бойы сайтқа кіре алмай қиналуда. Бұл соңғы күндері қордағы ақпаратқа деген қызығушылықтың артуынан болуы мүмкін. Естеріңізге салсақ, күні …
Подробнее...Шахтадағы апаттан мерт болған кеншілердің отбасына 20 млн теңгеден беріледі
Шахтадағы апат кезінде мерт болған ақтөбелік кеншілердің отбасына 20 млн теңгеден көмек берілетін болды. Мыс компаниясы марқұмдардың туыстарын баспанамен қамтып, балаларының оқуын да мойындарына алмақ. Ал арнайы құрылған комиссия өндірістік апаттың неден болғанын әлі анықтап жатыр. Қорытындысын 10 күннен соң айтпақшы.
Подробнее...Сайлау учаскелерінің саны артты
Елордада жаңадан 50 сайлау учаскесі ашылды. Бұған себеп халық санының артуы дейді мамандар. Одан бөлек, вирустық ахуалға байланысты емханалардағы дауыс беру учаскелерін ашу қауіпті болып отыр. Саяси науқан кезінде сайлаушылардың саулығы басты назарда дейді жауаптылар. Сонымен, Сайлаушылар үшін қандай талаптар бар? ПТР тест тапсыруға кімдер міндеттеліп отыр?
Подробнее...Лайкпен бағаланатын онлайн байқаулар лайықтыны анықтай ма?
Лайықтыны лайк, мықтыны мақтап жазылған пікірлер анықтайтын ойлайн сайыстар. Қазір желіде сахнаны смарфон алмастырған додалар жиі өтіп жатыр. Бәленшенің ұлына лүпіл басып, түгеншенің қызына коммент қалдырыңдаршы деп өтініш айтып, артынан конкурстардың сілтемесін жіберетіндер көп. Алайда, мұндай бәйгелерде бақ сынап жүрген шын таланттар тасада қалып жүрген жоқ па? Лүпіл мен пікір саны кіл мықтыны анықтай ала ма?
Подробнее...Алты жыл бұрын берілген жаңа үйдің құбыры 30 рет жарылды
Алматыда тозығы жеткен баспаналарын жаңа үйге ауыстырғандардың қуанышы көпке созылмады. Бар болғаны алты жылдың ішінде су құбыры отыз рет жарылып көпшіліктің мазасын қашырған. Талай мәрте шуласақ та, атқамінерлерден ешқандай қайыр болмай отыр дегендер енді не істерлерін білмей дал.
Подробнее...Нұр-Сұлтан әлемдегі ең лас қалалар қатарына кірді
https://youtu.be/5OGkyJDQofo Елорданың ауасы зиянды заттарға толы. Әсіресе, бас қаланың аспанында күкірт, көміртек, азот мөлшері көбейген. Бұл туралы америкалық «World Air Quality» сайты мәлімдеді. Химиялық элементтер несімен қауіпті? Бұған қатысты жауапты министр мен экологтар не дейді?
Подробнее...






