2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

10 жастағы баланы қасқырдан ит құтқарып қалды

Адамдар жануарларға қатыгездік танытып өлтіріп жатса, батыл ит 10 жастағы жеткіншекті жыртқыш аңнан құтқарып қалды. Өз өмірін қауіпке тіккен жануар 10 жастағы жеткіншекті қасқырдан құтқарып қалды. Оқиға Ресейдің СиндОр ауылында болған. Тығылыспақ ойнап жүрген үш баланың біреуі омбы қарға тығылып қалыпты. Сол кезде оған қарай қасқыр беттеген. Сәтін салғанда үйдің қоршауының есігінен атып шыққан терьер тұқымдас ит бөріге тап беріпті. …

Подробнее...

«Бек Эйр» компаниясынан билетінің ақшасын қайтара алмаған халық көп

Түркісіб аудандық соты Бек эйр әуе компаниясынана билет құнын қайтару туралы төртінші талап арызды қанағаттандырды. Алайда тұтынушылардан арыз-шағымдардың көбейуіне байланысты бесінші талап-арыз сотқа әзірленуде. Осыған дейін сот жолаушылар еншісіне шешкен сот шешімі заңды күшіне енген болатын.

Подробнее...

Тұрғындар орталық көшеге дүкеннің салынуына қарсы

Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. Шымкентте ұлтарақтай жер телімі үлкен дауға ұласты. Адам аяғы көп жүретін орталық көшелердің бірінде дүкен ашпақ болған саудагер қалың жұрттың қарсылығына тап болды. Онсыз да саңырауқұлақтай қаптаған сауда орындарынан құтыла алмай жатқанда, билік учаскелерді кәсіпкерлерге таратып беріп жатыр дейді. Ал, дүкен ашуға әкімдіктің рұқсатын алып қойған саудагер қалай болған күнде де, кәсібімді …

Подробнее...

Газ келеді дегенге сеніп, жылусыз қалдық

Елордадағы бүтін бір шағын аудан тұрғындары Жаңа жылды жылуы жоқ үйде қарсы алмақ. Мыңдаған отбасы биыл жергілікті биліктің газ кіргізіп береміз деген уәдесіне сеніп, көмір түсіріп әлек болмапты. Қатты отыны таусылған жұрт енді қайда барарын білмей дал. Желтоқсанның ызғарына шыдап, алдағы қаңтардың қақаған аязынан қорыққан жандар арнамызбен байланысып, базынасын айтты.

Подробнее...

Зейнетқордағы артық ақшаны қандай мақсаттарға жұмсай аламыз?

https://youtu.be/iyoD4s45Pt4 Жаңа жылда зейнетақы қорынан ішінара ақша алуға мүмкіндігі бар қазақстандықтарға электронды қолтаңба мен бірыңғай  жинақтаушы зейнетақы қорында жеткілікті сомадағы қаржысы болса болғаны. Салымшылардың дені  оны жылжымайтын мүлікке жұмсайды деген болжам бар.  Бұл ретте барлық келісім-шарттар тек  ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ арқылы жүзеге асырылмақ. Шоттағы ақша шешіп алуға жеткілікті ме, жоқ па оны зейнетақы қорынан немесе …

Подробнее...

«Бэк Эйр» ұшағының апатынан қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленбеген

«Бек Эйр» ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырағанына тура бір жыл. Оқиға былтыр 27 желтоқсанда болып еді. Алайда, содан бері әуе компаниясынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарынан ешкім кешірім сұрап келмепті, өтемақы да төлемеген. Жауапқа да ешкім тартылған жоқ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. — Мы не знаем, где находится Фоккер-100. Объявлена тревога! Бір жыл бұрын, 2019 жылдың 27 желтоқсанында …

Подробнее...

Орны ойсырап қалды: 2020 жылы кімдерден айрылдық?

Өтіп бара жатқан жыл бірқатар қазақ зиялысын ортамыздан алып кетті. Еліміздің әдебиеті, мәдениеті мен басқа да салаларына үлес қосқан азаматтардың дені індеттен көз жұмса, өзгелері түрлі қосалқы сырқаттарын жеңе алмай, бақилық болды. Марқұмдардың өмір жолы һәм елге сіңірген еңбектері әр қазақтың жадында қалары хақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Өтіп бара жатқан жыл қазақ руханиятын орны толмас ауыр қайғыға …

Подробнее...

Букмекерге ақша тіккен: жас курсанттың өліміне қатысты тың дерек

Букмекерге ақша тіккен! Алматының әскери академиясындағы жас курсанттың өліміне қатысты Ішкі істер министрлігіндегілер осындай дерекпен бөлісті. Ведомоствоның кадр саясаты департаментінің басшысы Айдар Сайтбеков, қайғылы жайтқа кешенді тексеру барысында әлеуметтік зерттеу жүргізілгенін айтты. Оның барысында марқұм Саламат Өтегеновтің өзінің курстастарынан түрлі сомада жиі қарыз алғаны, сондай-ақ букмекерлік конторада онлайн ақша тіккені анықталыпты. Қазір бұл оқиғаны тергеу барысын ішкі істер министр Ерлан …

Подробнее...
X