Мүгедектердің мұңы! Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандар шағымдарын айтты. Аймақта мүгедектердің мүддесі мен қажеттіліктері толыққанды қорғалмай отыр дегенді алға тартады. Пандус мәселесі мен жыл сайынғы мүгедектігін дәлелдейтін медициналық тексерудің кемшіліктерін жырлап шаршағандар жыл өте тағы да проблемалар қосыла түсті дейді. Олардың қатарында жеке көмекшілер мен инвотакси мәселелері бірінші орында тұр. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның толық мүшесі ретінде қабылдануына не кедергі?
Подробнее...Новости
Ұлттық сауда-тарату желісі ашылады
Азық-түлік бағасы қымбаттамау үшін не істеу керек? Сауда және интеграция министрі мұны қойма салу арқылы шешпекші. Бақыт Сұлтановтың сөзінше, құны 240 миллиардтың айналасындағы жоба шаруаларды шығынға батудан сақтайды екен, одан қалды бағаның өсуін болдырмайды. Бірақ сала мамандары мен депутаттар министрдің бастамасына қарсы. Қыруар қаржы желге ұшама деп қауіптенген олар өңірлердегі шаруа қожалықтарын субсидиялау әлдеқайда тиімді деген ойда. Қайтпек керек?
Подробнее...Жалпыхалықтық декларацияның бірінші кезеңі 6 күннен соң басталады
Жалпыхалықтық декларацияның бірінші кезеңі алты күннен кейін басталады. Алғаш болып есеп тапсыратын тұлғалар да анықталып қойған. 2025 жылға еліміздегі барша ересек азаматтар мүлкін тіркеуге міндеттелетінін мен айтпасам да білесіздер.
Подробнее...Ассамблея атынан мәжіліс депутаттығына кімдер ұсынылды?
Ассамблея атынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған үміткерлердің есімдері анықталды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында кандидаттардың тізімі бекітілді. 9 үміткердің сегізі ер адам және біреуі әйел кісі екен. Сондай-ақ жиын барысында сайлау комиссиясы Ассамблея мүшелерінің дауыс беруіне арналған бюллетендерін дайындайтыны да айтылды. Олардың саны 509 дана болып белгіленіпті.
Подробнее...Індет кезінде елден көмегін аямаған бүгінгінің батырлары
Күллі әлемді алаңдатқан кесел талай жанды көмекке мұқтаж қылып, қыспаққа алғаны белгілі. Біреуіне дәрі, енді біріне аппарат жетпей қиналғанда әлдекімдер бұл сәтті өз пайдасына жаратып, арам ақша тапқаны да айтылды. Алайда, жаны қысылғандарға қолы жеткенше көмек қылып, көзге түскендер қарасы да қалың. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Пандемияны бастан өткермейінше көбіміз әлемді қатыгездік жайлап кетті деп күйіндік. Тіпті мейірім …
Подробнее...Аязда төселген асфальт
Қыстың көзі қырауда салынған асфальттың сапасы бола ма? Қызылорда облысы Ақжарма ауылындағы 8 көшеге жол төселуі тиіс екен. Алайда, тендерді ұтқан екі мердігер компанияның бірі жұмысты орта жолдан тастап кетіп, екіншісіне еншісіне қалдырған. Ал, ол мекеме аязға қарайтын емес. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бұл енді Оспан Ысқақов деген көшеде бұл көше салынғаннан бері асфальт деген нәрсе болмаған. Тас …
Подробнее...Жаза: 8 жасар қызды анасы жалаңаш күйде аязға қуып шықты
Тым қатаң жаза! Сегіз жастағы қызын сақылдаған аязда жартылай жалаңаш далаға шығарып жіберген қатігез ананың әрекеті кешелі-бері қоғамды дүр сілкінтті. Адам шошырлық әрекет елордада тіркелді. Келіншек баласын жазалау үшін түн жарымында үйден қуыпты. Абырой болғанда жеткіншекті көршілері көріп қалған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Елорданың оң жағалауындағы дәл осы аядай ғана бөлмеде 4 бала ата-анасымен тұрып жатыр. Осыдан 3-4 …
Подробнее...Аяз ата мен қарша қызды үйге шақыруға тыйым салынады
Аяз ата мен Қарша қызды үйге шақыруға тиым салынады! Жандарбек Бекшин жаңа жыл қарсаңында осындай жаңа қаулы шығарды. Алматы қаласының бас санитары коронавирус инфекциясының алдын алу үшін желтоқсанның 25-нен бастап жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге шектеу қойды. Ал сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмысы не болмақ? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Мереке жақындаған сайын көпшіліктің қуанышы мен қатар күдігі де …
Подробнее...Қытай тарапы қазақстандық тауарды кіргізбей жатыр
Елімізге қытай тауарлары кедергісіз әкелінгенімен, Қазақстаннан аттанған жүк көліктерін көрші мемлекет кіргізбей жатыр. Бұл мәселе бүгін Сенат отырысында талқыланды. Жалпы, жоғары палатаның жиынында көтерілген және қабылданған заң жобалары жетерлік. Соның бірі отандық білім беру стандартына ұлттық ойындарды енгізу. Бұл шара қашан жүзеге асады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Кірген із бар, шыққан із жоқ! Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай құдды бір …
Подробнее...Жұмысшылар жаз бойы жасаған жұмыстарына ақы алмаған
Түркістанда жаз бойы еңбек еткен жұмысшылар тиесілі жалақысын ала алмай жүргенін айтты. Жаңа университеттің ескі ғимаратын жөндеген азаматтар күнде жұмыс істеген нысанға келіп, маңдай тер, табан ақыларын талап еткенімен, ештеме өндіре алар емес. Себебі, бұлармен келісімшарт жасаған компания істі жарты жолда тастап, кетіп қалған екен. Есесіне, жұмысшылар алдындағы қарызы 50 миллион теңгеге жеткен. Амалы таусылған жұрт енді облыс әкімі Өмірзақ …
Подробнее...






