Биыл тәртіп сақшылары тәртіп бұзған тентектерді тезге салумен ғана емес, оларды камераға түсірумен де әлек болған тәрізді. «Кешірім сұраймын, айыбымды мойындаймын» деген сөздер осы жылы тым көп айтылып кетті. Арасында карантиндік талапқа бағынбағандары, ұлттық аспапты сындырып, рәмізді қор қылғандары, артық сөйлеп, жұрттың ашуын тудырғандары да жетеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Прошу прощение у всех жителей и сотрудникаов полиции. Такого больше …
Подробнее...Новости
150 теңге үшін автобус жүргізушісін ұрғандар ұсталды
Алматы облысында 150 теңге үшін автобус жүргізушісін ұрып-соққандар ұсталды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Тексеріс барысында анықталғандай, жанжал жолаушы мен жүргізуші арасында шыққан. Қоғамдық көліктің камерасына түсіп қалған видеоға қарағанда, екі ер адам сөзге келісе алмай қалып, соңы төбелеске ұласқан. Кейін жолаушы ұлына хабарласыпты. Досымен бірге келген ол тізгіншіні бірнеше рет ұрған. Күдіктілер Талғар ауданына қарасты Нұра ауылының тұрғындары, …
Подробнее...Алаяқ компания төрт мың адамды тақырға отырғызды
Тағы бір алаяқ компания төрт мыңнан астам адамды алдап кетті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекемеге көпшілік соңғы тиынын санап берген. Қолдарында лицензиясы болғандықтан жұрттың сеніміне селкеу түспепті. Алайда, он күн бұрын өздерінің жабылғандығын мәлімдегенде салымшылардың төбесінен жай түскендей болған. Енді теңгесін еселеймін дегендер кімнен өндіріп аларын білмей дал. Бүгін осы мәселе …
Подробнее...Зейнетқордан ақша алу жөніндегі заң қабылданды
Мәжіліс депутаттары зейнетақы қорынан ішінара ақша алуға мүмкіндік беретін Заңды қайта қабылдады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Елдің қызығушылығын тудырып отырған норма «Халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту туралы» Заңның бір бабы болатын. Дүйсенбі күні ғана құжатты тұтастай кері қайтарып жіберген сенаторлар оған бес бірдей өзгеріс енгізу керек деп шешкен-ді. Енді міне жоғары палата депутаттары нұсқаған өзгерістерді ескерген мәжілісмендер оны қайта …
Подробнее...Сыртқы істер министрі: Ресейлік депутаттардікі сандырақ!
Көлденең көк аттының сандырағы! Еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстан жеріне қатысты айтқан пікірлеріне осындай баға берді. Бұл мәселені бүгін Мәжілісте депутат Омархан Өксікбаев көтерген еді. Ол министрдің Парламентке келгенін пайдаланып, ведомствоның Ресей тарапына жіберген ресми нотасының жауабын сұрады. Алайда, халықаралық талаптар бойынша мұндай құжатқа жауап берілмейді екен. Бірақ көрші ел Үкіметі Қазақстан үшін бұл қағидатты …
Подробнее...Елорда: Жел тұрмаса, түтінге тұншығады
Бірнеше күн бойы жел тұрмаса, қара түтінге булығатын ел астанасы әлемнің ең лас қалаларының біріне енді. Салынғанына 30 жыл да толмаған Нұр-Сұлтанның әлі де өсетінін ескерсек, бұл оның тұрғындары үшін қазірдің өзінде қауіпті құбылыс-, дейді мамандар. Неге арқа төсіне, жапан далаға салынған жаңа қала аз ғана уақытта осындай дәрежеге жетті? Бұл жоспарлаудан кеткен қателік пе, әлде мамандардың біліксіздігі ме? Астаналықтарды …
Подробнее...Қаржы министрі тентек тендерлерді қалай реттемек?
«Барлығы дұрыс жоспарламаудан басталады». Бүгін Мәжіліс мінберінде Қаржы министрі Мәжіліс Төрағасының қаһарына ұшырады. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң актілеріне ұсынылған түзетулерге депутаттар да қырғидай тиді. Күллі бюджетке жауапты ведомство Президенттің тапсырмасын орындауға келгенде кемшілікке жол беріп отыр деді Нұрлан Нығматулин. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Тендер мен мемлекеттік сатып алудағы түйткіл Мәжілістің мінберінде талай айтылды. Олқылықтарды реттеуге де тырысып-ақ жатырмыз. …
Подробнее...Өзіне қол салған курсант өлерінен бұрын туыстарынан қомақты ақша сұраған
Алматыдағы ішкі істер министрлігінің академиясында 3 курс курсанты асылып қалған. Қайғылы жағдай туралы марқұмның туыстары тек жетісін өткізгеннен кейін ғана айтуға бел буыпты. Олардың айтуынша Саламат Өтегеновті өзіне қол салуға әлдекімдер мәжбүрлеген көрінеді. Марқұм өлер алдында туыстарынан қомақты қаржы сұрапты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясындағы қайғылы жағдай 13 желтоқсан күні болған. Академия қызметкерлері Саламат …
Подробнее...12 жастағы қыз 8-ші қабаттан құлап кетті
12 жастағы жеткіншек абайсызда 8-ші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқыс оқиға Шымкентте болды. Түрлі дене жарақатын алған бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оны өлімнен аман алып қалу мүмкін болмады. Себебі, оқушының бас сүйегі сынып, кеуде және ішкі қуыстары қатты зақымданған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Қайғылы оқиға «Шымсити» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 12 жастағы жеткіншек терезеден абайсызда құлап …
Подробнее...Партиялардың үгіт-насихаты жалғасуда
Елімізде 11,9 млн қазақстандық дауыс беруге құқылы. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Кез-келген азамат, өзінің қай сайлау учаскесінде тіркелгенін тексере алады. Ал, кеше сайлауға жіберілген 5 саяси партия белсенділерінің арасында алғашқы теледебат өтті. Пікірсайысқа қатысқан кандидаттар өздерінің бағдарламаларын ортаға салып, бір-бірінің кемшіліктерін атады. Айта кетейін, партиялардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Кандидаттар еліміздің түкпір-түкпірінде белсенділік көрсетуде. …
Подробнее...






