Шенеуніктер мен депутаттарға шетелдік банктерден есепшот ашуға тыйым салатын заңға Президент қол қойды. Бұл дегеніңіз енді мемлекеттік қызметкерлерге ресми түрде шектеу болады деген сөз. Алайда, бұл өзгертуге қатысты қоғамның пікірі екіұдай. Бірі «дұрыс болды» деп қолдау білдірсе, тағы бір тарап «атқамінерлер онсыз да ақшасын өз атында ұстамайды, әйелдерінің атына аударып қояды» деп уәж айтуда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. …
Подробнее...Новости
«Адал» партиясы елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді
«Adal» партиясының өкілдері Нұр-Сұлтанда бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Оған қатысқан 15 тен астам жұмыс беруші 50 шақты вакансия ұсынды. Жұмыссыздық мәселесі партия тұғырнамаларының негізі екен. Олар тіпті мектеп оқушыларына арнап арнайы тестілеу дайындапты. Сауалнаманың көмегімен бала ертең өзіне ұнайтын мамандықты таңдап, білікті кадр болуға ыңғайланбақ.
Подробнее...Қарағандыда темірдің беріктігін арттыратын зауыт құрылысы басталды
Қарағандыда темірдің беріктігін арттыратын қоспа өндіретін зауыт құрылысы басталды. «Ферросилиции» деп ататалын зат металлды мықты етіп қана қоймай, оны татқа да төзімді етеді екен. Мұндай қоспасы бар болат пен шойын азаматтық құрылыс пен авиация өндірісінде ширек қолданылады. Экологиялық таза зауыттан шыққан улы заттардың бәрі 8 бірдей сүзгіштен өтіп, қоршаған ортаға тарамайды, дейді мамандар. Фильтрлерде жиналатын шаң да кәдеге жаратылмақшы. «Микрокремнезем» …
Подробнее...Күдіктімен селфи жасаған полицей қызметінен кетті
Күдіктімен селфиге түскен полицей қызметінен қуылды. Тексеру жүргізген тәртіптік комиссия учаскелік полиция инспекторының әрекетін офицер үшін орынсыз деп санады. Нәтижесінде, қызметтік тәртіпті бұзып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін аталған тәртіп сақшысы жұмысынан босатылды. Еске сала кетейін, бұған дейін Шымкенттегі үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған ер адамның ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан едік. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы азғынды анықтап, …
Подробнее...Ауылдастарын жер алып берем деп, 3,5 млн теңгеге тақырға отырғызған
Ал, Түркістан облысында қарапайым тұрғындарды сан соқтырып келген алаяқ ұсталды. Ол жұрттың сеніміне кіріп, жерге мұқтаж азаматтардың әр бірінен 300 және 400 мың теңгеден ақша алып отырған. Мәселен, Кентау қалалық полиция бөліміне шағымданған жергілікті тұрғынның сөзінше, 15 соттық 4 жер телімі үшін алаяққа 1 млн 800 мың теңге беріпті. Бірақ, бірнеше ай өтсе де, уәде еткен жер телімі не ақшасын …
Подробнее...Күйеуінен қысым көріп, көз жұмған сымбаттың әкесі үндеу жасады
«Қызымның ақыл-есі дұрыс болған!». Көпқабатты тұрғын үйден секіріп, жұмбақ жағдайда көз жұмған Сымбат Құлжағарованың әкесі әділдікті талап етуде. Бейнеүндеу жолдаған Боранғали Құлжағаров билік өкілдерінен тергеліп жатқан қылмыстық істің жан-жақты әрі толық зерттелуін сұрап отыр. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын марқұмның анасы керісінше, «Сымбаттың дертін бәрінен жасырдым» деген еді…
Подробнее...Еліміз шетелден жаппай қару-жарақ пен әскери техника сатып алып жатыр
Еліміздің қорғаныс министрлігі шет елдерден жаппай қару-жарақ пен соңғы үлгідегі әскери техникалар сатып алып жатыр. Оның ішінде Отандық тауарлар да бар екен. Одан бөлек, ел тарихында алғаш рет қарулы күштер қатарына пилотсыз басқарылатын аппараттар да алынған. Бүгінде аталған қондырғылар саны 10-ға жетіпті. Сондай-ақ, министр Нұрлан Ермекбаев еліміздің әскерінде «әлімжеттік» жоқ деп мәлімдеді. Ал, қоластындағы генералдардың жемқорлық фактісі жайлы не айтты?
Подробнее...Ресейлік депутаттардың көксегені не?
«Қазақстан кеңес одағынан жерді жалға алған!». Ресейдің дума депутаттары елімізге қатысты осы сарында пікір білдіруді тоқтатар емес. Никонов бастап берген шуды іле-шала өзге әріптестері іліп әкетті. Еліміздің сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілін шақырып, нота тапсырған болатын. Алайда, бұл шараның өзі шыбын шаққандай болмапты. Бұл бір топ азаматтың көксегені не? Аттарын шығарып, арзан атақ жинаудың кезекті қадамы ма?
Подробнее...Мейрамханалар корпоративке жарыса тапсырыс қабылдап жатыр
Бір мерекені шығарып салып, екіншісіне дайындалып жатырмыз. Алда Жаңа жыл. Демек, тәртіп сақшылары мен санэпидемиолог мамандардың жұмысы күшейеді. Биыл тойдан қысылған, бірін-бірі көптен көрмей сағынысқан жұрт шетінен мерекелетіп кетуі ғажап емес. Тіпті қазірдің өзінде мейрамхана есігін іштен кілттеп, корпоратив өткізіп жатқандар баршылық.
Подробнее...Жаңа туған нәрестені қоқысқа лақтырғанша, арнайы боксқа қалдыр!
Жаңа туған нәрестені қоқысқа лақтырғанша «Үміт бесігіне» алып кел! Алматы облысында әлеуметтік жоба қолға алынды. Оның басты мақсаты жаңа туған шақалақтан анасы бас тартып жатса оны әжетхана немесе көшеге лақтырғанша арнайы бокске қалдыруға болады. Жоба авторлары осылайша тастанды балалардың өмірін сақтап қалуды көздеуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. ГҮЛМИРА БАЙДІЛДАҚЫЗЫ, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл кісі боксқа тастаған …
Подробнее...






