0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНБЕК

Қосымша құн салығы көтеріледі деп елді бір бөріктіріп қойған Үкімет, биыл экономика мен бизнесті қолдауға 8 трлн теңге қаржы бөлетін болды. Бұл туралы салаға жауапты министр Серік Жұманғарин мәлімдеді. Сондай-ақ, елімізде жол инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін арнайы ауқымды жобалар іске қосылмақ. Тұрғын үй секторлары мен құрылыс салаларына да тиісті көңіл бөлінетін сияқты.

Подробнее...

«МӘМС» ЖҮЙЕСІ ЖОЙЫЛА МА?

«Бір науқастың 82 тісін емдеген. Енді біріне бір аурухана 32 қызмет көрсеткен». МӘМС таң қалдырудан жалықпайды. Осыдан 5 жыл бұрын іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен былықтар әлі де шығып жатыр. Оның бірқатарын бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутаттар жайып салды. Саланы әбден сынаған атқамінерлер «баяғы жартас, бір жартас», бір жылда ештеңе де өзгермеді деп, Денсаулық сақтау министріне шүйлікті. …

Подробнее...

МЕРДІГЕР БІТІРЕ АЛМАЙ ЖАТЫР

Мердігер тез бітіре алмай жатыр. Жамбылда 2 жылда су арнасын салып бітуі тиіс компания құрылыс жұмыстарын созбалаңға салып жіберді. Соның салдарынан құрылыс басында адамдардың құлауы мен малдың мертігуі жиілеп кеткен.

Подробнее...

АСТАНАДА ЕРЕКШЕ ЖЕМІС ӨСЕДІ

Астананың ботаникалық бағында ерекше жеміс пісіп жатыр. Сыртқы түрі лимонға ұқсағанымен, дәмі мүлдем бөлек екен. Жай дүкендерде сатыла бермейтін жемістің дәмін тату үшін келушілер кезекке тұрып күтуге дайын. Қытымыр қыстың аязында тропикалық ағаштарды мамандар қалай күтіп баптайды?

Подробнее...

ҚАРЛЫ БОРАН БИЛІГІН ЖҮРГІЗУДЕ

40 градус аяз келе жатыр! Синоптиктер алдағы 2 күнде температура күрт төмендейтінін жеткізді. Ал республикамыздың басым бөлігінде жағдай тұрақталған жоқ. Ақтүтек боран мен сықырлаған аяздан әлі де болса трассада қалып қойғандар жетерлік.

Подробнее...

ШАТЫР ШАРШАТТЫ

Мердігер мазақ қылды. Таразда көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мекеменің басы дауға қалды. Өйткені құрылысқа жауаптылар тұрғын үйдің шатырын күн суытқанда ашқан. Сөйтіп толассыз жауған жаңбырдың салдарынан бірқатар пәтер жарамсыз күйге түскен. Бірақ шатыр жабылғанмен, ауа-райы күрт бұзыла қалса қып-қызыл шығынға батамыз деп отыр қараша. Құрылысқа бөлінген 100 млн ға жуық қаржы қайда кетті?

Подробнее...

ҒЫЛЫМ МЕН СЫН-ҚАТЕРЛЕР АЙҚАСЫ

Қоғамды дүр сілкіндірген даулы жағдайлар болады ғой?!. Оған қатысты шорт кесіп шешімін шығару біз ойлағандай оңай емес. Терең зерделеу мен сараптаманы қажет етеді. Бастысы таразы басын тең ұстау маңызды. Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау академиясының ғалымдары сын-қатерлер мен мәселелерді зерттеп жатыр. Заңдағы олқылықтар мен қайшылықтарды анықтап, қолданысқа енгізуде де сәтті қадамдар жасалып келеді.

Подробнее...

ЕСКЕРТПЕНІ ЕЛЕМЕГЕНДЕР ЖОЛДА ҚАЛДЫ

«Ақтүтек боран, омбы қар, ызғарлы аяз». Елімізде ауа-райы күн өткен сайын нашарлап барады. Соңғы деректерге сүйенсек, республикамыздың 13 облысындағы 28 автожолда қозғалысқа тыйым салынып, 11 автобан ашылыпты. Жағдай әсіресе Қарағанды, Ақмола, Ұлытау облыстарында қиын. Мұнда мамандар қозғалысты қамтамасыз ету үшін күні-түні жұмыс істеп жатыр. Деген табиғат ана әзірге ырық берер емес.

Подробнее...

ЕМШІГЕ АЛДАНЫП, НЕСИЕ АЛҒАН

Есті шығарған емші. Бір топ ақтөбелік тәуіптің сеансынан соң қарызға кіріп, сергелдеңге түсіп жүр. Ем — домнан соң қалай кредит алғанын білмей, өздері аң — таң. Әйел сыртқатына дауа іздеп келгендерден өзіне кредит алдырып, артынан борышты қайтармай кетеді екен. Алданғандарың арасында тіпті оның өз туыстары да бар.

Подробнее...
X