Әділдікті талап етеміз! Қызылордалық шаруалардың жергілікті билікке өкпесі қара қазандай. Оған үкіметтен малшыларға беріліп отырған субсидия мәселесі себеп болған. Мал шаруашылығымен айналысатын жандарға биыл ауылшаруашылық министрлігі қаржылай көмек қарастырған екен. Құжаттарын жинап, осы субсидияға қол жеткізбек болған Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы және Арал ауданындағы малшылар бірқатар қиындыққа тап болыпты. Ашынған шаруалар облыс әкімдігіне барып, аймақ басшысымен кездесуді талап етті. Бұл туралы …
Подробнее...Новости
KAZSATтардың
Ғарышты бағындыру үшін де құрбандық шалынады. Еліміздегі Республикалық ғарыш орталығының мамандары ырым-тыйымға сенеді екен. Орман ішінде орналасқан жасырын мекеме дәл қазір біздің жаңалықтарымыздың көрерменге жетіп, сіз бен біздің телефон арқылы кедергісіз сөйлесуімізге септік етіп отыр. Мұнда спутникпен байланыс орнатылып, космос әлемінен түрлі сигнал келіп түседі. Көп біле бермейтін құпия жұмыстың жай-жапсарын Айбек Қосан айтсын! «Ақмола облысында, орманның ішінде көпке көрінбейтін …
Подробнее...Зейнетқордан ақша алуға рұқсат беретін заң мәжіліске кері қайтарылды
Зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беретін Заң жобасын сенаторлар Мәжіліске кері қайтарды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтін құжатқа енетін өзгерістерді депутаттарға Экономика министрі Руслан Дәленов таныстырған еді. Онда сондай- ақ, көп балалы отбасынан шыққан түлектерге арналған гранттар санын ұлғайту, кәсіпкерлер төлейтін салықтарды қайта қарау туралы өзгерістер де бар. Сенаторлар Заң жобасына тағы да бес …
Подробнее...25 желтоқсаннан бастап карантиндік шаралар күшейтіледі
Елімізде мереке қарсаңында коронавирустың жаппай белең алуына байланысты шектеу шаралары күшейтіледі. Барлық қоғамдық орындардағы жаңажылдық отырыстарға тайым салынады. Бұл жөнінде ведомство аралық комиссия отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. Ал, Еуропа елдерінде COVID-19 инфекциясының жаңа штаммы белең алып барады. Мамандар бұл ауру коронавирустан да қауіпті деген пайым айтты. Елдегі ахуал қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Коронавирус елімізде әлі де өршіп тұр. …
Подробнее...Жолақысын төлегісі келмегендер такси жүргізушісін соққыға жықты
Ал, Таразда жол ақысын төлегісі келмеген ер адамдар такси жүргізушісін соққыға жықты. Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Адам жүрмейтін қараңғы көшеде көліктен түскен жолаушылар қашып кетуді көздепті. Алайда тізгінші ақысын сұраған сәтте оны аяусыз сабап, бірі спорттық құралмен, екіншісі оны жұдырықпен ұрған. Содан ер адамның ұялы телефонын тартып алып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Полицейлер күдіктілерді бір тәуліктің ішінде …
Подробнее...70 жастағы әжені зорламақ болған ер адам ұсталды
Шымкентте 70 жастағы әжені зорламақшы болған ер адам ұсталды. Ол кейуананы көпқабатты тұрғын үйдің кіре берісінде есінен тандырып, арам ойын іске асырмаққа ниеттенген. Осы жағдайдан кейін күдікті тәртіп сақшыларынан 3 тәулік бойы қашып жүріп, ақыры қолға түсті. Қазір, оған қатысты қылмыстық кодекстің қос бірдей бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлердің сөзінше ол алғашқы күні-ақ, өз кінәсін толық мойындапты. Бұл …
Подробнее...Кәсіподақтар федерациясы дауыс беруге мәжбүрлеген партияларды әшкерелемек
Кәсіподақтар Федерациясы дауыс беруге қысым көрсеткен партиялардың әрекетін әшкерелемек. Жұмыскерлердің құқығын қорғайтын ұйым осы мақсатта жедел желіні іске қосып отыр. Егер партиялар, я болмаса жұмыс берушілер сайлаушының таңдау жасауына кедергі келтірсе, дәлелдерге сүйене отырып, халық алдында масқаралауға мәжбүрміз дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын кәсіподақтар федерациясынан 7 мыңға жуық байқаушы қадағалайды. Жұмыскерлердің құқығын қорғайтын …
Подробнее...Орныңа робот биржада ойнайды дегенге сеніп, мың долларымнан айрылдым!
https://youtu.be/FDUwTsUx7gM Еселеймін деген ақша еш кетті. Елімізде қаржы пирамидасына соңғы тиынын салып, сан соғып қалғандардың қарасы көбеймесе азаймай тұр. Ғаламторды мұқият зерттеп, адам психологиясын жақсы меңгергендер қарапайым халықтың ақшасын жылдам әрі оңай алудың осы бір тәсілін карантин кезінде де ұтымды пайдалануда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Телефон нөмірімді кімнен алды? Бұл сұрақты алданғандардың басым бөлігі өздеріне ең соңында ғана …
Подробнее...Елімізге Қырғызстаннан 60 келі героин алып өтпек болды
Елімізге Қырғызстаннан 60 келі героин алып өтпек болған күдікті ұсталды. Оны Жамбыл облысындағы автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар қолға түсірген. Иісшіл ит джип көлігінде жасырылған ерекше иісі бар ақ-сұр түсті заты бар пакеттерді тапқан. Сараптама қорытындысы оның 60 келі 370 грамм героин екенін көрсетіпті. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 15-тен 20 жылға …
Подробнее...Лифт ішінде әйелді бірнеше мәрте ұрған жігіт камераға түсіп қалды
Лифт ішінде әйелді бірнеше мәрте ұрып жіберген жігіт камераға түсіп қалды. Мына кадрлардан жедел саты ішіне кірген ер адам бойжеткенге алдымен су шашып кейін оның басынан, бетінен шапалақпен ұрғанын көруге болады. Қазір полицейлер әйел адамға қол көтерген еркекті іздестіріп, оған қатысты тиісті шара қолданылатынын атап өтті. Оқиға Елордадағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде болған.
Подробнее...






