Қайтадан мерекелік атмосфераға оралып, жаңалықтарымызды аяқтасақ. Тәуелсіздік күнінде бір топ алматылық баспаналы болды. Қоныс тойын тойлап жатқандарға пәтерлерінің кілттерін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды.
Подробнее...Новости
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады!
«Іргесі мығым елміз!» Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы халыққа деген ізгі тілегін өзінің Twitter-парақшасына жариялады.
Подробнее...Үгіт-насихат науқаны
Елімізде 10 қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын саяси партиялардың үгіт-насихат науқаны жалғасып жатыр. Мандаттан үмітті партиялар еліміздің түкпір-түкпірін аралап, халықты сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып жүр.
Подробнее...Қалаға тиіп тұрған ауылға көлік жүрмейді, ұялы байланыс жоқ
Айдалада қалған ауыл. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Каменный карьер елдімекенінің тұрғындары «жапан далада жалғыз қалдық» дейді. Облыс орталығынан небәрі 18 шақырым жерде тұрған ауылға көлік қатынамайды, ұялы байланыс жоқтың аты, ғаламтор сапасы нашар. Дәрігерлік қосын да, пошта да жабық. Адам тұрғысыз жерде өмір сүріп жатқан халықтың зарын тілшіміз тыңдап қайтқан еді.
Подробнее...Ковидтен қайтыс болғандарға құрмет көрсетілді
Еленген еңбек! Шымкентте «СOVID-19» індеті кезінде қайтыс болған қылмыстық атқару жүйесінің бұрынғы қызметкері марапатталды. Қызметтік міндетін адал атқарған марқұм Людмила Панченконың төс белгісі оның қарт анасына табысталды. Сондай-ақ, «Ерлігі үшін» медаль ақтөбелік полицейлердің отбасыларына да берілді.
Подробнее...Отансүйгіштік – еліңе адал қызмет ету!
«Тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ жігіттерінің мықтылығын көрсетуге мүмкіндік алдық». Дзюдошы Елдос Сметов өзін нағыз патриотпын деп есептейді. Спорттық жарыстарда топ жарып жүрген өрен жастарға артылған жүктің ауырлығын әрбір азамат сезінуі тиіс деген пайымда. Әлемдік деңгейде еліміздің мерейін үстем етіп жүрген патриоттар жайлы келесі бейнемартериалымызда.
Подробнее...Өскемендегі педагогтер тамсанатын сабақтар
Болашаққа үлкен сеніммен қараймыз! Өскемендегі педагогтар қауымы осылай дейді. Өйткені, биыл Шығыс Қазақстан облысының бес бірдей колледжінде су жаңа құзыреттелік орталықтары ашылған. Онда болашақ электриктер, агрономдар, IT мен көлік саласының мамандары білімдерін ұштай алады. Арнайы орталықтарда қымбат құрылғылар қазіргі студенттерді нағыз кәсіп иелеріне айналырады екен.
Подробнее...Телефонды ұйықтарда қасыңызға қоймаңыз!
Ұйқыға жатарда ұялы телефонды құшақтап, не жастықтың астына қоймаңыз. Бұл жайлы қанша айтылса да мамандар көпшілік құлап аспай жүр деп қынжылады. Смартфоннан бөлінетін электромагнитті радиотолқындар жүйке жүйесін зақымдап, иммунды жүйені әлсіретеді екен. Қарапайым талаптарды орындамаудың соңы неге апаруы мүмкін?
Подробнее...Жаңа челлендж: Көк тудың желбірегені!
Бұл мереке бұрынғыдан өзгерек! Дәстүрдегідей концерттер мен мерекелік шаралар да жоқ. Дегенмен, тойлатуға болмайды деген сөз емес бұл. Көк байрақты үйлердің балкондары мен қасбеттеріне ілуге ресми түрде рұқсат берілгесін, отандастарымыз ұлы мейрамды ерекше атап өтуді жөн санапты. «Менің туым-Менің Отаным» челленджін бастап, ұлттық рәмізді ұлықтап, бір-бірін мерекемен осылайша құттықтап жатыр.
Подробнее...Шәкіртін зорлаған жаттықтырушы 14 жылға сотталды
Ақтауда шәкіртін зорлаған бапкерке сот үкімі шықты. Айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Жаға ұстатарлық жағдай елді жарты жыл бұрын дүрліктірген еді. Ер адам жасөспірімдерді спорттың каратэ-до түрімен жаттықтырған. Сондай-ақ, ол жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұрып, оның сенімін пайдаланған. Яғни, өзінің жаттықтырушы ретінде ықпал ететінін түсініп, оның еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Бұл деректер сот процесі кезінде анықталды.
Подробнее...






