2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Жоғалып кеткен азамат тау бөктерінен түсіру кезінде жан тәсілім етті

Алматы тауларында адасып кетіп, әрең табылған ер адам қайтыс болды. Осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен Ерман Байменовті құтқарушылардың кеше түстен кейін кезіктіргені хабарланған еді. Алайда тау бөктерінен түсіру кезінде 35 жастағы жігіт жантәсілім етіпті. Еске сала кетейін, Ерман Байменов 12 желтоқсан күні таңертең жалғыз өзі тауға шыққан. Кешкі уақытта үйге қайтпақ болған кезде ауа-райының қолайсыздығынан адасып, төтеншеліктерді шақыртыпты. Марқұмның …

Подробнее...

Денсаулығы күрт нашарлады: Ұшақ бортында 6 айлық бала көз жұмды

Ақтауда ұшақ бортында денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылған алты айлық бала шетінеп кетті. Оған қарқынды терапия жүргізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмапты. Бала ауруханаға түскен бойда жансақтау бөліміне жатқызылған екен. Дәрігерлер оған алдын-ала ауыр түрдегі пневмония диагнозын қойған. Кішкентай пациенттің ағзасынан КОВИД белгілері табылмапты. Айта кетейін, оқыс жайт 30 қарашада болған еді. Бала ата-анасымен бірге Түркияға бара жатқан.

Подробнее...

Назарбаев: Қастерлі жерімізді сақтау – асыл борышымыз!

«Байтақ даланың заңды мұрагеріміз». Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтауында осылай деді. Елбасының сөзінше, Тәуелсіздікті алып, оны дүниеге паш ету бір бөлек, ал оны сақтап қалу одан да зор міндет. Сондықтан да осы жылдар ішінде атқарылған барлық жұмыс әлем қартасына аты ойып жазылған Қазақстанның тәуелсіздігін тұғырлы етуге бағытталған. Ал, басымызға түскен сынақтар бізді шыңдап, рухымызды күшейтіп, …

Подробнее...

50-ге жуық адам кірпіш сататын кәсіпкерге алданды

Сенген серкем сен болсаң?! Ақтөбеде ондаған тұрғын кәсіпкерге алданып қалғандарын айтады. Құрылыс материалына деп қолындағы миллиондарын санап бергендер, енді не ақша, не тауар жоқ сенделіп жүр. Бәрін алдап соққан кәсіпкер қазір қайда жүр? Құзырлы органдар бұған не дейі?

Подробнее...

Түркістан облысында 40 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Тәуелсіздікке тарту! Түркістан облысында 40 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Төле би ауданының орталығы Леңгір қаласында салынған баспана тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы жанұяларға және кезекте тұрған мемлекеттік қызметшілерге бұйырды. Айтулы мереке қарсаңында пәтер кілтін алған азаматтар бүгін қоныс тойын тойлап жатыр.

Подробнее...

Шошқа шаруашылықтары жаңа дерттен қауіптеніп отыр

Еліміздің шошқа шаруашылықтары көрші елден келуі мүмкін тағы бір ауруға дайындық үстінде. Африка обасы деп аталатын дерт тек талпақ танаулыларға ғана қырғидай тиеді екен. Қазір бұл ауру Қызылжар өңіріне көршілес Ресейдің Омбы облысында өршіп тұр. Ел ветеринарлары қораларадағы жұрттың малын ғана емес, ормандардағы жабайы қабандарды да бақылауға алған.

Подробнее...

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ұзартылды

«Қарапайым заттар экономикасы». Бұл бағдарламаның мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылып, кредиттеу көлемі 1 триллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Қомақты қаржының сұрауы бар екені сөзсіз. Бүгін Үкіметтің отырысында Асқар Мамин жауапты тараптарды тыңдап, тапсырмаларды орындай алмай жатқан өңірлерді сынады.

Подробнее...

Үгіт-насихат науқаны жалғасуда

10 қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мандаттан үмітті кандидаттар еліміздің жер-жерінде жақтастарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып жүр. Толығырақ келесі топтамада.

Подробнее...

Семейлік автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

Семейде автобус жүргізушілері тағы өре түрегеліп, жұмысқа шықпай қойды Қыстың көзі қырауда мінез көрсеткен олар мұндай қадамға амалсыздан бардық деп отыр. Себебі, екі айдан бері жалақы көрмей, зар илеп жүр екен. «Бала-шағымызды қайтіп бағамыз» деген жүргізушілер қала мен автопарк басшылығынан мәселені тез арада шешуді талап етті. Ал, биыл тамыз айында Еңбек кодексіне қайшы 72 факті анықталса да, олқылықтар әлі күнге …

Подробнее...

Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймақтан» шықты

Елімізде коронавирустың беті қайта бастаған сыңайлы. Солтүстік Қазақстан облысы ең қауіпті деп саналатын «қызыл» аймақтан шықты. Мұнда тек қазір бір ғана қала, Нұр-Сұлтан қалып отыр. Соған қарамастан кезекші сыныптардағы оқушылар тоқсан аяқталғанша мектепте оқи береді. Кеше Қазақстанда 747 адамнан коронавирус анықталған. Індет жұқтырғандар көрсерткіші бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейін тұрған бас қалада блок-посттар қойылмайды. Сондай — ақ мегополиске кіретін жандардан …

Подробнее...
X