0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Жаңаөзенде инкассаторларды тонаған күдіктілер ұсталды

Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасаған күдіктілердің барлығы ұсталды. Тергеу мәліметінше, үш адам бұл қылмысқа бір ай бойы тыңғылықты дайындалыпты. Олар инкассатор көлігінің бағыты мен қай уақытта қайда жүретінін білген. Содан кейін жүйелі жоспар құрып, міндеттерді өзара бөліп алыпты. Ал ұрланған ақшаны қылдай бөлісіп алыпты. Осы дерекке қатысты қазір тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еске салайық, қарақшылық шаубыл 3 желтоқсан …

Подробнее...

Қазақстандықтардың табысының жартысы тамаққа кетеді

Ел тұрғындарының тапқан-таянғаны, ішіп-жегенінен аспайды. Қазақстандықтар табысының 50 пайызға жуығын азық-түлікке жұмсайтыны зерттеу барысында анықталыпты. Бұл көрсеткіш бойынша республикамыз Еуропаның ең алпауыт елдері Ұлыбритания мен Германияның өзінне де асып кеткен. Біз тамаққа табыстың жартысын тойғаннан жұмсап жүрміз бе, әлде тонғаннан жағдайымыз осылай болып тұр ма?

Подробнее...

Пәтерлерге медбикемін деп кіріп, зейнеткерлердің ақшасын ұрлаған

Петропавлда өзін медбикемін деп танысырып, зейнеткерлердің ақшасын тартып алып жүрген алаяқтың сыбайластары іздестірілуде. Оның құрығына ілінген сегіз қарияның тек біреуі ғана қырағылық танытып, тапқан-таянғанын бермей қойған. Күдікті болса, қылмыстың бәрін жалғыз өзі жасағанын айтып, ант-су ішіп отыр. Екі айда 3 миллион теңге олжалаған келіншек бұрын дәл осындай жолмен ел астанасындағы қарттарды да алдап келген екен.

Подробнее...

Шымкент әкімдігі жаңажылдық шыршаға 35 млн теңге бөлді

Тәуелсіздік тағы да тасада қалды. Жер-жерде жаңа жылға дайындық жүріп жатыр. Әкімдіктегілер әуелі азаттық күнін атап өтіп, сосын ғана безендіруге кірісеміз дегенімен, сатып алулар сайтында тапсырыстар әлдеқашаннан тұр. Мәселен шымқалаға шырша қойып, шырайын аша түсу үшін жергілікті басшы 35 миллион теңге бөлдіріпті. Оны жеңіп алған мердігер шыршаны дайындап, әртүрлі жарықшамдарды ілуі шарт. Бірақ әкімдіктің бұл идеясы «зың» қаланың тұрғындарын қуанта …

Подробнее...

Қазандықтағы апаттан бір адам көз жұмды

Қарағанды облысындағы жылу беретін орталықта апат болып, бір адам көз жұмды. Тағы бірнеше қызметшіні күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілген. Қазір кәсіпорындағы оқыс оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтауға кіріскен.

Подробнее...

Тұрмыстық зорлық туралы заңға қарсы қол жинап жатыр

Елімізде күн сайын бір әйел күйеуінің қолынан қайтыс болады. Қоғам белсенділері елдегі тұрмыстық зорлық туралы заңды шикі әрі осал деп есептейді. Бірқатар қоғам белсендісі мен құқық қорғаушылар Президент пен Парламентке петиция жолдамақ. «Тұрмыстық зорлықты тоқтатайық!» — деп ұрандатқан наразы топ отбасылық жанжалды геноцидпен тең дәрежеде қарастыруды сұрап отыр.

Подробнее...

Үгіт-насихат науқаны қыза түсті

10 қаңтарда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр. Саяси додаға қатысатын партиялардың барлығы еліміздің түкпір-түкпірінде үгіт-насихат науқанына кірісіп кетті. Кандидаттар зауыт-фабрикалардың жұмысшыларымен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып жүр. Ал, орталық сайлау комиссиясы мәслихатқа жіберілген үміткерлердің тізімін жариялады.

Подробнее...

Маңғыстау облысында жүріп келе жатқан пойыз жарылды

Ал Маңғыстау облысында жүріп келе жатқан пойыз жарылды. Ішінде 200-ге жуық жолаушысы болған құрам Ақтөбеге бағыт алған екен. Белгісіз бір себептермен вагондардың біріндегі газ баллоны жарылған. Қазір «өрт қауіпсіздігін сақтамау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Подробнее...

«X-Factor» жобасы қыза түсті!

Елдегі ең танымал музыкалық жобаның алғашқы кезеңі мәресіне жетті. Қазылар алқасы «X-Factor»-дың жаңа жеңімпазы атанудан үмітті жүзге жуық қатысушыны таңдап алды. Алайда таланттылардың тартысты ән додасы әлі алда. Енді әділқазылар «орындықтар» кезеңіне өткен әншілерді әрі қарай іріктейді. Сөйтіп «бас жүлде» үшін тек 18 үміткер ғана таласатын болады. Яғни, әр топқа тек 6 қатысушыдан ғана өтеді.

Подробнее...
X